Қазақ рухындағы даналық
Философия - бүкіл адамзатты танудың басты жолы, ал қазақ философиясы қазақ халқын танудың бірден-бір жолы деп білеміз. Қазақ бітім болмысын адамгершілік негізін анықтаған көшпелі мәдениеттің тарихи типі.
Қазақ халқын тану үшін оның ұлтының бойына сіңген ұлы данышпан даналардың қалыптастырған ғасырдан-ғасырға ұласқан, ғасырлар бойы қазақ халқының қойнауын бойлаған даналық рухын тануға міндетті. Қазақтың даналық рухы даналық дүниетанымы басқа елдерде қайталанбайтын төл тума өнерінде мақал-мәтелінде, аңыз әңгімелерінде шешендік өнерінде, рухани құндылығында жатыр. Қазақтың кең байтақ даласы тау-тасы, топырақ жануары оның дүниетанымдық көзқарастарында ерекше орын алған. Қазақ халқының даналық дүниетанымы, қазақ өмірінің болымысымен, шаруашылық тұрмыс жағдайымен, саяси қызмет ахуалымен, халықтың бойына біткен тәлім-тәрбиесімен, халқымыздың керемет бай, әрі терең ойлы асыл қазына тілімен ұлы даналардың мұраларымен тығыз байланысты. Қазақ философиясы адамның этикалық, эстетикалық қабілетін арттыратын, қоғамда белгілі бір көзқарас қалыптастыратын, адамның санасында шөгіп жатқан құндылықтарға сәуле түсіретін қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан даналардың асыл мұрасы. Ана сүті жас баланың буыны бекіп, бұғанасы қатаюға қандай әсері зор болса, сол секілді қазақ даналығын оқу арқылы әрбір қазақ баласының азаматтық рухы көтеріледі. Қазақ даналығын оқи отырып, оның ұлтының бойына сіңген дүниетанымды тани аламыз. Бүгінгі күні өзіміз өмір -тіршілігімізде қолданылатын таным түсінігіміздің түп тамыры тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық пәлесәпамызға деген құмарлығымыз арта түседі. Көңіліміздің ақтығы, жүрегіміздің пәктігі, жанымыздың жомарттығы-табиғат ананың сыйы деп білеміз. Қазақ философиясындағы ұлттық дүниетанымындағы алғашқы көзқарастар табиғат тылсымымен тығыз байланысты болды.
Қазақтың ұлттық даналығы оның тілінде. Сөз өнері қазақ халқы үшін өнердің ең жоғарғы формасы. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастарды аңыз, жұмбақ, мақал-мәтелдерге жасырған. Қазақ философиясының философия тарихында алатын орыны зор.
Қазақ халқының дәстүрлі ілімі сонау ерте дәуірден келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болған мәдениетінде жатыр. Қазақ халқы басқа халықтардан өзгешеленетін оның қайталанбас төл тума тілінде, дінінде, мәңгі өшпес ұлы бабаларымыздың артына қалдырған дәстүрлі ілімінде жатыр. Артқы ұрпағына өлмес із қалдырған бабаларымыздың мұрасы мәңгі халық санасында жаңғырмақ. Адамзат өмірінде осы ілімнің қай қазақ баласының санасында ерекше орын алғаны бүгінгі күн дәлел болмақ. Адамзат ең бірінші өзін тану үшін ұлтын, оның бойына сіңген ғасырдан-ғасырға ұласқан дәстүрлі ілімін тану қажет. Жалпы біз өзіміздің қазақ ілімін мәңгі қастерлеп жадымызда сақтау үшін, оның дәстүрлі дүниетанымын ұмытпау қажет. Әрбір адамзат ұлттық мүддені қорғай отырып, соған сай қадам басқан жөн секілді.
Әрбір ұлттық тілі, діні, мәдениеті, салт-дәстүрі кез-келген ұлттағы өзекті мәселе болып табылмақ.
"Ел болам десең, бесігіңді түзе"-деген халық даналығы тегінен-тегін айтылмаса керек. Ұлттық өзін-өзі сақтау мәселесі де тереңдей зерттеуді талап етеді. Қоғамымыздың саяси-экономикалық даму үрдістері де осы ертеден келе жатқан ата-бабаларымыздың дүниетанымына байланысты. Кез-келген қоғамдағы басты мәселе адамға байланысты туындайды. Қазақтың дәстүрлі ілімндегі кез-келген мәселе адамға байланысты туындаған. Біз осы халық даналығын, оның дәстүрлі дүниетанымын, мәдениетін атадан балаға таза жеткізу қажет.
Қазақ қоғамында ежелден жеке адамдардың даралық қасиетін жоғары бағалаған. Кез-келген халық даналығын да, батырлар жырларында немесе халықтың мақал-мәтелдерін қарастырсақ бәрін де негізгі рөл тұлғаға беріліп, жігіттің батырлығы, дарқандығы, адамгершілігі, кісілігі, жомарттығы, т.б. асыл қасиеттер насихатталады. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты түзеу, бірлікті сақтау, адамдарды бірлікке, адамгершілікке баулу қазақ дүниетанымындағы басты мәселе. Осыны тану үшін бізде терең таным, ерекше бір даналық болуы шарт. Ең бірінші кез-келген ұлттық бойындағы асыл құндылықтар оның дәстүрлі дүниетанымында жатыр. Сондықтан біз асыл қазынамызды жоғалтпау үшін адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүре отырып, халық даналығын терең данышпандықпен толғай отырып талдауымыз шарт.
Мақалдар, ертегілер, салт-дәстүр жырлары толғамы тереңде жатқан халық даналығы. Біз осындай даналықпен сусындай отырып бүгінгі күнге аяқ басамыз. Даналардың дүниетанымын оқи отырып, бүгінді ертеңмен өлшей алмақпыз. Дәстүрлі ілмнің адамзат болашағына тигізер әсерін жоғарыда айтып өттік. Тек оны терең сауаттылық көзі арқылы сусындауымыз шарт. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымы ұрпақтан-ұрпаққа тарап болашақ ұрпаққа үлкен септігін тигізер тамыры тереңде жатқан даналық. Біз оны зерттеген сайын әртүрлі қырлары арқылы көреміз.
Ұлттық дүниетанымдағы алғашқы көзқарастар миф, аңыз, ертегі, мақал-мәтелдерінде ерекше орын алған. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамның күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болған. Күнделікті өмір тәржибесі адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы басты фактор болып табылған. Адамдар өз тіршілігіне байланысты түсініктер қалыптастырған. Тағдырды-тағдыр ететін адам демекші адамға байланысты көптеген көзқарастар қалыптастырған. Жалпы ұлттық дүниетаным сол ұлттың бойына сіңген даналық рухында және ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлы бабаларымыздың дүниетанымында. Ұлттық дүниетаным арқылы біз сол ұлттың мәдениетін, сол ұлтқа тән құндылықтарды біле аламыз. Қазақ халқы басқа халықтарға қарағанда ерекшеленетін ұлттық өзгешеліктеріміз өте көп.
Оны аңғару үшін біз ең бірінші ұлттық бойына тән қасиетті тануымыз шарт. Адамзат өмірінде бұл мәселелердің алған орыны өзгеше. Қазақ даналығын ең алғаш мифтік дүниетанымнан бастаймыз. Адамзат өмірінде де бұл мәселе-лердің күнделікті тіршілікпен біте қайнасқан ерекше дүниетанымдық маңызы бар. Себебі мифтік дүниетаным адамдардың күнделікті ойлау дәрежесіне, күнделікті білім деңгейіне айнала білді. Кез-келген мифтік дүниетаным күнделікті өмір тіршілігіне байланысты туындаған.
Алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамдардың күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болды. Кез-келген дүниетанымдық ілімдер адамдардың таным түсінігімен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасты. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастары халық даналығында көбіне біз ерте замандағы жырлардан байқаймыз. Олар табиғат тылсымын толық түсінбеген. Сондықтан алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамның табиғат тылсымының сырын ашуға бағытталған десекте қателеспейміз.
Халық даналығының жалпы қай уақытта болсын мәнін жоймайтын, артқы ұрпағына мәңгі жанына рухани азық болатын өлмес құндылық.
Бүгінгі күнге аяқ басуымыз, рухани құндылықтардың арқасы. Сондықтан әрбір адам өзінің ұлтының бойына сіңген ұлттық даналығын тереңнен толғап, оның негізінде жатқан басты міселелердің мәнін аша білу шарт.
Қазақ философиясында көшпенділер дүниетанымының да алған орны зор болды. Жалпы көшпенділер оның ішінде пайда болған қазақ деген этнонимнің өзі көп жайтты аңғартады. Көшпенділер өзі табиғаты жағынан әскери жаугершілік тұрмыспен ұқсас болып келді. Көшпелілік емін-еркін өмір сүру үлгісі. Көшпенділер үшін ар-ұят бірінші орында тұрды. Сондықтан әділдікті, адамгершілікті бірінші орынға қойды. Егер зұлымдыққа зұлымдықпен жауап берсек, нағыз зұлымдық тумай ма? Ал көшпенділер үшін бірінші орынға этикалық категорияларды қояды. Үйткені кез-келген қоғам өз дамуында жамандықты емес, жақсылықты мысалға алады. Номадтық дәстүрлі мәдениет болымыстың тылсымдық ырғақтарына мән берді. Адам дүниесін өтпелі өткінші кезең деп қарастырды. Көшпенділер дүниетанымы өзіндік ерекшелігімен айқындалмақ. Көшпенді тұрмыс адамзат дүниетанымында ерекше орын алған Көшпенділер басқа кезеңмен салыстырғанда олардың дүниетанымында дүниеге деген көзқарасы өзгеше болды. Жалпы қазақ халқының даму тарихында бұл кезеңнің орыны өзіндік көптеген өзгешелігімен айқындалмақ. Халықтың дүниеге деген көзқарасы көшпелі өмірде мүлдем басқа кезеңмен салыстыруға келмейтін өзгешеліктермен дамыды. Көшпелі өмірде адамның дүниетанымына ерекше әсер еткен ол табиғи орта болып табылды. Адам тарихи дамуында айғақ болар кезең деп те атауға болады. Халық санасында мүлдем басқа көзқарастар қалыптасты. Жалпы, адамзат өркениеттегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпелілер мекені мен жапсар өңірлерінде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқтық емес. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді. Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды. Қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі уақытты 5-ке бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Қазақтар әрбір маусымды өз ішінде 3-ке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды 12-айға бөлетін таным-түсінінікті бастау тегі аңғарылды. Көшпелілер мәдениеті өзінің 3-мың жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр шығыс елдеріне қарағанда шығармышылық эволюцияны бастан өткерді [1, 24-29].
Көшпелілік өмір салты адамзат өмірінде көптеген жайтты аңғартты. Адамзат өмірінде бұл ілімнің алған орыны зор болды. Көбіне бұл табиғат тылсымымен тығыз байланысты. Номадтық мәдениет дүниетанымында философиялық категориялардың да алған ролі зор болды.
Кеңістік, уақыт, қозғалыс, біртұтастық, синкретизм, тақуалық секілді категориялар ерекше орын алады.
Көшпелі өмір қазақ даласының дарқан, кең екенін аңғартты. Көшпелі өмір салты арқылы қазақ халқы өз даласынан ерекше әсер алды. Қазақ дүниетанымында кеңістік категориясы ерекше орын алған. Ұмай-жер ана. Түркі тұрмыс тіршілігі дүниеге деген көзқарасы мысал болмақ. Күнделікті ойлауы, өзара қатынастары, қоғамдасу формаларының қалыптасуы, кеңістік ұғымы зор болды, сол арқылы қабылдады, сипаттады түйсінді. Кеңістік ұғымы сандық өлшемге ие болды. Көшпенділер кеңістік ұғымын көш басында аңғарды. Осыдан өлшем ұғымы қалыптасты. Мысалы байлықтың өлшемі жылқының өлшемімен анықталды. Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға басылып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Күндік көш, апталық көш, қозы көш, бір көш т.б қашықтықтың өлшемдерін белгіледі.
Қазақ дүниетанымында уақыт категоиясының да алған орыны зор болды. Уақыттың шеңберінде қазақ болмысы жақсы дамыды. Уақыт болмыстың формаларымен қатар өсті. Мысалы: ерте заманна осы кезеңге дейін бір- біріне ұқсамайды, соған сәйкес кеңістік басқаша ұйымдастырылып, уақытта басқаша өтті.
Ең бірінші ру, тайпа, адам, халық қалыптасты. Бұл кезде адамдар әр түрлі толысқан деңгейге жетті. Сондықтан әрбір қоғамның өзіндік даму уақыты бар деп айтуға болады. Уақыттың кереметтілігі оның қайтіп келмейтіндігінде және оның өткіншілігінде. Уақыт тоқтаса адам өміріде тоқырайды сондықтан қазақта уақытты жоғары бағалаған. Өткен өмірі арқылы бүгінгі күнін анықтаған. Көшпенділер басқа халықтарға қарағанда уақытты ерекше таныған. Алыс көш жолдары, бай жайлау мәселелері, жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райының өзгерістері, уақытты түсінуге мәжбүр етті.Уақыт ең бірінші бағдар ауа-райы болды. Көктемгі күн мен түннің теңелуі, осының бәрі уақыттық өзгерістерді көрсетті. Аптаған ыстық, жайылымдардың күйіп кетуі, өткел бермес сең, көктемгі алғашқы балауса шөп, қардың түсуі, күнгейге көшу уақытқа тәуелді болды. Күн сәулесінің шаңырақ бойы жылжуы және уықтар ерекше бір уақыт өлшегіш сағат ретінде қызмет атқарды.
Қазақ халқының дүниені игеріп, бүгінгі күнге қол жеткізуі қозғалыс категориясын көрсетпек. Қозғалыс адамның дүниеде болу формасы, негізгі өмір сүру жолы, жалпы дүниенің негізгі болу формасын шындығы қозғалыс категоясын анықтады.
Қазақ тұрмыс-тіршілігінде табиғаттағы, қоғамдағы осы күнге дейінгі барлық өгерістер қозғалыс категориясын түгел қамтыды. Номадтық мәдениеттің сенкретизмі мұнда дүниетаным біртұтас жүйеленбеген күйде болды, ғылым да, дінде өзіндік өзгешеленбеген біртұтас жүйеде болды. Көшпелі өмір салты арқылы табиғат сырын меңгерді, алғашқы танымдық түсініктер бүгінгі күнге жетті. Бүгінгі күні өзіміз өмір -тіршілігімізде қолданатын таным түсінігіміз түп төркінінің таным түсінігі тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық ой толғауымызға, ұлттық пәлсапамызға деген құмарлығымыз арта түседі. Адамзат өмірінде бұл мәселелердің алатын орыны зор. Жалпы қазақ халқының күнделікті өмірімен біте қайнасқан.
Қазақ халқының дүниетанымы космонологиялық көқарастар ұлттық өмір салтында бейнеленеді. Қазақта бата бергенде "жұлдызың жансын" немесе бағы жанған адамды "жұлдызы жанды" деп жатады. Бұның бәрі ғарыштық дүниетаным негізінде туған. Түркілердің де дүниетанымында ерекше орын алған. Аспан (тәңір), әсіресе күн адамдарды тудырған, оларға нұр шашып, өмірді үнемі жандандырып, жайнататын күш. Одан қымбат еш нәрсе жоқ, ол және құнды деп білген. Ал жер асты қойнауы өмір дүниесі, адамдарға жат қорқынышты, көбінесе жамандық әкелетін жақ. Яғни олар үшін құндылықтың ең бастысы-Аспан, Күн. Ертедегі адамдар үйлерінің есігін үнемі шығысқа, яғни күннің туатын жағына, немесе күннің ең қуатты жағы -оңтүстікке қаратқан. Күннің шуағы оның нұры адамдарға бақыт, нұр, жақсылық әкеледі деп таныған. Күн ұясынан шығысымен адамдар ұйқыдан оянып, тіршілігін жасаған. Оның өзінде үлкен дүниетанымдық ой жатыр.
Қазіргі космологиялық моделдердің мәні зор, ол жалпы шексіз әлемді танып білудің процесіндегі маңызды қадам болып табылады. Аспан әлемі барлық жарықты таратушы, адамды қайта тудырушы ұлы күш ретінде таныған. Сондықтан қазақ дүниетанымында космологиялық түсініктердің алатын орыны зор. Өзіне жақын тартып жанындай жақсы көрген адамдарды айым, күнім деп жақын тартып жатады. Жалпы косманологиялық ілімнің адамзат өмірінде алатын орны зор. Демек біздің күнделікті тұрмыс тіршілігімізбен де бұл ілім тығыз байланысты. Бұл ілімнің философиялық тұрғыдан да алатын орыны зор болды. Бұның барлығы косманологиялық түсініктерге байланысты қалыптасты.
Қазақатың халықтық шығармаларындағы дүниетанымдық ізденістердің де қазақ философиясына қосқан үлесі зор. Көбіне халықтық шығармалар даналыққа толы болды. Ертегілердің де, мақал-мәтелдердің де философия тарихында өзіндік орын алды. Қазақтың халықтық шығармалары даналыққа толы. Оларды басты қазақтың ертегілері, мақал-мәтелдері дәстүрлі дүниетанымынан аңғарамыз. Халықтық шығармалар көбінесе күнделікті өмір тіршілігіне байланысты қалыптасты. Осыған байланысты әр түрлі дүниетанымдық көзқарастар пайда болды. Жалған дүние, пендешілік, тәуба, Алла деген секілді ұғымдар қалыптасты.
Бұл өмірдің өткіншілігін бүгін бар дүниенің ертең жоқ екендігін жалған дүние ұғымы түсіндірді. Бірақ адам өмірді жалған деп жатсынбай, керсінше оған құмар болуы шарт. Пендешілік әр адам өз табиғатынан тыс әрекетке салыну (ішсем,жесем,байсам) деп аяқ басуы. Тәуба әр адам иманға келу, өзін-өзі тежеу, тоқтауға салыну. Тәубасыз болу шайтанға ғана жарасады. Рухтың қалыптасуына ең алғашқы мифологиялық ертегілердіңде өзіндік ролі зор болды. Бір бай өлейін деп жатып баласына өсиет айтады. Балам әр қаладан үй сал, апта сайын қыз ал, не жесең де бал же деп өсиет етеді. Баласы әр қаладан үй салады, апта сайын қыз алады, не жесем де бал жеймін деп ең соңында кедейлікке душар болады.
Ақырында бір қарт адамға жолығып әрбір қаладан үй сал дегеніміз, әр қалада өз үйіңдей үйің болсын деген сөз. Апта сайын қыз ал дегеніміз сен алған жолдасыңды жаңа ғана алғандай көрсең өмір бақи сыйлап өтесің деген мағынада деп таныған екен. Ал не жесең де, бал же дегені өзіңнің адал еңбегіңмен же, сонда ол бойыңа балдай сіңеді деген мағынада айтылған екен. Өмірде еш нәрсе адамға дәлме-дәл күйінде айтылмайды. Сондықтан біз кейде шатысып жатамыз. Өмірдің өткелінің қайда екенін білмей аяғымызды шалыс басатын себебіміз сондықтан.
Қожанасыр ілімін көбіне біз жай ысқақ ретінде көреміз. Шындығында онда да үлкен философиялық ой жатыр.
Мысалы: Қожанасыр қаншама жыл намаз оқып, Аллаға құлшылық етіпті. Олар кедей болған екен. Бір күні оған жұбайы ұрысып, сенің намаз оқып, Аллаға табынғаның қайда, бізге Алланың бергені қайсысы-деп ұрысады. Қожанасыр үйінен шығып, үйін шатырлап жатқан бір адамның жанына келіп Аллаға жалбарынады.
Ей,Алла маған бере көр,- деп. Сонда үйін шатырлап жатқан адам оған ақша береді. Қожанасыр риза болып үйіне қайтады. Екі-үш күн өткеннен кейін Қожанасырдан қайта ақшасын сұрап келеді. Сонда Қожанасыр тұрып мен сенен сұрадым ба? Мен Алладан сұрадым. Алла сенің қолың арқылы маған берді -деп жауап береді. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінде де үлкен философиялық мәселелер жатыр.
"Сусыз жерде қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ". Бұл мақал да халық даналығынан туындаған. Расында сусыз жерге қамыс өспейді, азған адам на-мыстың не екенін білмейді. Азған деген сөзді бұл жерде адамның намысын ояатардай, адамға жанына түрткі боларлықтай сөз. Қазақ халқы дана, әсіресе ешбір халықтың тіліне аударылмайтындай, өзіміздің ұлтымызға ғана тән халық даналығында кейбір сөздер бар. Көбіне сол сөздерді біз мақал-мәтелдерде кездестіреміз. "Бидай сен қашқанмен қайда барасың, сенің ор-ның диірмен". Адамның тағдырында біз түрлі жазымыш заңдылықтарын көреміз. Кейбір кезде біз қанша бұрмаласақта бұрмалауға келмейтін тағдыр бар. Жазмыштың жазған жазуы бар. Адамның басына жазған жазымышы бар. Сол жазымыштан ешкім қашып құтыла алмайды, бас тарта алмайды. Халықтық дүниетанымда ерекше көзқарастар түсініктер қалыптасты.
Ақтүйенің қарыны жарылды-деген секілді. "Алла жарылқады" ісіміз оңға басты деген мағынада айтылған сөз. "Жақсының жақсылығы жақынына білінбес, шамның жарығы түбіне түспес" -деген секілді. Туысыңа істеген жақсылық ол саған бір міндет секілді болып көрінеді, ал оған сен қанша жақ-сылық жасасаң да білінбейді. Қазақтың даналығы осы емеспе. Тіпті өзіңді өзгедей сезінуге, туыстықққа бірлікке шақырады. Сен өзіңнің туған туыстарыңа ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүр деп біледі.
Оны мына сөзден аңғарамыз. "Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі". Расында жақсылыққа жақсылық істеу кез-келген адамның парызы. Ал жамандыққа жақсылық істеу, кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Осыған байланысты "өзінің көзіндегі бөренедей затты көрмей біреудің көзіндегі қылтанаққа көзі түсті"-деген халық даналық сөзі бар. Кейбір адамдар кейде өзінің кім екенін білмей басқа біреуге ақыл айтып, басқаны сынап жатады. Сондықтан адам ең бірінші өзінің кім екенін тануы шарт. Содан кейін барып қана әрекет ете білу керек. Бір адам бір адамның айнасы деген сөз тегін айтылмаса керек.Адамзат өмірінде аса маңызды өзіндік өзгешелігімен анықталатын қазақ философиясында бұл категориялардың алатын орны ерекше.
Қазақ халқының шығармалары дүниетанымдық, даналық мәселелерге толы.
Бір күні бір адам кедей болады. Ол жол бойында келе жатып ей құдай-ай мені соншама бейшара қылып жараттың ғой деп қатты налыпты. Жүріп келе жатып қатты ренжіпті. Аяғына киіп жүрген кебісіде жыртылып қалыпты. Ең құрмаса маған аяағыма киетін кебісімді де түзу қылып бермеді деп айқайға басып келе жатады. Сөйтіп ұзақ жол жүріп келе жатса жол бойында аяғы жоқ адамды көріпті. Сөйтіп ол өз тәубасына келеді. Тәуба мен аяғыма киетін кебіс үшін жылап жүрсем, оның кебіс киетін аяғыда жоқ екен ғой деп. Міне халық даналығы. Мақал-мәтелдер, ертегілер, халықтық шығармалар данышпандықтың сүзгісінен өткен, ертелі-кеш өз мағынасын жоғалтпайтын халық даналығы. Ұлтының санасында мәңгі жаңғырмақ.
Қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуы оның даналық дүниетанымының қалыптасыуның ең басты жолы. Халық санасында ерекше орын алған мәселелер оның күнделікті өмір тіршілігіне байланысты туындады. Халық санасына оның тереңінде шөгіп жатқан құндылықтарға сәуле түсірген ол ғылым-білім болды. Халықтық дүниетанымының қалыптасуы күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болды. Көптеген ұлттық даналықтың қалыптасуына әсер еткен ол күнделікті өмір әрекеті. Адам жалпы өз тағдырын жасаушы өмірдің негізін құрушы басты себепші, өзгертуші пенде болса, оның өмірінде ерекше оын алған құндылық оның ұлттық санасы.
Жалпы қазақ халқының дүниетанымында ұлттық ілімнің идеялары басым.
Жалпы адамды өзге тіршілік иелерінен өзгешелендіретін оның ұлттық санасы. Қазақ халқының ұлттық санасы өте биік, ұлттық сананың өзіндік ерекшелігі басым екенін анық дәлелдей аламыз. Біз оны ұлы даналарымыздың дүниетанымынан және жыраулар ілімінен аңғара аламыз. Халық дүниетанымындағы ұлттық рухтың биіктігі, ол біздің ұлттық санамыздың жемісі. Сондықтан халық санасының қалыптасуы өзіндік қайталанбас әртүрлі кезеңдерден өтті.
Қазақ философиясына жыраулар дүниетанымының да қосқан улесі зор. Жыраулар шығармаларындағы философиялық мәселелердің адамзат өміріндегі алған орны да ерекше. Жыраулар шығармаларындағы дүниетанымдық мәселелер және философиялық категорияларға толы болды. Қазақ философиясында ерекше бір потриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, эндогендік идеялар, осы жыраулар поэзиясынан басталады. Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтардың арасында ақын-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алды. Қазақ халқының даналық рухының дүниетанымында "Ерлік", "Еркіндік", "Адамгершілік" рухының көрнісі қалыптасқан.
Жыраулар өздерін толғандырған мәңгі философиялық мәселелерді өз шығармаларында бейнелей отырып орасан зор күш жігерді қорытты. Халық даналығының қайнар бұлағын суарып отырды. Қазақ даналығына өзіндік үлесін қосқан ол жыраулар поэзиясы. Жыраулар ілімінің жалпы адамзат өміріндегі орыны зор болды. Олар халық санасында жатқан құндылықтарға сәуле түсірді. Жалпы адамзат өміріндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Адамзат өміріндегі еркіндік, бостандық, азаттық рухын аңсаған осы жыраулар ілімі екен.
Жыраулар дүниетанымында философилық категориялардың да алған орыны зор болды. Жыраулар шығармаларында сана, ұлттық сана, қоғамдық сана, өзіндік сана, таным, намыс категоиялары ерекше орын алды. Сол замандағы ойшылдардың дүниетанымында ұлттық санасы жоғары болған.
"Ереулі найза қолға алып,
Ажалымыз қайдан дүр"-деп жырлай отырып жауға қарсы тұрған [2, 33-39].
Ұлтарақтай жерін қасық қаны тамғанша, ұлтқа деген сүйіспеншілік, ұлттық намыстың биіктігімен және ұлттық рухтың арқасында қазақтың кең байтақ даласын сақтап қалған. Бұған әсер еткен қазақ ұлтының санасының биіктігімен, даналық рухының биіктігінде. Жыраулар қай уақытта болмасын қарапайым халықтың басына күн туған кезде, тілмен тосқауыл бола білген. Толғаулары ерлік пен еркіндікті дәріптей берген. Әлбетте қолына найза ұстап ауыл арасында аттандап жүрген екі кісінің бірі батыр саналмайды, ол үшін жүректің түктілігі, білектің мықтылығы жеткіліксіз соны бір тани алатын ерекше таным қажет. Ол үшін адамда ерекше рухани құндылық қажет. Кеменгерліктің кемелі Геродот "адамдарда баяғыдан келе жатқан кеменгерлердің тамаша нақыл сөздері бар, біз олардан үйренуіміз керек"-деген екен. Ендеше біз Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Доспанбет жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Шал ақын және т.б сипатты сөз зергерлерінің ұлы мүдделерін зердемізде ұстауымыз қажет.
Бізге қазақ халқына тәуелсіз елімізге бостандықпен еркіндік оңай жолмен келген жоқ, егерде сол кезде өзі дана, өзі батыр жыраулар болмағанда біз әлі күнге дейін құлдық дәрежеде болуымыз мүмкін еді.
Сол кездегі ұлттық сана, ұлттық дүниетанымның мықтылығының нәтижесінде осы күнге қадам бастық.
Жыраулардың дүниетанымындағы басты мәселе халқының санасын оятып елдің ұлттық рухын биікке көтеруді талап етті. Қазақ философиясының философия тарихында алған оыны зор. Адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бәрін анықтай білген. Әрбір қазақ баласы ұлтының кім екенін білу үшін, оның ұлтына тән фәлсәфәсін білуі шарт деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әлімбаев М. Халық- ғажап тәлімгер.-Алматы.-Рауан, 1994. 24-29-б.
2. Алдаспан: XV-XVIII ғғ. Қазақ ақын, жырауларының шығармалар жинағы / Құрастырған.М.Мағауин- Алматы: Жазушы, 1971. 33-39-б.
Редакцияға 12.02.2008 қабылданды
Д.М. Токпаева
Достарыңызбен бөлісу: |