Бамбук егеуқұйрық тұқымдасы.
Сипаттамасы: денесі көлемді, басы домалақ, көздерік кішкентай, құлақ қалқаны жетілмеген жүні әр түрлі құрылымды.
Таралуы. Африка, Үндістан, Қытай және т.б. жерлерде.
Көбеюі және өсіп дамуы, буаз болу мерзімі 21 тәулік, аналық 3-5 бала туады.
Көртышқандар тұқымдасы.
Сипаттамасы жер астында өмір сүруге бейім. Дене мөлшері орташа, ұзындығы 20-30 см. Құйрығы сыртқа шықпайды. Құлақ қалқаны жоқ. Басы үлкен. Жүні ұзын емес, бірақ қалың. Аяғы қысқа, білегі мен табаны жалпақ. Топырақ қазудағы басты мүшесі аяғы емес күрек тістері.
Таралуы: Африка, Азия, Таяу Шығыс елдерінде Песчанковые сыртқы келбеті жағынан көртышқандарға немесе тышқандарға ұқсайды. 102 түрі белгілі, олар 13 топқа топтастырылған. Ергежейлі, қызыл құйрықты т.б. түрлерін ажыратады.
Дене ұзындығы 10 см дейін, құйрығы 12 см-дей, ұшында сыпыртқы басы сияқтысы бар. Жалпы сарғыш-сұр, жирендеу түсті. Табаны жүнмен қапталған.
Әдебиетер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)
Сұрақтар:
1. Тышқан тәрізділер тұқымдасына сипаттама беріңдер
2. Жүйеленуін атаңыздар
3. Халықшаруашылығындағы маңызы қандай?
4. Көбеюі мен өсіп дамуы қалай өтеді?
Достарыңызбен бөлісу: |