Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мдшо» кмм тақырыбы: pisa халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шаралары



бет1/5
Дата31.10.2022
өлшемі19,63 Kb.
#155840
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта м-emirsaba.org


Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мдшо» кмм тақырыбы: pisa халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шаралары

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, «Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп МДШО» КММ

Тақырыбы:

PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шаралары

8-9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы жол картасы:
1.Бастапқы білімін анықтау
2.Білімдегі олқылықтарды жою жоспарын жасау
а)Сабақ барысында дамыту
б)Сабақтан тыс шараларда дамыту
3.Мектепшілік бақылау мен басшылық
а)Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жұмысын бақылау
б)Мұғалімдердің жұмысын бақылау
4.Ағымды білімін анықтау
5.Басымдықтарды айқындау
1.Жоғары ойлау дағдыларын дамыту тапсырмаларының орындалмауы
2.Көлемі үлкен мәтіндермен жұмыс жасау дағдысының жеткіліксіздігі
8-9 сыныптардың бастапқы білімін анықтау мониторингісі
Оқу сауаттылығы

Оқу сауаттылығының мазмұны: тұтас мәтінді оқып келесі сұрақтарға жауап беріңіздер
Құзырлылығы: мәтіннен ақпарат алу
Мәтін түрі: баяндау. Контекст: қоғамдық. Сұрақ үлгісі: қысқа жауапты таңдау. Күрделілігі: 1-деңгей ПЕЧЕНЬЕ
Бір бойжеткен Орталық вокзалда поезд күтті. Ол уақытты қысқарту үшін, кітап сатып алуды шешті. Кітаппен бірге ол бір бума печенье сатып алды. Сонан соң ол күту залынан өзіне, бұрыштан, онда тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды. Қасында бір ер адам газет оқып отырды. Печенье бумасы олардың арасындағы орындықта тұрды. Ол бір печенье алғанда, ер адам да бір печенье алды. Ол қатты таң қалды, бірақ ештеңе демей, кітабын оқи берді. Ішінен ол былай деп ойлады «Сене алмаймын! Мен батылдау болсам, міндетті түрде бірдеңе дейтін едім». Ол печенье алған сайын, ер адам да соны жасады. Бумада бір-ақ печенье қалғанша, бұл осылай жалғаса берді. Қыз ер адам не жасайтынын көргісі келіп, күтуді шешті. Ал ер адам соңғы печеньені алды да, оны тең бөліп, жартысын оған берді. Қайран қалған ол, кітапты сөмкесіне лақтыра салып, аулақ ұмтылды. Ол ашуын басу үшін, залдың басқа бұрышына барып отырды. Ашуы басылған соң, ол сөмкесінен кітап алмақшы болды. Ол сонда ғана өзінің ашылмаған печенье бумасы сөмкесінің түбінде жатқанын көрді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет