№ басылым орнына


Қасқыр-Canis Lupus Linnaeus



бет12/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Қасқыр-Canis Lupus Linnaeus
Систематикасы (жүйеленуі): Қазақстанда жануардың 4 түр тармағы кездеседі: сібірлік орман қасқыры (C. aliaicus), дала қасқыры (C. catpe-stris)- батыс және орталық Қазақстанда, шөлді жердің қасқыры (C. desertorum)- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жазық бөлігінде тибеттік қасқыр (C.chanco). Сипаттамасы: сымбатты, күшті, үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, ірі овчаркаға ұқсайды. Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады.
Сібірлік қасқыр-ең ірі және бассүйегі көлемді келеді. Дала қасқыры дене пішіні жағынан сібірлік қасқыр мен шөл қасқырдың арасында, ал шөл қасқыры-ең кішісі: Ересек аналықтардың салмағы 25-28, аталықтарының салмағы 28-38 кг шамасында. Басүйегі кішкентай, ростралды бөлігінде сәл созылыңқы келеді. Көбінің түсі ашық сұр түсті болады, кейбіреулерінде қылшықтарының ұшы қара түсті болып келеді. Желке тұсында және құлағының сыртқы бөлігінде жирен түске ауысады. Жүні басқа түр тармаққа қарағанда қатты және азырақ сәнді болады. Тибеттік қасқыр, дала қасқыры сияқты, сібірлік және шөлді қасқыр арасында орташа көлемді болып келеді. Арқасы тегіс, желке тұсы жоғары, артқы бөлігі жалпақтау және төмен орналасқан. Кеудесі үлкен, ауыр, күшті жақтары үлкен, мұрны ұзын, кең маңдайлы. Көздері алшақ орналасқан, үлкен емес, сәл қиқарлау келеді. Құлақтары үлкен емес, үшбұрыш пішінді, ұштары үшкірлеу келеді, алға қарай бағытталған, аралары алшақ.


Қасқыр
Құйрығы үлкен, серпімділік буынына дейін түседі. Қыста жүні сәнді, ал шөлді қасқырдың жүні қатты болады. Жыл мезгіліне байланысты жүнінің түсінде айырмашылық байқалмайды. Шөл қасқырының бас сүйегі ірі және көлемді. Бет жағы мықты тістерінің орналасуына байланысты ұзыншақ, миы үлкен емес. Тістері өте күшті, жыртқыш тістері үлкен, тістері аса ұзын емес, бірақ негізі жалпақ келеді. Апанын адам аз жерлерде борсықтың, түлкінің інін кеңітіп (1-2 м), таудың беткейінде, жыраларда кездеседі.
Таралуы. Қасқыр еуропа, Азия және Солтүстік Америкада таралған. ТМД-да барлық жерлерде кездеседі. Қасқыр көбінесе ірі және орташа көлемді жемтіктермен, үй жануарларымен қоректенеді. Қазақстан территориясында қасқыр барлық жерінде кездеседі, бірақ біркелкі емес. Бұл жыртқыштар сулы және қорек бар жерде ғана жүреді. Қасқырлар өзінің ареалында санын өздері ретейді. Бұл табиғат санитар, себебі кез келген жыртқыш сияқты біріншіден, ауру немесе әлсіз жануарлармен коректенеді, яғни табиғаттағы табиғи сұрыптаудың маңызды факторы болып табылады. Қабан, құлан, елік қасқырдың негізгі жемтігі болып табылады. Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді. Жаз мезгілінде қасқыр өзін және бөлтірігін саршұнақпен, сұртышқанмен асырайды, ал қыста үй жануарларына шабады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет