Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет235/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖҰМА
ЖҰМА


226
сонау жиырмасыншы жылдар дең-
гейіне, әсіресе оның терминдерінің 
өзі Еуропа, орыс тілдерінде де белгілі 
бір жүйеге түсіп, топтаса қоймаған 
кезінде төл тілімізде ғылыми жағы-
нан сөз болған. Бірақ кемшіліктері 
де жоқ емес. Онысы кешірімді де. 
Сондықтан да бұл еңбекке қазіргі 
күн тұрғысынан қарап, баға беру әділ 
болмас еді. Ал, мұның қазақтың ұлт-
тық ғылыми терминдері ілкі бастауын-
да төрден орын алатыны даусыз.
Енді мұнда сөз болған кейбір пси-
хологиялық ғылыми түйіндер мен 
атаулардың олпы-солпы жақтары ту-
ралы қысқаша тоқталып өтейік. Кі-
тапта кейбір түйінді тұжырымдар 
дәл беріле қоймапты. Мәселен, «пер-
цепция» – әсерлеуді туғызатын се-
бепті, яки затты табу «дұрысы» – бұл 
затты тұтастай, толық, зат күйінде 
қабылдау, перцепцияның өзі латын 
сөзі, қазақшасы – «қабылдау» деген 
ұғымды білдіреді. «Иллюзия», – деп
жазыпты автор, – болып тұрған әсер-
ленуді бұрынғы әсерлену жеңіп кет-
кенде болатын сезім алдауы». Дұры-
сы иллюзия – әр түрлі себептерге 
(сыртқы, ішкі) байланысты айнала-
дағы обьектілерді (заттарды) қате, те-
ріс, бұрмалап қабылдау, яғни қа-
былдаудың затқа сәйкес келмеуі. Ав-
тор – иллюзия ұғымын «елес» деп 
алыпты, оның қазақша баламасы «ал-
дану немесе көз байлау» дегенге ке-
леді. Мұндай дәлелі кем ғылыми тұ-
жырымдар кітаптың әр жерінен кезде-
сіп қалады. Енді термин олқылықта-
рына келейік. Автор «абстракция» 
деген ұғымды «жалаңаштау» деп 
алыпты, бұдан гөрі «оқшаулау», «де-
рексіздендіру» деген дұрыс еді. Күні 
бүгінге дейін осы термин ана тіліміз-
де абстракция күйінде алынып жүр. 
М.Жұмабаев абстракция заттың сы-
нын заттан бөліп алып, сол сынды же-
ке бір зат қылып ойлау, депті. Дұры-
сы: заттар мен құбылыстарды жал-
пылау арқылы оның бір елеулі қасие-
тін қалған қасиеттерінен ойша бөліп 
алу. Мәселен, «бор», «қант», «айран», 
«сүт», т.б. ақ заттардың ортақ белгі-
сі «ақшыл» – осы соңғы ұғым аб-
стракция деп аталады. Автордың 
«түйсікті» – «әсерлену», «елестетуді» –
«суреттеу», «есті», – «зейін», «пікір-
ді» – «хүкім», т.б. дейтін баламалары 
да қазіргі психологияның қазақ ті-
ліндегі ғылыми атауларымен үйлесің-
кіремейді.
М.Жұмабаев орыс педагогикасының 
білгірі К.Д.Ушинскийше педагоги-
каны жан сырының заңдылықтарын 
зерттейтін психологиямен астарлас-
тыра байланыстырған тұңғыш қа-
зақ ойшылы. Ол педагогиканы пси-
хологиясыз, яғни шәкірттердің жан
жүйесі (зейін, ес, қиял, ойлау, сөйлеу,
т.б.) ерекшеліктерін ескермейінше, 
оқу-тәрбие процесінің теориялық 
қисындарын баяндайтын педаго-
гиканың дәрменсіз болатындығын 
ерекше ескертеді. Педагогика адам-
ды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны 
жан-жақты терең зерттелу қажетті-
гіне нұсқаған К.Д.Ушинский пікір-
лерімен Мағжан түйіндері керемет 
үйлесіп жатыр.
М.Жұмабаевтың осы кітаптағы пси-
хологиялық ой-түйіндерінің негізгі 
арқауы «...адам баласын тәрбиелеу 
дегенде, әрине, адам баласының, 
әсіресе жанын тәрбиелеу керек деп 
ұғу керек... Дүниеде теңіз терең емес,
адамның жаны терең... Адам тіл ар-
қасында ғана жан сырын сыртқа шы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет