5 - тақырып. Жыртқыштар отряды (CARNIVORA). Иттер тұқымдасы (CANIDA). Қасқыр және қорқау түрі. Жыртқыштар отрядына сипаттама. Иттер тұқымдасы. Қасқыр және қорқау түрі. Бұл тұқымдастың өкілдерінің дене көлемі орташа, аяқтары ұзын, саусақтарымен басып тез қозғалатын ұзын тұмсықты, әдетте құйрығы ұзын жүнбесті болып келеді. Алдыңғы аяғы 5 бармақты, артқысы 4 бармақты тырнақтары моқал. Жыртқыш тістер мен шошақ тістері жақсы дамыған. Иттер тұқымдасының өкілдері көбінесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Систематикалық ерекшелігі бойынша үлкен орын алады, олар аюлар тұқымдасы мен жанаттар тұқымдасына жақын. Иттер тұқымдасы Антарктикадан басқа барлық жерге таралған. Қазақстанда 2 түрі-қасқыр және қорқау қасқыр таралған. Отрядқа жануарларды азық көзі ретінде пайдалануға бейімделген сүтқоректілер жатады. Көлемі орташа, бірақ ірі түрлері де кездеседі (жолбарыс, ақ аю). Дене көлемі кіші жыртқыштарға ақ күзен, ақ кістерді жатқызуға болады. Көпшіл жыртқыштар құрлық жануарлары болғанмен, жартылай суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Бас сүйегі әр түрлі пішінде: кейбір түрлерінде бет әлпеті алдыға созылыңқы болса, енді біреулерінде қысқа бірақ ми сауыты дамыған. Үлкен ми сыңарларында иірімдер айқын байқалады. Төрт тіс типтері де түбірімен дамыған, күрек тістері үлкен емес, шошақ тістері жақсы дамыған, ұзын және өткір. Үстіңгі жақтың соңғы жалған азу тістері мен бірінші азу тістері айқын байқалып жақсы формада дамыған. Бұл тістерді жыртқыш тістер деп атайды. Аяқтары табанды, жартылай табанды және төрт немесе бес болып келетін бармақты жақсы дамыған сүйек болып келеді. Бұғанасы кейбіреулерінде рудимент түрінде болады немесе мүлде болмайды. Құйрығы әдетте ұзын (дене ұзындығының жартысындай немесе одан да ұзын), сирек қысқарақ болады. Денесі түктермен қапталған. Аталық бездері құрсақ бөлімінде орналасқан. Жатыры екі ұшты. Жыныстық диморфизм көпшілігінде әлсіз дамыған, немесе тіпті болмайды. Сезім мүшелерінің жақсы дамығаны есту мен иіс сезу мүшелері өру мүшесі. Көптеген жыртқыштар жылына бір ұрпақ әкелсе, кейбір түрлері екі жылда бір бала туады. Жыртқыштардың экономикалық маңызы өте зор. Олардың арасында бағалы терілі аңдар да (бұлғын), спорттық және кәсіптік аңшылық объектілері де кездеседі. Бір түрлері малшаруашылығына зиян тигізіп, әр түрлі ауру таратушылар болса, енді біреулері ауылшаруашылығына зиянды кемірушілердің санын реттеуші болып табылады. ТМД да 6, Қазақстанда 5 тұқымдас мекен етеді.