Ќ азаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет16/20
Дата06.02.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37604
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Белгілері. Күйіктің үш дәрежесі болады. Бірінші дәрежелі күйік болса, мал катты ауырсынады, күйген,жердің терісі қызарады және іседі. Екінші дәрежелі күйік болса, бірінші дәрежелі күйік белгісі айқындала туседі, оған қоса күйген жер іседі, күлбірейді, ішіне ірінді жалкаяк толады. Күйіктің үшінші дәрежесінде түйіршікті өлі ет, кабыршак паида болады, тері жиырылады, оның серпімділік касиеті жойылады және эпидермис ойылып түседі.
Денесінің едәуір жері куйсе, малдың тамыр соғуы мен тыныс алуы жиілейді, дене кызуы алғашкы кезде төмендеп, кейіннен біршама көтеріледі, мал еліреді кейіннен мең-зен болады, каннын кысымы өзгереді. Организм кызметінің жалпы бұзылу сипаты денесінің күйген жерінің көлеміне байланысты болады. Денесі аумзғынын */з бөлігі, ал жылкының '/з бөлігі күйсе, малдын жалпы күйі нашарлайды, көбіне өліп кетеді.
Емі. Емдеу естен тануын болдырмауға және организмнің ылғалдылығынын, кемуіне, канның койылыауына, уланбауына бағытталуы керек. Бірінші дәрежелі күйік кезінде қорғасын, буров суйығының 2—3 проценттік ерітіндісі, әк линименті сіңірілген дәке шүберек басады және тальк, бор, көмір, мырыш тотыгы ұнтақтары, крахмал себіледі.
Екінші және үшінші дәрежелі күйік кезінде малды аурудан сактау максатымен бұлшык етке новокаинға ертілген антибиотиктер жіберіледі. Тканнің закымданған жерлеріне бензин және формалинның 1 проценттік ерітіндісімен араластырылған денатурат спирт жағады да, мүсәтір" спиртінің 0,5 проценттік ерітіндісіне малынған мактамен ептеп тазартады. Пайда болған күлбіректі, асептика шараларын сақтай отырып, теседі не кеседі, күлдірек шықкан теріні кесіп тастайды. Содан кейін нлік заттар (таңғ 5 проценттік спирт-тегі ерітіндісі, калий перманганатыныц 5 проценттік ерітіндісі пиоктаннын 1 проценттік ерітіндісі) колданылады. Венаға маллың 1 кг салмағына 1 мг есе-бінен новокаиннын 0,25—0.5 проценттік ерітіндісін жібереді, көп мөлшер-де қан кұяды, ацидоз білінсе 400—600 мл натрий гидрокарбонатынын 5 проценттік ерітіндісін қолданады. Жылкы мен ірі караға күн сайын физиологиялық ерітінді, глюкозаның 30 проценттік ерітіндісін жібереді, суды керегінше береді.
Химнялык күйік. Бүл күйік тканьге азот, кукірт, карбол, сірке және сүт кышкылдарынын. тиюінен болады. Кышқылдар белокты ұйытып-бұзады, тканьнің суын бойына тартып алады және тығыз қабыршық түзеді. Күйдіргіш сілтілер (күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, амиак) тиіп күйгенде ткань белоктары ұйып-бұзылмайды, сондықтан күйгенде пайда болатын кабыршақ борпылдак болады және тереңде жатады.
Емі. Кышкылдар тиіп күйгенде закымданған жерді суды көп жіберіп жуады, содан кейім кышкыл көмір қышқыл соданың 10 проценттік ерітіндісін қуяды. Сілті тиіп күйгенде закымданған жерге сірке, лимон, не шарап қышқылдарының 2—3 проценттік ерітіндісін кұяды. Бұдан кейінгісі термиялык күйік кезіндегідей.
Үсік. Көбінесе бұқа мен айғырдың ұмасы мен жыныс мүшесі, кейде аяктарының сырты, еріндері, мұрын мен кұлақ ұштары үседі, сиырдың емшегі, мен кұстарының айдары, алкасы, аяқтары үседі.
Белгілері. Үсіктің үш түрі болады. Бірінші дәрежелі үсікте кан тамырлары кенет рефлекторлы түйіледі, тері бозарады және ол сезгіштік кабілетінен айрылады. Суық әсер токтағаннан кейін тері қызарады. тері ісініп, жалқаяк жина-лады және тері бүріседі. Үсікгің екінші дэрежесінде күлбірек пайда болып, оған серозды-қанды жалқаяқ толады, бұл қан тзмырларынын күшті закым-даііганыіі көрсетеді. Үшінші дәрежесінде дененің сырт жағынан бастап терең қабатқа дейін ткань бірте-бірте өледі және олар сезу қабілетінен айрылады (ылғалды гангренаның белгісі).
Емі. Үсіген органды біртіндеп жылытады. Бұл үшін оның бензинге, спиртке не мүсәтр спнртініц 5 проценттік ерітіндісіне малынған дәкемен сүртеді, уқа-лайды, содан кейін органды суға батырып, судың температурасын үй жылуы-ная мал денесі жылуыиа дейін бірте-бірте көтереді. Судың жылуын әр 5 ми-нуттан кейін жылы су кұйып 2—3 градуска көтеру керек. Жылытылған орган-ға йод-глицернн (1:4) не спиртке ерітіл.ген 5 процеяттік танин қосылған каыфара майын жағады. УВЧ-емін қолдану керек. Ылғалды гангрена болса, операция жасалады.
Термикалық күиіктердің жазылу ерекшелігі( сәуле жағдайында) күйіктің сәуле әсерінен болуы, бастапқы кезең мен жасырын кезеннің арасы қысқарады, шоқтың дамуы және малдың өлі саны көбейеді . Иттерге жасалған зертеу бойынша ағзаның 20% күигенде 12% өлім болған , ал күйікпен сәулеленуді қосқанда өлім 75%-ке дейін көтерілген . Бұл эксперимент нәтижесін қөптеген зертеушілер басқада малдарға жасап дәлелдеген .Мал жағдайының күрт төмендеуі сәулелену ауруы мен термикалық күйіктердің патогенезі болады. Кейбір авторлардың (Н.А Федоров ,С.В Скуркович және басқалары) аитуынша , күйікті-сәулелі жарақат малды жаңа ауру тудрады, ол күйіктіңде де , сәулеленудің де бағытымен дамиды .Осыдан күйік тудратын интаксикация кемік майының регенеративті қасиетін бұзады, сондықтан ол иондаушы факторға сезімтал келеді.
Радияциялық зақымдалудың жеңіл, басталуы және жасырын кезеңдерінде, күйіктер кәдімгі күйіктерден ерекшелігі жоқ . Жасырын кезең аяғында және нағыз сәулелену ауруының кезінде қабыну реакциясы күрт төмендейді қабышақтануы тоқтайды (10-15 күнге дейін) , қанталаудың болуы , гранулденген ұлпаның еруі және эпителизацияның тоқтауы немесе мүлде болмауы .Сәулелену ауруы дамитын болса грнуляция лизиске ұшырайды. Күйік беті инфекциямен қиындайды және септицемия да қоса келеді.
Сонымен сәулелі – күйік жараларында қорғаныс реакциялары тез арада қажиды.Осы себептен күйікті – сәуле ауруы өте күрделі өтеді және өлім саны жоғары.
Күйік бетінің РЗ-мен ластануының бірден бір себебі ,ол некроз көлемінің ұлғаюы. Бұл регенерация процесін тоқтатады, күйікті ауырлатады.
Емдеу Күйікпен сәулелену ауруына комплексті түрде ем қолданады . Хирургиялық емдеуді ( некрэктомия, теріні көметтеу және басқалары) аурудың бастапқы және жасырын кезеңдерінде жасайды .Жалпы және жергілікті емдеу термикалық күйіктегі емді қолданады ,шокқа қарсы емге аса көп көңіл бөледі .Сонымен қатар хирургиялық өндеуге , қанталаумен күресуге , регенеративті процестерді стимулдеуге көңіл аударады. РЗ-мен ластанған жараларға хирургиялық өндеуді тез арада жүргізу керек.

Дәріс 7. ТЕРІ АУРУЛАРЫ
Терінің іріңді аурулары. (пиодермиттар)
Фолликулиттер.
Фурункул.
Карбункул.
Дерматиттер
Терінің іріңді аурулары ( пиодермит ) –терінің экзогенді микроптарға, ең таралған реакциясы. Бұның себебі, тері жабынына сары, ақ және лимонды-сары стафилококтардың енуі. Итермееу себебі-ішкі және сыртқы факторлардың теріс болуы: терінің кірлеуі, механикалық зақымдану, жалпы және жергілікті имунитеттің төмендеуі, трофикалық бұзылу, зат алмасудың бұзылуы, эндокринді зақымдану және аутоинтаксикация ішкі мүшелердің бөлу функциясының дефицитінде.
Фоликулит (folliculitis). Жүн аиналасындағы іріңді қабыну процесінің себептері, ол механикалық зақымдалу ( теріні үйкелеу ) және түк фолликулының сағасына инфекцияның қоздырғышын енгізу. Итермелеу себебі тері жабынының мацерациясы болады .
Клиникалық белгілері. Теріде түк маңайында кішкентаи түйнек қалыптасады, ол 3-5 күн ішінде пустулаға айналады. Ол ақ –сары іріңді болады. Бұл түиін ортасы түк болады, аиналасында қызарған сүрмелеу пайда болады. Пустуланы ашып немесе тескенде іріңді зат бөлінеді. Түбі ашық-қызыл грануляциямен жабылған . Пустула аимағында қабықша кеуіп түседі ,оның астына жаңа мүиізді қабат қалыптасады. Клиникалық белгілері аз түкті теріде жақсы көрініп ал қалың түкті малдарда білінбей қалады.
Емдеу. Басында себебін жояды және түкті жабынын алады (қырқиды). Зақымдалған жерді 70% иодты немесе 2% камфорлы спиртпен өңдейді. Пустуланы инемен ашып ,жаиғана тампондайды да пустулды дефекты жағады. 2%-ті формалинді спирт ерітіндісімен, брилиантты (малометті) жасылға, пиоктанин немесе метилді көгімен.
Фурункул-(Furunkulus)-Түк қабының тері безінің және дәнекер ұлпасының жіті іріңді – некротикалық қабынуы. Оны шиқан деп атаиды. Фурункулдардың дене бойымен орналасуы – фурункулез деп аталады. Соңғысы жіті, көбінесе созылмалы, жиі рецедивті түрде өтеді.
Этиологиясы. Фурункулдың пайда болуы фолликуттың басы. Бұл жағдай, пустула өз бетімен жарылмай, инфекция түк түбіне , яғни түк қабына және тері безіне енгенде болады.
Фурункулдың негізгі себебі- эпидермис бүтіндігі бұзылып стаффилакок инцекциясы енгенде, итермелі себебі – лас жерде ұсталуы, экзогенді факторлардың терідегі мацерациясы, органикалық және органикалық емес заттармен және тері және сөл бездерінің секреторлы функциясының бұзылуы, ағзаның тонуы, зат алмасуының бұзылуы, гиповитаминоз, жүдеу, терінің трофикалық және бариерлік функциясының төмендеуі.Жалғыз фурункулдың рецедивті болып стафилакок инфекциясының теріге сенсебилизацияболып түсіндіріледі.
Патогенез. Фурункул фолликулиттан (остеофаликулит) немесе өз бетімен дамиды. Стафилакок инфекциясын енгізген аимақта , Шектелген ашық 000 торша инфилтрациясы паида болады. Түкті фоликула аймағында жиналған стацилакок, оның және қасындағы дәнекер ұлпаның өлеттенуіне әкеледі. Ол “өлі өзек”пайда болдырады, ортасында түк, жан- жағында өлі леикоциттер мен стафилакоктар жиналады.Пайда болған фурункул үстіге қарай томпаяды, тері тығыз болып келеді, сәл ғана тиген қатты ауырсыну туғызады, кейін піскен кезінде ауырсыну қалыпты болады, жалпы дене температурасы көтеріледі.
3-4-ші тәулікте “өлі өзек” маңайында іріңді деморкациялық қабыну дамиды, ол ақырындап секвестрацияға ұшырайды, Конус тәрізді тығыз төмпекше үстінде сары дақ паида болады (инфилтрация сатысы) , кейін секвестрация және іріңді балқу “өзектің” ( абсцедерация сатысы) , бұл дақ кішкене ұлғаяды және томпаяды, флюктуация паида болады (фурункулдардың піскен сатысы) .содан кейін эпидермис жарылады, фурункул ашылады, және жасыл түсті өзек көрінеді. Келесі күндері ірің ағады, тромбталған тамырлар бұзылады, ірің қанмен бірге секвестірленген “өлі өзек” те бөлінеді (өзін өзі тазарту сатысы ), терең кратер. әлсіз қан ағатын жара пайда болады.
Қабыну процесі ақырындап тоқтайды, инфилтрат сорылады. Жарақат түбі ашық-қызғылт немесе қызыл түсті грануляциямен жабылады. Гранулды бариер пайда болады. Келесі 3-4 күн ішінде жарақат дефекті толық тыртықтанып бітеді.
Кей кездерде фурункул лимфангит, лимфонодулит немесе іріңдітромбофлебит тудрады. Егер процес ерін маңайында немесе бастың басқа бөліктерінде пайда болатын болса, бұл фурункулдар бастың венозды жүйесіне байланысты (бет веналары ми қабатынан қаттысинусының венозымен және үлкен ми веналарымен байланысқан) болғандықтан инфекция генерализациясы менингит пен сепсиске әкеледі.
Клиникалық белгілері.Фурункулдың басты сатысын , түк жабыны мен тері пигменттерінің болуынан, анықтау қйын . Мұқиат тексеруде ауырсыну, конусты, жаңғақ мөлшеріндеи тығыз консистенциялы кішкентай ісік табуға болады . Пигменттелмеген тері қызыл немесе қан –қызыл түсті. Ісік ортасында сары немесе жасыл-сары түсті дақ (пустула) көруге болады.
Пісіп-жетілген фурункулда ауырсыну азаяды және ортасында флюктурлы іріңдік болады. Фурункулды басқанда жарылып, ақ –жасыл ірің ағады. Кешірек уақытта фурункул орнында іріңді-түтікті тығын көруге болады, немесе өзекті бөлгеннен кейін кратертәрізді қуыс, жара түрінде: ол қызғылт түсті біркелкі түйіршікті және іріңді эксудаттың қатып қалғанын көруге болады.
Көлемді зақымдануда клиникалық белгілерін анықтауда фурункулдар әртүрлі сатыларда дамиды. Біреуі даму сатысында , екіншісі жарылып жатады, үшіншісі жарылып болып және гранулды ұлпамен толады, төртіншісі тыртықтанып бітеді.
Диагноз. Клиникалық белгілері бойынша қояды. Лимфонгиттің болуы мүмкін емес, өйткені ондда түйіндер, кейінірек ішкентай обцестер және жараларда ауырсыну болмайды. Олар лимфа тамырларымен бірқатар дұрыс орналасады, іріңде криптоктарды табады.
Емдеу. Емдеу кезінде даму сатысын; зақымдану дәрежесін және малдың жалпы жағдайын анықтайды. Әсер ететін және итермелеуші факторларды жойып, жергілікті немесе жалпы ем қолдану керек.
Ең басында теріні жуады, зақымдалған аймақты 2% салицил немесе камфорлы спиртпен, 70%-ті йодты спирт немесе 2%-ті брилиант көгінің ерітіндісімен сүртеді. Таза ихтиолды сырттаи қолданғанда немесеқұрғақ жылу (грелка, соллюкс шамы, Минина, ПРК) өте жақсы нәтиже береді.
Ісіну және инфилтрация сатысында қысқа новакаинды-антибиотикты блокада жасайды. Олтолықтай іріңді жіті қабыну процесін тоқтатады немесе емнің дұрыс жүруіне жағдай дасайды. Осындай нәтижені новакайн және антибиотик ионофорезінде алуға болады. Бұл жағдайда спиртті кептіргіш танғыш қолданған жөн.
Піскен фурункулды, деморкациялық бариерді зақымдамай (кратер тәрізді қуыстың қабырғасын, тура немесе крест тәрізді кесіп ашады. Іріңді алып, тампондағаннан кейін, фурункул аимағын спиртті ерітіндімен немесе антисептикалық майлармен және эмулссияменөңдейді(синтомицинді эмулссия, оимақ гүл бар ксерофорлы маи, нафталиндінемесе Вишневский майы). Егер ашқаннан кейін “өлі өзек” бөлінбесе, онда фурункул аймағына салфетка салады, ол5-10% -ті ас тұзы немесе басқа орташа тұздармен суланған болу керек , Даму сатысында ылғалды жылы компресс қолдануға, дөңгелетіп таңғыш салуға, іріңді сығып немесе ашуға болмайды. Бұл микро арганизмдердің диссиминациясынаәкеледі және де инфекциялық генерилизация қауіпін төндіреді. Гранулдық барьиердің бұзылу себебін инфекция қанға немесе лимфа тамырына өту қаупі болады.
Жалпы емдеуге жалпы бекітуші және антибиотико -сулфаниламидтты терапияны 6-10 күндей қолданады. Күнделікті күре тамырға утропин ерітіндісін глюкоза және аскорбин қышқылымен қосып енгізеді( іқ-га 16г утрапин,глюкоза 20%-200ml , аскарбин қышқылы 1г) және малды толық, дұрыс азықтандру.Қосымша к\т аураларында ( созылмалы гастрит;гастроэнтерт, бауыр және бүйрек аурулары ) симптоматикалық терапия қолданған жөн. Сонымен қатар малдарға санитарлы-гигиеналық жағдай жасалады.
Карбункул. (Carbunculus). Жақын орналасқан бірнеше түк қабының іріңді жіті қабынуы. Сонымен қатар сөл бездері мен айналасындағы дәнекер ұлпаның көлемді тері мен тері асты клечатканың некрозы болады.

Дәріс 8. СҮЙЕК АУРУЛАРЫ


Периоститтер
Оститтер
Сүйек сынықтар
Сүйек аурулары өте жиі кездесетін аурулар. Олардың негізгі себептері ашық - жабық механикалық зақымдалулар, сүйекке жақын орналасып сүйек қабынының, компакты сүйек бөлігінде, эндоста немесе сүйек майында патологиялық үрдісін дамытатын жіті іріңді қабыну үрдістері. Механикалық зақымдаушы күш сүйектің сынуна әкеліп соғады. Малды дұрыс пайдаланбаса, күтімі нашар болса, азықтану дұрыс болмаса ақуыз – витаминді - минералды заттардың бұзылуынан сүйек аурулары пайда болады.
Сүйек жүйесі гиподинамия бірден бір әсер етуші жүйе. Сүйек ұлпасының гомеостазын қалыпта ұстау үшін эндокринді бездер функционалды қалпына әсерін тигізеді (қалқанша маңы, қалқанша безі, аналық, аталық бездер бүйек үсті безі)
Сүйек ауруларының ішінде периоститтер, оститтер, остеомилиттер кездеседі.
Периоститтер жалпы ұсатылып немёсе жарықшақталып сынады. Мертігу өз-өзінен жаракаттану салдарынан, сүйектін жарықшактануы себепті және сүйектің жүмсаруынан пайда болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет