TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық зерттеулерге дайындау мақсатында оқыту курстарына деген психологиялық көзқарастарын анықтау диаграммасы Жаңа дәуірдің заманауи талаптары тұтас әлемдік кеңістікті өзінің кәсіби қызметіне сын көзімен қарауға және заманның талабы мен қажеттіліктеріне орай жаңғыртып, қайта құрылымдауды талап етуде. Бұл тек әлемде қалыптасқан жағдаймен ғана емес, адам өмірінің және қоғамның заманауи талабына да байланысты. Мәнін түсініп іс-әрекетті қажет ететін алғашқы заман талабы бұл оқыту мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесі. Мұғалімдер білім беру процесіне тікелей қатысатын нақты әлемнен виртуалды әлемде оқытуға көшуі қажет. Бұл мұғалім үшін оңай міндет емес, сондықтан кәсіби оқу мәселесін дұрыс және нақты ұйымдастыра білу аса маңызды.
Өмір талаптары мен міндеттерін қайта қарап жаңа арнада жалғасуда. Сондықтан назар аударуды қажет ететін екінші заман талабы балаларды оқыту және үйрету үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді және IT-дағдыларын меңгеру болып табылады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Қазақстан оқушылары TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда. Мұғалімдер үшін бағыт-бағдар болып, олардың қызметіне баға беретін үшінші заманауи талап – оқушылардың оқудағы жетістіктері цифрлық форматта тексерілетін PISA-2021 халықаралық тестілеуі.
TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау. TIMSS халықаралық зерттеуі 4 және 8 – сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төртжылдық мерзіммен (1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізілетін зерттеу. Зерттеуге 63 елден аса әлем елдері қатысады. PISA үш жылдық мерзіммен өткізілетін білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардың математикадан сауаттылығын бағалауға арналған Халықаралық зерттеу. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы. PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016) 2015 жылы Апробациялық зерттеуі, ал 2016 жылы негізгі зерттеуі өткізіледі. Зерттеу кезінде білім алушылардың білім жетістіктігімен қатар, бағдарламаға қатысатын елдердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар қарастырылады. Бұл жиынтық сұрақтар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудан бастап, отбасында баланың дамуына қажетті жағдай жасауға кешенді баға беріледі. Зерттеу нәтижелері отандық білім берудің төмендегі негізгі проблемаларын көрсетіп берген: 1.Оқушылардың түрлі мәтіндер мазмұнын түсінуі мен өзіндік ойлау қабілеттерінің жеткіліксіздігі; 2.Оқушылардың математикалық құзыреттілігін сипаттайтын тәжірибелік дағдылардың жеткіліксіздігі; 3.Күнделікті өмірдегі жағдайларды түсіндіруге арналған жаратылыстану-ғылыми түсініктерді қолдану дағдыларының, алған ақпараттарды сын тұрғысынан бағалаудың, болжамдар жасау мен өз көзқарасын негіздеу деңгейінің жеткіліксіздігі. Білім беру ұйымдарының оқу процесіндегі жоғарыдағы кемшіліктердің себептері: 1.оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жеке қызығушылықтарының жеткілікті ескерілмеуі, жеке тұлғаға бағытталған жұмыстардың кемшіліктері; 2.мұғалімдердің әлеуметтік практиканы қалыптастыратын зерттеу іс-әрекетін, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын технологияларды жақсы меңгере алмауы. Осындай халықаралық салыстырмалы зерттеулер негізінде білім беру сапасын бағалау жүйесін іске асыру бізде де кезек күттірмейтін мәселенің бірі.Сондықтан әлеуметтік даму деңгейді анықтайтын түрлі зерттеулерге қатысу өзіңді бағалаудың негізгі көзі болып табылады.
Жаңа заман талыбының міндеттерін шешу үшін дүниежүзі елдеріндегі білім беру жүйелерінің материалдары мен оқыту және оқу тәжірибесін ой елегінен өткізіп зерделеуді ұсынамыз.
Мұғалімдердің өз оқушылары үйренуі тиіс дағдыларды жетік меңгеруі керек екенін, сонымен қатар цифрлық технологиялар мен басқа да замануи технологияларды меңгеруде оқушылардан анағұрлым ілгері болуы тиіс.
Қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нəтижелері (2015 жылы: PISA – 50 – 55 орын, TIMSS – 10 – 15 орын, 2020 жылы: PISA – 40 – 50 орын, TIMSS – 10 – 12 орын, PIRLS – 10 – 15 орын). Инклюзивті білім үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі олардың жалпы санынан артады (2015 жылы – 30 %, 2020 жылы – 70 %).