142
құбылыстардың қиын да тұтас жү-
йесін
қалыптастырудың өзіндік за-
ңының өмір сүруі және жұмыс істе-
уі туралы айтқан болатын. Гештальт-
психологтардың зерттеулерінде күр-
делі құбылыстардың элементтері жә-
не оның байланыстары бойынша
зерттеу осы байланыстардың құры-
лымын анықтаумен ауыстырылды.
Осы себептерден ғылымдағы бұл ба-
ғытты кейде «құрылымдық психо-
логия» деп атайды (гештальт деген
сөздің қазақша мағыналарының бірі
«құрылым» деген мағынаны береді).
Г. көптеген
өкілдері психологиялық
білімнен, басқа жаратылыстану ғы-
лымдарының салаларының бірінен
базалық білім алды, бұл олардың
психологиялық
көзқарасына ерекше
ықпал етті. В. Келер, мәселен, физика-
ны оқып, үйренді және қабылдау мен
ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті
білімді пайдаланды. Кез келген құбы-
лыс пайда болады және белгілі бір
жүйенің бөлігі ретінде өзіндік ерек-
шелік сипаттамасын алады деп жазды
В. Келер. Г. ұстанымдары мен қағи-
далары жеке тұлға мен тұлға аралық
мінез-құлыққа қолдануды өзінің тео-
риялық және эксперименталдік зерт-
теулерінде К. Левин іске асырды.
Орта, Левиннің айтуынша, физика-
лық бірлікте емес, психологиялық тұр-
ғыдан анықталуы қажет, демек, адам-
дардың оған әсер ететін субъектив-
тік қабылдауы арқылы беріледі. Г.
идеялары
психологияның көптеген
негізгі проблемаларын талдауда жа-
ғымды рөл атқарды. Көп жағдайда
Г. бихевиоризмге және өмір сүріп
отырған психологиялық бағыттарға
қарсы. Жас эксперименталдық пси-
хологияның
ұзақ уақыт бойы зерт-
теу нысаны түйсіктер болды. Пси-
хикалық өмірдің бейнелік аспектісі
психологиялық зертханаларда қан-
шама күш салынса да тек ашылмай
ғана қалған жоқ, керісінше, жоқ бо-
лып кетті.
Бірақ бейне категориясын ұсынып
отырған
сол аспект әлеуметтік тео-
риялық талдаудың және эмпирика-
лық зерттеудің пәні ретінде міндет-
ті түрде қарастырылуы қажет еді.
Идеалистік философияның үстемдік
ету жағдайында қалыптасқан оны
іске асыруға Г. талпынған еді, оның
бағыттары мен нәтижелеріне әсері
тиді.
Гештальтизмнің қалыптасу ке-
зінде тұтастық және бөліктері проб-
лемасына ерекше мән берілді. Бар-
лық уақытта да психикалық өмірді
оны тұтастықта, ішкі байланыста
қарастыру негізгі мәселе болып кө-
терілді.
Болашақ гештальтистер екі
зертханада тәрбиеленді: Ф.Брента-
нонның шәкірті – К.Штумпфа (Бер-
лин) және Геттинген университетін-
де Г.Мюллерде тәрбиеленді. Олар
өздерінің мақсаты – психологияны
емес, логиканы реформалау мәселе-
сін қойды. Олардың айтуынша, логи-
ка феноменологияға айналуы тиіс.
Осы мақсатты орындау үшін бұрын-
ғы интроспективтік әдіс жарамсыз
деп табылды. Оны жетілдіру негізін-
де феноменологиялық әдіс қалыптас-
ты. Бұл бағыттың түсіндіруінше, бей-
ненің негізгі қасиеті константтылық
немесе қабылдаудың өзгерген жағ-
дайдағы
тұрақтылығы, сонымен қа-
тар егер қабылданатын зат тұтас
түрінде қабылданбайтын болса, қа-
былдаудың тұрақтылығы бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: