№ исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы



бет4/9
Дата18.02.2018
өлшемі2,16 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

21. Формулярларды аудандық (қалалық) көші-қон полиция бөлімдері толтырғаннан кейін бұрын азаматтарға жеке басты куәландыратын құжаттар берілген формулярының бар-жоғына, сондай-ақ қызметтік белгілерге Қазақстан Республикасының құжаттандырылатын халқының орталықтандырылған ақпараттық деректер базасы немесе картотека бойынша тексеру жүргізеді. Формулярда көрсетілген барлық деректер мен фотосуреттердің ұқсастығы салыстырылады.


Бір және екі санатты жеделдік бойынша толтырылған формулярлар үшін тексеру мерзімі бір жұмыс күнін, үшінші санатты жеделдік – екі жұмыс күнін, жалпы тәртіппен толтырылған формулярлар үшін толтырылған күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды (формулярды толтырған күн есептелмейді).

3. «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық

жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының

жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындауға арналған

электрондық формулярларды ресімдеу, толтыру тәртібі
22. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды әзірлеу үшін электрондық формуляр ХҚТ ТП ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді және толтырылады. Электрондық формулярдың нөмірі мен штрих-коды автоматтандырылған режимдегі бірыңғай ақпараттық жүйемен қалыптастырылады.

23. Электрондық формулярдың негізділігі мен дұрыс толтырылуы уәкілетті қызметкердің электрондық-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталады.

ЭЦҚ электрондық цифрлық қол құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны болып табылады және электрондық өтінімді құжаттандыруға және орталық торапқа тіркеуге (тіркеу есебінен шығаруға) жіберу кезеңінде қолданылады.

ЭЦҚ тұлғаның өз қолымен қойылған қолына теңестрілген және электрондық формулярға қол қою үшін бірдей заңды жауапкершілікті жүктейді.

ЭЦҚ оған заңды негізде ие болған адамдардың меншігі болып табылады және басқа адамдарға оны қолдану үшін берілмейді.

24. ЭЦҚ алу үшін ІІД уәкілетті қызметкерлерді тағайындайды, олар өтінім беру, аумақтық бөліністердің уәкілетті қызметкерлерін сәйкестендіру процесін өткізу және тіркеу куәліктерін алу үшін жауапты болады.

25. ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімі тіркеу куәлігі шығарылған сәттен бастап бір жылды құрайды. ЭЦҚ қайта алу үшін мерзімі өтерден он күн бұрын жаңа өтінім беру қажет. ХҚТ ТП-да жұмысты жүзеге асыратын уәкілетті қызметкерлер ауысқан кезде, ЭЦҚ алынбалы тасымалдағышпен бірге ІІД-ге тапсырылады. Ішкі істер департаментінің уәкілетті қызметкері тіркеу куәлігін кері шақыртып алуға өтінім береді.

26. Электрондық формулярды толтыру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басты куәландыратын құжат үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті және жеке басын куәландыратын құжаттарды толтыру себебіне байланысты төменде санамаланған мынадай құжаттардың бірін көрсетуі тиіс:

туу туралы куәлік;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағаны туралы 6-нысанды анықтама (адамды Қазақстан Республикасының азаматы деп таныған жағдайларда);

шет мемлекеттің уәкілетті органы берген азаматтығы жоқ адамның куәлігі (адамды Қазақстан Республикасының азаматы деп таныған жағдайларда).

27. Уәкілетті қызметкерлер ХҚТ ТП-ның ақпараттық жүйесінде тіркелген атпен жұмыс істейді, ол деректер базасында сақталады және ХҚТ ТП жүйесіндегі өзінің әрекеттеріне дербес жауапкершілікте болады.

28. Азаматтар ұсынған ЖСН бар жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік немесе берілген жапсырмасы бар ЖСН, қосымша туу туралы куәлік бойынша деректер базасында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Уәкілетті қызметкер азаматтардың деректерін олар ұсынған құжаттар бойынша деректер базасында тексеруді жүргізеді. Деректер базасында азаматтар туралы мәліметтерде сәйкес келмеулер анықталған жағдайда, электрондық формулярға азамат куәландырған деректер енгізіледі. Жүргізілген өзгерістер уәкілетті қызметкердің «қосымша ақпарат» жолындағы жазбасымен расталады.

29. Құжаттандыру туралы шешім қабылдағаннан кейін өтінім ХҚТ ТП-ға тіркеледі. Өтінімде:

тапсырыс берген құжаттың түрі;

құжатты алу себебі;

құжатты толтыру тілі;

паспорттағы азаматтың ұлтын жазу туралы белгі;

электрондық формулярды толтыру үшін негіз болып табылатын құжат көрсетіледі.

30. Өтінім тіркелгеннен кейін уәкілетті қызметкер өтінімді тіркеу талонын, электронды формулярды толтыру, сондай-ақ суретке түсіру, қол қою, дайын құжаттарды алу үшін азаматтарға берілетін өтінімді тіркеу талонын басып шығарады.

31. Азаматтың фотобейнесі суретке түсіру арқылы, азаматтың қолы сканерлеу арқылы электронды формулярға енгізіледі.

ХҚТ ТП-да азаматты суретке түсіру тегін жүргізіледі.

Фотосурет ашық және таза орындалуы тиіс. Басты еңкейтуге немесе бұруға болмайды (мысалы, жанынан түсірілген фото), фотосуретке түсуші камераға тіке қарауы және оның беті бейтарап, аузы жабық, көздері ашық және анық көрінуі, көзілдірік көзді жауып қалмауы тиіс, шағылыстыратын және күн сәулесінен қорғайтын көзілдіріктерді киіп түсуге жол берілмейді. Фотосуретке бас киіммен түсуге болмайды, тек діни тұрғыда және медициналық себептерге байланысты рұқсат беріледі, бұндай жағдайда бет иектің төменгі жағынан бастап маңдайға дейін көрініп тұруы керек. Құжаттандырылатын адамның нысанды киімде түскен фотосуреті қабылданбайды.

Омыраудағы балаларды және мектепке дейінгі балаларды жеке басты куәландыратын құжаттарға фотосуретке түсіру барысында бетін және дене мүшелерін көрсетпей, артынан біреудің ұстауына жол беріледі.

32. ХҚТ ТП-да электронды формулярларды толтыру мынадай кодтар бойынша жүргізіледі:

«00» 16 жасқа толмаған балаларға паспорт беру;

«01» 16 жасқа толу;

«04» тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) өзгерту;

«05» туған күнiн өзгерту;

«06» жазбаның дұрыс еместігі;

«07» құжаттың одан әрі қолдануға жарамсыздығы;

«08» азаматтың өзiнiң ұлтын өзгертуі;

«09» азаматтың жеке куәлiгі мен паспортының жоғалуы;

«10» заңды мекенжайын ауыстыру;

«11» Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті органдары берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (адамды Қазақстан Республикасының азаматы деп таныған жағдайда) негізінде паспорт, жеке куәлік беру;

«12» Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау;

«13» азаматтың паспортты жоғалтуы;

«14» қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініске байланысты елдi мекендер атауының өзгеруі;

«15» Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін қайта оралуына байланысты жеке куәлік алуы;

«16» иесiнiң қалауы бойынша құжат түрлерiнiң өзгеруiне байланысты;

«17» қолда бар жеке куәліктің немесе паспорттың негізінде алғаш рет жеке басын куәландыратын құжаттар алу;

«18» құжаттың (паспорт, жеке куәлік) жарамдылық мерзімінің аяқталуы.

33. Электрондық формулярды толтыру кезінде құжатты алу себептерінің бір немесе бірнеше коды (жеті кодқа дейін) көрсетіледі, бұл ретте электрондық формулярларды толтыру кодына сәйкес осы Қағидалардың 11-тармағын басшылыққа алу қажет.

34. Электронды формулярды кодтар бойынша толтыру кезінде:

«00», «01» - көрсетілген ЖСН бар туу туралы куәлік немесе ЖСН берілген жапсырмасы бар туу туралы куәлік бойынша деректер базасындағы ЖСН бойынша сәйкестендіру жүргізіледі. Туу туралы куәліктерде ЖСН болмаған жағдайда адамды сәйкестендіру жүргізілмейді, ал мәліметтерді электронды формулярға уәкілетті қызметкерлер туу туралы куәлікке сәйкес енгізеді.

Егер азамат 16 жасқа толғанға дейін паспорт алған жағдайда, онда ол 16 жасқа толуы бойынша электрондық формулярды толтыру кезінде паспорттың деректері көрсетіледі.

Электрондық формуляр туу туралы куәліктің негізінде толтырылған кезде ата-анасының біреуінің жеке куәлігінің нөмірі, күні және оны берген орган туралы мәліметтер «қосымша негіздеме» жолына енгізіледі.

«04» - неке қию, бұзу, анықтамалық деректерін өзгерту, туу туралы куәлікті қайтадан алу туралы куәліктің нөмірін, күнін және оны берген органды, анықтамалық деректерін өзгерту туралы ішкі істер органы қорытындысының нөмірі мен күнін уәкілетті қызметкер электрондық формулярдың «қосымша негіздеме» жолына енгізеді;

«05» - анықтамалық деректерін өзгерту, туу туралы куәлікті қайтадан алу туралы куәліктің нөмірін, күнін және берген органды, туған күнін ауыстыру туралы ішкі істер органы қорытындысының нөмірі мен күнін уәкілетті қызметкер «қосымша негіздеме» жолына енгізеді;

«06» - анықтамалық деректерінде, туған жері туралы мәліметтерде айырмашылықтар анықталған жағдайда, тексеріс аяқталғаннан кейін «қосымша негіздеме» жолында электронды формулярға енгізілген өзгерістерді растайтын құжаттардың деректері енгізіледі.

Деректердің ақпараттық базасындағы азаматтың фотосуретінің жеке басын куәландыратын құжаттағы фотобейнесімен сәйкес келмейтіні анықталған кезде уәкілетті қызметкер құжаттандырылушының жеке басын және құжаттардағы сәйкес келмеушіліктің себептерін тексереді. Тексеріс нәтижелері бойынша мүмкіндігіне қарай танылушы адаммен сыртқы түрі ұқсас, кемінде үш басқа адамның фотокарточкаларымен бірге біруақытта ұсынылған оның фотокарточкасы бойынша жақын туыстарының не азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтың жеке басын тану хаттамасы жасалады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды шығарылады және формулярмен, жою туралы актімен бірге Қазақстан Республикасы ІІМ КҚПД-ге жіберіледі. Қорытындыны тіркеу қорытындыларды тіркеу журналында жүргізіледі. «Қосымша негіздеме» жолында жеке басын анықтау жөніндегі қорытындының нөмірі мен күні көрсетіледі, ал «қосымша ақпарат» жолында фотосуреттердің сәйкес келмеу себептері көрсетіледі.

Азаматтың фотосуреттерінің сәйкестігі расталған жағдайда «қосымша ақпарат» жолында «№ __ жеке куәліктегі (паспорттағы) және № __ электрондық өтінімдегі азамат (ша) Т.А.Ә. (ол болған кезде) фотосуреттерінің сәйкестігі Ішкі істер басқармасының (бөлімінің) (хаттаманың жасалған күні) жеке басын тану хаттамасымен расталады» деп көрсетіледі, ал «қосымша негіздеме» жолында жеке басын анықтау жөніндегі қорытындының нөмірі мен күні көрсетіледі;

«07» коды құжат пайдалануға жарамсыз болған (бүлінуі, ескіруі, техникалық ақаулар, паспорттың барлық беттерінің пайдаланылуы, жеке басын куәландыратын құжатта ЖСК-ның болмауы) жағдайларда көрсетіледі. Электрондық формулярды ресімдеу негіздемесі ретінде жарамсыз құжаттың деректері жазылады, ал «қосымша ақпарат» жолында құжаттың жарамсыз болуының нақты себебі көрсетіледі. Бүлінуіне, жеке адамды сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты пайдалануға жарамсыз құжат формулярды толтыру кезінде алынады, азаматтың қалауы бойынша уақытша жеке куәлік беріледі;

«08» - ұлтын өзгерту туралы қорытындының нөмірі мен күні электронды формулярдың «қосымша негіздеме» жолына енгізіледі;

«09» - азаматтың өтінішінің тіркеу нөмірі мен күні «қосымша негіздеме» жолына енгізіледі;

«10» - егер жеке куәлікте көрсетілген толық заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үй, пәтер) жаңа тіркелген мекенжайымен сәйкес келмеген жағдайда, жеке куәлікті ауыстыру қажет болады.

Электрондық формулярды ресімдегенге дейін ХҚТ ТП ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу жасалады;

«11» - Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін растайтын 5-нысанды анықтама ұсынған кезде 1-жолда көрсетіледі;

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті органдары берген азаматтығы жоқ адамның куәлігі электрондық формулярды толтыру үшін негіз болып табылады. 5-нысанды анықтаманың нөмірі мен берілген күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі туралы ішкі істер органдарының қорытындысы «қосымша негіз» жолында көрсетіледі;

«12»  -  электронды формулярды толтыру үшін Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама негіз болып табылады. Жарлық нөмірі немесе Қазақстан Республикасы азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдағаны туралы ішкі істер органының қорытындысы «қосымша негіздеме» жолында көрсетіледі;

«13» - «қосымша негіздеме» жолына азаматтың жоғалған паспортын қайта қалпына келтіру туралы арызының тіркеу нөмірі мен күні енгізіледі.

35. Электрондық ақпарат тасымалдағышы бар жеке куәлікті ұсынған кезде азаматтардың жаңа тұрғылықты орны бойынша Қазақстан Республикасының паспортын алуы үшін электрондық формулярды толтыру микросхемаға (чип) мекенжай ақпаратын қайта жазу рәсімінен кейін жүргізіледі.

36. Азаматтың анықтамалық деректерін ағылшын тіліне транскрипциялау ХҚТ ТП-да автоматты түрде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда транскрипция осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі және оны ХҚТ ТП-да уәкілетті қызметкер өзгертеді. «Қосымша ақпарат» жолында азаматтың өтінішінің тіркеу нөмірі және күні енгізіледі.

37. Электрондық формулярды толтырғаннан кейін азаматтарға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру және жеке қолын растау үшін ақпараттық парақ басылып шығарылады.

Ақпараттық парақ ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністерінде азаматтар дайын құжатты алғанға дейін сақталады және акті толтырусыз жойылады.

38. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртекте өтінімді тіркеу талонының нөмірі жазылады.

39. Толтыру аяқталғаннан кейін электрондық формулярлар уәкілетті қызметкерлердің тексеру жүргізуі үшін жергілікті деректер базасында сақталады. Қателер немесе айырмашылықтар анықталған жағдайда уәкілетті қызметкер түзету енгізеді және ол қол қоятын ақпараттық парақ қайта басып шығарылады. Бірінші және екінші санаттағы жеделдік бойынша толтырылған электрондық формулярлар үшін тексеру мерзімі бір жұмыс күнін, үшінші санатты жеделдік бойынша екі жұмыс күнін, жалпы тәртіппен толтырылған электронды формулярлар үшін оларды толтыру күнінен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

40. Электрондық формулярдың негізділігі мен толтыру дұрыстығы тексеруден кейін уәкілетті қызметкердің ЭЦҚ-мен расталады, содан кейін электронды формуляр ХҚТ ТП-ның орталық торабына тізілімдеме толтырусыз жөнелтіледі.

41. Деректер базасындағы электрондық формулярлардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған, ресімдеу кодтары сәйкес келмеген, графикалық ақпарат сапасыз жасалған жағдайда ІІМ КҚПД қайтару себебін көрсете отырып, ХҚТ ТП-ға қайта ресімдеу үшін оны орындамай қайтарады.

42. Жол берілген қателер үшін немесе сәйкес келмеуіне байланысты қайта ресімдеуге жіберілген электронды формулярлар олардың аумақтық ішкі істер органдарына келіп түскен күннен бастап кемінде үш жұмыс күні мерзімінде өңделеді, содан кейін олар құжаттарды дайындау үшін қайта жолданады.

43. Түзетулерді жасау, дайындалған жеке куәліктер мен паспорттарды «АӨО» РМК-дан ІІМ КҚПД-ге, Ішкі істер департаментіне жолдау тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына дайындалған паспорттарды және (немесе) жеке куәліктерді беру осы Қағидалардың 50, 52, 53, 54, 55, 56-тармақтарында бекітілген тәртіпте жүргізіледі.


4. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын әзірлеу үшін формулярларды ресімдеу, толтыру тәртібі
44. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру үшін формулярды ішкі істер органдары түзеу мекемесінің орналасқан жері бойынша ресімдейді.

Жеке куәлік 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын көрсету немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтіру кезінде бірінші рет ресімделген жағдайда, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды алу үшін алғаш рет өтініш жасаған және туу туралы куәлігін ұсынған 18 жасқа толған адамдарға олардың азаматтығын, жеке басын анықтау, құжаттардың берілгенін растау және фотосуретінің сәйкестігін анықтау үшін тексеру материалын қалыптастыруды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған кезде, жазасын өтеуші адамнан қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі аумақтық ішкі істер органының басшысының атына жеке куәлігінің жоғалу жағдайлары көрсетілген жазбаша өтінішін қабылдайды.

Жеке басын растау және жеке басын куәландыратын жоғалған құжат туралы мәліметтерді беру үшін тексеруді уәкілетті қызметкер картотека бойынша екі жұмыс күні ішінде немесе деректер базасы арқылы жүргізеді.

Жеке басын растау және жоғалған жеке басын куәландыратын құжаттың туралы мәліметтерді беру үшін тексеруді деректер базасында жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі жоғалған жеке куәлікті бұрын ресімдеген ішкі істер органынан паспорттық елтаңбалы мөрмен және лауазымды тұлғаның қолымен расталған формулярдың көшірмесін сұратады.

Көрсетілген құжаттар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жазасын өтеуші адамды құжаттандыру туралы қолдаухатымен, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртекпен бірге тиісті көші-қон полициясы бөлінісінің уәкілетті қызметкеріне ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін формулярды уәкілетті қызметкер олардың орналасу орындары бойынша толтырады.

Бұл ретте «тұрғылықты жері» жолында сотталушы жазасын өтеп жатқан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің орналасқан орны (облыс, қала, аудан, елді мекен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің атауы) көрсетіледі.

Формуляр жеке басты куәландыратын құжатты әзірлеу үшін толтырылған күннен кейінгі келесі күні жолданады.

Жазасын өтеуші адамдарға құжаттарды «АӨО» РМК-да әзірлеу мерзімі өндіріске келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күнін құрайды.

Құжаттар әзірленгеннен кейін формулярлар оларды ресімдеген ішкі істер органдарының картотекаларына орналастырылады.

Әзірленген жеке куәлік сотталған адамның жеке ісінде сақталады және ол бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде беріледі. Электрондық ақпарат тасымалдағышы (чип) жоқ жеке куәлік азамат тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ауыстыруға жатады.

Әкімшілік қадағалау белгіленген бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын немесе мерзімін өтеуі бойынша босатылғандарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу кезінде қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің профилактикалық есепке алғаны туралы белгісі бар босатылғаны туралы анықтама сұратылады. Босатылғаны туралы анықтама жоғалған жағдайда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің профилактикалық есебіне алынғаны туралы анықтамасын ұсынады.
5.  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына формуляр бланкілерін тапсыру тәртібі
45. Тексеру жүзеге асырылғаннан кейін, аудандық (қалалық) көші-қон полициясы бөліністері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада формулярларды жөнелту үшін тізілім толтырады, онда тізілімге енгізілген формулярлардың нөмірлері, азаматтың Т.А.Ә. (ол болған кезде), толтыру күні, себебі, формулярлар саны көрсетіледі. Бұл ретте тізілімдерді толтыру себептерінің кодтары бойынша ресімделген формулярларға бөлінеді:

«00», «07», «10», «13», «14», «15», «16», «17»; «18»;

«04», «05», «08»;

«06»;


«09»;

«11»;


«12»;

«пысықтау»;

«тергеу-қамауындағылар»;

«сотталғандар».

Тiзiлiмнiң үш данасы формулярлармен бiрге Ішкі істер департаментiне жолданады.

1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының ауыстырылуына, олардың жойылуына байланысты, 18 жасқа толған адамдарға туу туралы куәлігінің негізінде ресімделген формулярлар Ішкі істер департаменттеріне бөлек тізілімдермен тексеру материалдарын қоса бере отырып, құжаттарды жедел дайындағаны үшін төлемсіз жоданады.

Тексеруден кейін, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттар бойынша, 18 жасқа толған адамдарға туу туралы куәліктері бойынша, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарының жоғалуы бойынша, олар болған кезде, істер бойынша материалдарда: тексерген күні, ІІД халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің оларды ресімдеудің негізділігі мен дұрыстығын тексерген қызметкердің тегі, лауазымы және қолы қойылады, одан кейін материалдар аудандық (қалалық) көші-қон полициясы бөліністеріне қайтарылады.

46. Формулярлардың толтыру негізділігін және дұрыстығын тексергеннен кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға байланысты ресімделген адамдарды Жарлықпен және оңайлатылған тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдаған адамдар бойынша тізімдермен салыстыра тексергеннен кейін ІІД аудандық (қалалық) бөлiністерден алған тiзiлiмдер мен формулярлардың негізінде формулярларды ІІМ КҚПД-ге жөнелту үшін аудандық, қалалық көші-қон полициясы бөлiнісінің атауын, аудандық, қалалық тiзiлiмдердiң шығыс нөмiрлерiн және толтырылған күнiн, оларға енгізілген формулярлардың санын көрсете отырып, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жиынтық тiзiлiм толтырады.

Бірінші және екінші санатты жеделдік бойынша толтырылған формулярлар үшін ІІД-де тексеру мерзімі келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнін, үшінші санатты жеделдік – екі жұмыс күнін, жалпы тәртіппен толтырылған формулярлар үшін толтырылған күннен бастап бес жұмыс күніне дейін құрайды.

Жиынтық тiзiлiмге ІІД халықты құжаттандыру және тіркеу бөлiмiнiң бастығы қол қояды және аудандық (қалалық) бөлiністер тiзiлiмдерiнiң екi данасын қоса бере отырып, ІІМ КҚПД-ға жолданады, жиынтық тізілімнің бір данасы және аудандық (қалалық) бөлініс тізілімінің бір данасы ІІД-ның жеке номенклатуралық iсiнде қалады.

ІІД-да тексеру кезінде анықталған пысықтау үшін кері қайтаруға жататын формулярлар алу себебін көрсете отырып, аудандық (қалалық) бөлiністер тiзiлiмдерiнен алып тасталады және жиынтық тiзiлiмдерді құрастырған кезде есепке алынбайды.

47. ІІМ КҚПД формулярларды деректер базасындағы адам туралы мәліметтердің сәйкес келмеуіне байланысты «АӨО» РМК-дан кері қайтару кезінде негізсіз құжаттандыру фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді.

Формулярдың дұрыстығына және толтыру негізділігіне, сондай-ақ (қағаз тасымалдағышта толтырылған) іздеудегі адамдар автоматтандырылған база бойынша тексерілгеннен кейін формулярлар аудандық (қалалық) бөліністердің тізілімдерімен және ІІД бөлімінің жиынтық тізілімімен құжаттарды дайындау үшін ІІМ КҚПД-дан «АӨО» РМК-ға өндіріске беріледі, бұдан кейін формулярлармен және дайын болған құжаттармен бірге оларды бұдан әрі ІІД-ге жолдау үшін қайтарылады.

ІІМ КҚПД-де тексеру мерзімі: бірінші санаттағы жеделдік бойынша толтырылған формулярлар үшін келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күнін, екінші санаттағы жеделдік бойынша толтырылған формулярлар үшін келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнін, үшінші санаттағы жеделдік бойынша толтырылған формулярлар үшін келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды, жалпы тәртіпте толтырылған формулярлар үшін – үш жұмыс күніне дейін.

«АӨО» РМК-дан дайындалған құжаттар «Іздеуде» белгісімен келіп түскен кезде ІІМ КҚПД оларды іздеудегі адамды ресімделген орны бойынша ІІД Көші-қон полициясы басқармасына бөлек тізіліммен жолдайды.

48. «АӨО» РМК-да паспорттар мен жеке куәліктерді жасау мерзімі: өндіріске түскен күннен бастап бірінші санаттағы жеделдік бойынша толтырылған формулярлар үшін – бір жұмыс күнін, екінші санаттағы жеделдік бойынша – екі жұмыс күнін, үшінші санаттағы жеделдік бойынша – үш жұмыс күнін құрайды.

Жалпы тәртіпте толтырылғандар үшін – формулярлар өндіріске келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейін.

49. ІІМ КҚПД және ІІД жiберiлген қателерi және сәйкес келмеулері, сапасыз графикалық ақпараты үшiн аумақтық ішкі істер органдарына пысықтауға қайтарған формулярлар аудандық (қалалық) көші-қон полициясы бөліністеріне келіп түскен күннен бастап кемiнде үш күн мерзiмде пысықталады, содан кейiн олар құжаттарды дайындауға жеке тiзiлiмдермен қайта жiберiледi. Бұл ретте iлеспе хатта пысықтауға қайтарылған осы формулярлар тiзiлiмдерiнiң бұрынғы шығыс нөмiрлерi көрсетiледi (әрбiр формуляр бойынша шығыс нөмірі жеке көрсетiлуі тиіс). ІІД мен ІІМ КҚПД-дан пысықтауға қайтарылған формулярлар осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пысықтауға қайтарылған формулярларды тiркеу журналында есепке алынады. 

50. Анықтамалық деректеріндегі және туған жеріндегі мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда тексеру аяқталғаннан кейін «қосымша негіз» жолында не формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға формулярға енгізілген өзгерістерді растайтын құжаттардың деректері көрсетіледі.

51. Егер бұрын дайындалған құжаттарға «заңсыз берілген», «қайтыс болуына байланысты», «азаматтықтан шығу», «Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрғылықты тұруға шығу», «жоғалғандар» және тағы басқа себептер бойынша жарамсыз құжаттар қатарына енгізілген, ал құжаттардың жарамсыздығы туралы деректер тексеріс барысында расталмаған жағдайда, түзетулер енгізу қажет.

Қалалық (аудандық) ішкі істер органдары тексеріс аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ІІД-ға тексеріс материалдарын қоса бере отырып, түзету енгізудің қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды. Аумақтық ішкі істер органдарынан келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде ІІМ КҚПД-ге тексеріс материалдарының көшірмелерін қоса бере отырып, түзету енгізудің қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

Деректер базасына түзетулер енгізгеннен кейін формуляр құжат дайындауға жіберіледі.

«АӨО» РМК үшін деректер базасына түзетулер енгізу мерзімі ІІМ КҚПД-ден түзетулер енгізудің қажеттілігі туралы жазбаша негіз келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күнін құрайды.

Егер дайындалған құжаттар «талап етілмеген құжаттар» себебі бойынша жарамсыз құжаттар қатарына енгізілген болса, формулярды ресімдеу бұған дейінгі құжаттың (оның ішінде жарамсыз) негізінде, талап етілмеген құжатты ресімдеу себебін көрсете отырып, жүргізіледі. Егер жалғыз бір құжат «талап етілмеген құжаттар» себебі бойынша жарамсыз құжаттар қатарына енгізілген болса, формулярды ресімдеу осы құжаттың негізінде «07» ресімдеу себебін көрсете отырып жүргізіледі.

52. Құжаттар пысықталғаннан кейінгі формулярлар және жазудың нақты болмауы бойынша «АӨО» РМК-да: өндіріске келіп түскен күннен бастап құжаттарды жедел дайындауға ресімделгендер – бір жұмыс күні ішінде, жалпы тәртіпте – екі жұмыс күні ішінде дайындалуға жатады.

53. Дайындалған жеке куәлiктер мен паспорттарды Ішкі істер департаментiне жiберу кезiнде ІІМ КҚПД осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада дайын болған құжаттарды, формулярларды жолдау үшін тiзiлiм құрастырады. Бiр данасы ІІМ КҚПД-де қалады, ал тiзiлiмнiң екiншi данасы тiзiлiмге енгiзiлген құжаттар дайындау және формулярларды жөнелту үшін «АӨО» РМК-ның ілеспе хатымен ІІД-ге жiберiледi.

54. ІІД-ге келiп түскен дайындалған құжаттары мен формулярлары бар тiзiлiмдерді ішкі істер органдары жалпы тәртіппен тiркейдi, аудандық (қалалық) бөлiністер бойынша бөледi және дайындалған құжаттарды жөнелтуге арналған тізілімдер бойынша береді.

55.  Пысықтау бойынша құжаттарды дайындауға формулярларды жөнелтуге, дайындалған құжаттарды жөнелтуге арналған тізілімдер «АӨО» РМК-ның ілеспе хатымен бірге аудандық (қалалық) бөліністерде, ІІД, ІІМ КҚПД-да жеке номенклатуралық iсте сақталады.

56. Дайын құжаттарды беру азаматтың жеке өзі немесе оның заңды өкіліне не өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттары наториалды расталған сенімхаты бойынша сенім білдірген адам өтініш білдірген кезде формулярды толтыру орны бойынша жүзеге асырылады.

Дайын жеке куәліктер мен паспорттарды алу үшін азамат паспорт пен жеке куәлікті алуға түбіртекті немесе өтінімді тіркеу талонын, алып қоюға жататын құжаттарды ұсынады.

Азамат ішкі істер органдарына өткізуге жататын құжаттарды жоғалтқан жағдайда, азаматтан құжаттарды жоғалту жағдайы көрсетілген еркін нысанда жазылған өтініш алынады, оның тіркеу нөмірі электрондық формулярдың «жарамсыз құжаттар» жолында немесе формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға жазылады.

57. Жеке басты куәландыратын құжатты беру фактісін тіркеу үшін ХҚТ ТП жүйесінде машина оқитын аймақты оқыту үшін электрондық құрылғы қолданылады. Уәкілетті қызметкер азамат және дайын құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты алу үшін өтінімді тіркеу талонының нөмірін ХҚТ ТП жүйесіне енгізеді. Азамат өтінімді тіркеу талонын жоғалтқан жағдайда оның нөмірі ақпараттық парақтан оқылады.

Біруақытта дайын құжаттарды беру күнін тіркей отырып, бұрынғы құжаттар жаңа құжаттың шығуына байланысты автоматты түрде жарамсыздар қатарына көшіріледі.

Принтерде электрондық формуляр басылып шығарылады, оған азаматтың және құжаттарды берген қызметкердің қолтабасы қойылады, одан кейін ақпараттық парақ акті жасаусыз жойылады.

58. Азаматқа дайындалған құжаттарды бергеннен кейін формулярлар осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген тәртіпте картотекаға енгізіледі.

Азаматтар талап етпеген жеке куәліктер мен паспорттарды дайындалған күнінен бір жыл өткеннен кейін уәкілетті орган оларды талап етілмеуіне байланысты жояды.




Жсн берілген туу туралы куәлікке жапсырма бет

Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd page -> Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
mvd page -> Сценарий агитбригады
mvd page -> Методические рекомендации по подготовке и проведению
mvd page -> Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы ережелерді” бекiту туралы
mvd nb doc -> Министерство внутренних дел
mvd nb doc -> Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу