216
жауыздық әрекеті мен дұшпандық іс-
әрекетіне деген көзқарасында тұрақ-
ты болып келеді. Ж.к. жексұрындық
пен сүйкімсіздік адамның жан дүние-
сіне қолайсыз әсер етіп, көңіл күйін
жабырқатады, мұңаю мен қамығу
сезімін оятып ренжітеді. Психология-
да адамның өз көңіл күйін билеп, жа-
бырқау мен мұңаюдан бойын аулақ
ұстауы ерікті әрекеттеріне байланыс-
ты деп көрсетеді.
ЖЕКЕДАРАЛЫҚ
– тұлға дамуы-
ның ең жоғарғы деңгейі, ал «жеке-
даралық» – бұл тереңдік өлшем
деген пікірді білдірді. Ж. – адамның
өмір жолының жоғарғы синтезі, ин-
тегралды нәтижесі. Ол, бір уақытта,
адамның ивдивид, тұлға және субъект
ретіндегі өзіншелігі
мен қайталан-
бастығын білдіреді. Ж. ретіндегі адам
өмірдің әлеуметтік нормаларын өзін-
ше, авторлық «оқуында», өзінің ерек-
ше дара өмір тәсілін, өзіндік дүние-
танымын, өз келбетін құруында, өз
ар-ожданына сүйенуінде ашылып
көрінеді.
Тұлғаның өзгешелігі мен айрықша-
лығы оның жекедаралық деңгейінің
пайда болуын білдіреді. Ж. – дамыған
өзін-өзі реттеуші жүйе. Дамыған тұл-
ға кедергілерге тұрақты болып ке-
леді және тұйықтылықпен сипат-
талатын, айқын, дамыған өзіндік сана-
ға ие. Осындай жетілген «Мен» жү-
йесі қоршаған ортаға қатысты даму-
дың фильтрі болып табылады. Со-
нымен қатар, дамыған тұлға өнімді
және жасампаз болады. «Жекедара-
лықты» адамның дүниедегі мағына-
лық қатынастары мен бағдарлары-
ның жиынтығы ретінде түсінеді. Олар
адаммен қоғамда өмір сүру барысын-
да игеріледі және оның құндылықтар
иерархиясында бағдарлауын, түрткі-
лер күресі жағдаятында мінез-құ-
лықты меңгеруін қамтамасыз етеді.
ЖЕКЕ МЕНШІК ПСИХОЛО-
ГИЯСЫ –
жеке меншік – қоғамға,
мемлекетке тән емес әрбір адамның
жеке басына тән меншігіне деген
көзқарасын, сана-сезімі мен жан дү-
ниесінің сын-сипатын білдіретін мі-
нез-құлықтарының жиынтық көрсет-
кіші Ж.м.п.-ның қалыптасуы адам-
ның даралық, дербестік тіршілік етуі-
не сәйкес оның дүние мүлкіне, отбасы
мүшелері мен ағайын-туыстарына,
өзге адамдарға өмірімізде мемлекет-
тік, қоғамдық-кооперативтік меншік-
пен бірге жеке меншіктік мүлікке
құқымыз болды. Алайда біздің пси-
хологиямызға билік еткен, негізінен,
мемлекеттік меншік болып келді. Қа-
зіргі гуманистік және демократиялық
ұстанымдарға негізделіп отырған қо-
ғамдық өмірде Ж.м.п. – көзқарастың
өрістеуіне жағдай тудырады. Халқы-
мыз жәйттің мән-жайын «өзімдікі
дегенде өгіз қара күшім бар» деген
мәтелмен тұжырымдаған. Ж.м.п-ын
қоғамдық-әлеуметтік талап-тілек-
теріне сәйкестендіріп отыру қоғам-
дық тәлім-тәрбие істерінің үздіксіз
жүргізіліп, адами қасиеттерді неғұр-
лым гуманистік ұстанымдарға ла-
йықтап жүзеге асыруға байланысты.
ЖЕҢІЛТЕКТІК
– адам мінезіндегі
ұшқалақ, дәйексіз, жеңілдікті біл-
діретін сипаттары. Ж. мінез жеке
адамның іс-әрекетінде, «адамдармен
қарым-қатынаста әрбір істің мән-
жайына ой жіберіп, терең ойламай,
жай түрде қарайтын асығыс ой түйе-
Достарыңызбен бөлісу: