Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


қалпын реттейтін жүйке орталықта- ры бар. Аралық ми көру төмпешік- терінен және төмпешік асты аймағы- нан



Pdf көрінісі
бет238/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

 
қалпын реттейтін жүйке орталықта-
ры бар. Аралық ми көру төмпешік-
терінен және төмпешік асты аймағы-
нан
 
тұрады. Мидың осы бөлігін тор 
тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл 
бөлім дененің барлық рецепторла-
рын ми қабығымен байланыстырады,
ал мұндағы көру төмпешігі – аффе-
ренттік талшықтардың жиынтығы 
болып табылады. Мидағы осы орта-
лық, оның төменгі бөліктеріне (жұ-
лын т.б.) басшылық ету процестері-
нің жұмысын реттестіріп отырады.
Ми қызметінің белсенділігін арттыру
не төмендету, оған баратын импульс-
терді іріктеп, електен өткізу де осы
бөлімнің қызметі. Оны миды энер-
гиямен қамтамасыз ететін аккумуля-
ЖҮЙК
ЖҮЙК


229
тор не басқару пульті деуге болады.
Ретикулярлық формацияға миды 
қажетті энергиямен қамтамасыз етіп 
тұру жағы жүктелген. Мәселен, адам 
күрделі ой әрекетімен айналысқанда 
оның миына біраз энергия қажет 
болады. Мұндайда мидың осы бө-
лігінің жұмыс қабілеті арта түседі. 
Аталмыш жүйке орталығы эмоция, 
ерік процестерін басқаруда, сондай-
ақ адамды ширатып, зейінін арттыра 
түсуде елеулі рөл атқарады. Егер осы 
айтылған ми бағанасының құрамда-
ры эволюциялық дамудың төменгі 
сатысында тұрған жануарлардың 
психикасы үшін елеулі орын алатын 
болса, жоғары сатыдағы жануарлар 
мен адамдардың өмірінде негізгі 
рөлді ми қабығы атқарады. Денеде 
болатын барлық құбылыстарды өз 
қарамағында ұстайтын ми қабығы 
адамдарда ерекше жетілген.
Адам миының күрделілігі, оның кө-
лемі мен ішкі құрылысынан жақсы 
байқалады. Жоғары сатыдағы жануар-
лар мен адам миының денеге байла-
нысты арасалмағы мына төмендегі-
дей: Кит 1/20000, Піл 1/500, Жылқы 
1/400, Ит 1/250, Маймыл 1/100, Адам 
1/46. Ми сыңарлары екі бөліктен (оң 
жақ және сол жақ сыңар деп ата-
латын) тұрады. Ми сыңарларының 
салмағы мидың жалпы салмағының 
80 процентіне тең. Мұның ішінде ақ 
зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми 
қабығы деп аталынады. Ол қалыңды-
ғы 3-4 миллиметрлік бірнеше қабат-
тардан тұрады.
Бұл қабаттардың клеткалары типі 
мен қызметіне қарай бір-бірінен өзге-
ше болып келеді. Осы клеткалардан 
тарайтын жүйке талшықтары оларды 
сезім мүшелерімен, бүкіл денемен, 
сондағы барлық клеткалармен байла-
ныстырады. Ми қабығындағы осын-
дай жүйке клеткаларының саны 15 
миллиардқа жуық деп есептелінеді. 
Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. 
Олар: маңдай, төбе, желке және са-
май деп аталынады. Ми қабығы бі-
рыңғай тұтас мүше, ол бейне қабыл-
дағыш аспап тәрізді, көптеген анали-
заторлардың (талдағыштардың) яд-
росынан тұрады.
Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, 
дәм т.б. анализаторлардың жүйке 
орталықтары бар. Мәселен, мидың 
желке бөлігінде көру зонасы, самай 
бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозға-
лыс орталықтары орналасқан. Осын-
дай орталықтардың саны 200-ге
жуық. Бұлардың мидағы орны бір
жерге шектелмеген, жүйке жасуша-
лары (клеткалары) мидың басқа бө-
ліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми 
қабығының дамуы еңбек процесімен 
қатар жүріп отырған. Оның дамуы 
адамның сезім мүшелерінің, әсіресе, 
заттарды сипай сезу арқылы таныта-
тын қолдың дамуына үлкен әсер ет-
кен. Адамның жүйелі-дыбыстар шы-
ғаратын дауыс аппаратының (тамақ-
тан, тілден, таңдай мен еріннің бұл-
шық еттерінен келетін тітіркендіргіш-
терді қабылдайтын клеткалар), есту 
мүшесі мен көзінің ерекше дамуы да 
ми дамуының нәтижесі. Расында да 
табиғат жасаған кереметтердің есе-
бі жоқ.
Ми солардың ішіндегі ең бір теңдесі 
жоқ түрі. Оның әлде де ашылмаған 
көптеген құпия сырлары бар. Мәсе-
лен, мида бір ойдан кейін екінші 
ойдың қалайша пайда болатындығы, 
өлең шумақтарының қалайша есте
қалатындығы, яғни осындай жағдай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет