Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың


Ата-аналармен жұмыс келесі кезеңдерді ұстана отырып, құрылуы тиіс



бет4/13
Дата19.12.2021
өлшемі81,45 Kb.
#103249
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
0015708a-99bffd3c

Ата-аналармен жұмыс келесі кезеңдерді ұстана отырып, құрылуы тиіс:

-ата-аналармен жұмыстың мазмұнын және түрлерін ойластыру, олардың қажеттіліктерін зерделеу мақсатында жедел-сауалнама жүргізу, алынған мәліметтерді әрі қарай жұмыста қолдану;

-тәрбиешілер мен ата-аналар арасында келешекте іскерлік ынтымақтастықты қалыптастыруда мейірімділік қарым-қатынасты орнату, ата-аналарды олармен өткізілетін жұмысқа қызықтыру, оларда балалардың жағымды бейнесін қалыптастыру;

-ата-аналарда өз баласының неғұрлым толық бейнесін қалыптастыру және олар үшін күтпеген және қызықты болып табылатын, отбасында алуға мүмкін емес білімдерді, ақпараттарды хабарлама арқылы дұрыс қабылдау. Бұл баланың құрдастарымен қарым-қатынас ерекшеліктері, оның еңбекке қатынасы, өнімді іс-әрекет түрлеріндегі жетістіктері туралы ақпарат болуы мүмкін;

-бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен танысу кезеңінде тәрбиешілер ата-аналармен белсенді диалог жүргізеді, мұнда баланың жағымсыз мінез-құлықтары,қорқынышы, қиындықтары туралы айтылады;

-ересектермен бірлескен зерттеу және баланың тұлғасын қалыптастыру кезеңінде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және ынтымақтастықтың түрлері таңдалады.

Қазіргі уақытта барлық жас топтарында ата-аналарды педагогикалық ағартудың әртүрлі әдістері мен түрлері қолданылады:


  • көрнекі насихаттау;

  • on-lain бақылаулар;

  • отбасына бару;

  • консультациялықпункттер;

  • ата-аналар жиналысы;

  • әңгімелесулер мен кеңестер;

  • ата-аналар конференциясы;

  • ауызша журналдар;

  • сауалнама;

  • ашық есік күндері;

  • дөңгелек үстелдер;

  • бірлескен сауық-кештер;

  • іскерлік ойындарды ұйымдастыру және т.б.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс тәсілдері әралуан: бейнелі сөз, тәрбиелік жұмысты көрсету. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жеке және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.

Ата-аналармен жұмыстың ұжымдық түрлері- ата-аналар жиналысы, шағын-жиналыстар, педагогикалық консилиумдер, ата-аналар конференциясы, тренингтер, сұрақ - жауап кешісайыстары, «Ата-аналар университеті».

Отбасы мен балабақшаның өзара әрекеттестігінің маңызды формасының бірі әр ата-анамен жеке жұмыс болып табылады- бұл тәрбиешінің ата-аналармен әңгімелесуі, отбасына бару, кеңестер, жеке блокноттар. Мұндай жұмыстың тиімділігі отбасының ерекшелігін зерделеу, ата-аналармен әңгімелесу, ата-аналардың балаларымен топтағы және үйдегі қарым-қатынасын бақылау, тәрбиешілердің баламен бірлескен өзара әрекетінің нақты жолдарын көрсетуі болып табылады..

Тәрбиешінің ата-аналармен өзара әрекетінің маңызды рөлін көрнекі насихаттау алады- бұл ата-аналарға арналған бұрыштар, көрмелер, ақпараттық парақшалар, on-lain бақылаулар, ата-аналарға арналған жаднамалар, ақпараттық жылжымалы-папкалар.

Көрнекі құралдарды мақсатты және жүйелі қолдану ата-аналарды балабақшадағы тәрбие әдістерімен, мазмұнымен, міндеттерімен таныстыруда, баланы тәрбиелеу мен оқытуда отбасына практикалық көмек көрсетуге ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет