№ басылым орнына


- тақырып. Жыртқыштар отряды. Мысық тәрізділер тұқымдасы (2 сағат)



бет73/81
Дата06.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#48603
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81
10 - тақырып. Жыртқыштар отряды. Мысық тәрізділер тұқымдасы (2 сағат)
Сабақтың мақсаты:
1. Мысық тәрізділер тұқымдасының жүйеленуін оқып білу
2. Мысық тәрізділердің таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын, құрылысын оқып білу.
1 – тапсырма.Тұқымдаста 2 тұқымдас тармағын ажыратады.4 туыс және 3 түр тармақ.

Түрлері

Атаулары

Орман мысығы

Felidae silvestris

Манул

Felidae manul

Сілеусін

Felidae rufus

Жолбарыс

Felidae nebulosa

Қар барсы

Uncia uncia

Қабылан

Panthera pardus

Арыстан

Panthera leo

2 - тапсырма.Таралуын, көбеюі мен өсіп дамуын, құрылысын меңгеру 3тапсырма. Мысыз тәрізділерді анықтайтын кестені дәптерлеріңізге көшіріп алыңыздар.

Мысық тәрізділер тұқымдасы

Құрылыс ерекшеліктері

Орман мысығы

Кейде еуропалық немесе жабайы мысық деп те атайды. Сыртқы келбеті бойынша кәдімгі сұр мысыққа ұқсайды. Дене тұрқы 75-80 см, құйрығы 30-34 см, салмағы 6 – 10 кг шамасында.
Батыс Еуропа, Шотландия, Кіші Азияда, Кавказда таралған. Орман мысығы таулы ормандада және аралас ормандарда өмір сүреді. Буаз болу мерзімі 63-68 тәулікке созылады. 3-8 жас мысық туады. 9- 11 күнде өсіп жетіледі.



Манул

Қысқа жуан аяқтары бар үй мысығына ұқсайды. Басы нығырлау келген, құлақтары домалақтанған, құйрығы өте жуан. Дене тұрқы 52- 65 см, құйрығының ұзындығы 21-25 см. Манул санаулы ғана, сол себептен қызыл кітапқа енгізілгенсалмағы 6 кг

Сілеусін

Мықты аяқтары және түкті табаны бар ірі жануар. Құлағының ұш жағында қылтықтары бар. Дене тұрқы 85 – 105 см., құйрығының ұзындығы 20 – 31 см., салмағы 8 – 15 кг. шамасында.

Жолбарыс

Денесі ұзыншақ, майысуға бейім, басы домалақ, аяқтары ұзын емес, бирақ құйрығы емес. Жануардың көлденен жолақты рендері бар. Дене тұрқы 180- 317 см., құйрығы 90 см. Салмағы 227-272 кг. Дене тұрқы 103 –130 см, құйрығы 92-105 см, салмағы 23-41 кг. Шамасында.

Қар барсы

Денесі ұзыншақ, төсе жерге жақын, аяқтары қысқа. Дене тұрқы 103 –130 см, құйрығы 92-105 см, салмағы 23-41 кг. шамасында

Қабылан

Денесі ұзыншақ, аяқтары жалпақ табанды және жаланаш қатты сүйелдері бар қысқа. Дене тұрқы 62 – 106 см, құйрығы 60-90 см, салмағы 16-23 кг. шамасында.

Арыстан

Денесі күшті, басы ұзыншақ келген мұрны бар көлемді келеді. Аяқтары қысқа, күшті, құйрығы ұшында шашағы бар ұзын. Дене тұрқы 180 – 240 см, құйрығы 60-90 см, салмағы 180-227 кг.шамасында

Бақылау сұрақтары:
1. Мысық тарізділер тұқымдасына сипаттама берініздер
2. Мысық тәрізділер тұқымдасының таралуы және мекен ететін жерлері
3. Көбеюі және өсіп дамуы
4. Мысық тәрізділер тұқымдасының халық шаруашылығындағы және өндірісіндегі маңызы?
Ұсынылған әдебиеттер: 7.1.1-7.1.9 (негізгі), 7.2.10-7.2.12 (қосымша)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет