Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет236/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖҰМА
ЖҰМА


227
ғарып басқалардың жан сырын ұға 
алады. Адам өз жанының көріністе-
рін өзі бақыламаса, жан көріністері-
мен таныс болмайды... Ұлттың тілі 
кеми бастауы, оның құри бастаға-
нын көрсетеді... ұлттың тілінде сол
ұлттың жері, тарихы, тұрмысы міне-
зі айнадай анық көрініп тұрады. 
Ойдың тілі – сөз. Бір сөз арқылы ға-
на неше түрлі ойымызды сыртқа біл-
діре аламыз. Баланың маңайындағы 
сөйленетін сөздер де әдеттегі, сұлу 
болуға тиісті. Былық сөзді естіп өс-
кен бала өмір бойы былық «была-
пыт» тілді болады... Ата-ана қатал 
болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ 
болса, бала да жұмсақ... сондықтан 
баланың маңындағы адам дұрыс мі-
незді болу керек... Мінез тәрбиесі... 
жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан
иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету 
деген сөз... Адамның өзін-өзі тек-
серуі оның жан-тұрмысының өр-
кендеуіне, түзу жолға түсуіне, бірін-
ші шарт... Қазақтың қаны бір, жаны
бір жолбасшысы – мұғалім... Тәр-
биешісінің табансыздығын сезсе, 
бала оны сыйлаудан, тілін алудан қа-
лады...», т.б.
Ұлы ақынның методикалық еңбек-
тері де психологиялық жағынан ерек-
ше көңіл аударарлық. Мәселен, оның 
қазақ мектептерінде оқу құралдарын 
қандай етіп жазу керектігі жайлы 
«Жазылашақ оқу құралдары һәм 
мектебіміз», (Бостандық туы, 1921, N5),
сондай-ақ «Бастауыш мектепте ана 
тілін оқыту жолы» (1925), «Сауатты 
бол» (1926), «Әліппе» (ересектерге 
арналған 1929), т.б. газет-журналдар-
да жарияланған көптеген ғылыми-
публицистикалық мақалалары өз алды-
на әңгіме етуді қажет ететін тақырып.
ЖҮЙЕЛЕУ 
– ретімен тұтастықты 
құрайтын элементтердің жиынтығы, 
ойлау операцияларының бірі. Ж-дің 
белгілері: екеуден шексіздікке дейін-
гі құрылымы; элементтердің қатына-
сы; жүйелілікті түзуші факторлар-
дың тұтастық байланысы. Психоло-
гиялық жүйенің компоненттері мақ-
саттар, үрдістер, жағдаяттардан тұра-
ды. Ж. – жалпылау арқылы шындық-
тағы заттар мен құбылыстарды бел-
гілі бір принципке орналастырудан 
тұратын ойлау операциясы. Ж-дің
жоғары түрі топтастыру (классифи-
кациялау). Жүйелі талдау – құбы-
лыстар мен объектілерді, әр түрлі 
құрылымдарды бөліп көрсету арқы-
лы, оның тұтастығын көрсету тәсі-
лін іздестіру.
ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ
– организмнің 
сыртқы ортамен байланысын жүзеге 
асырып отырады, айналадан келетін 
тітіркендіргіштерге жауап қайыра-
ды. Бұлармен қатар жүйке жүйесі 
түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, 
клеткалардың қызметін, зат алмасу 
мен қан айналысын басқарып, сырт-
қы ортаның үнемі өзгеріп отыратын 
жағдайларына оларды бейімдеп, 
үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі 
нейрон 
деп аталатын жеке клеткалар-
дан құралған. Бұл нейрондардың 
әрқайсысының екі түрлі тармағы бо-
лады. Олардың бірі – ұзын тармақты 
нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – 
көптеген қысқа тармақты дендрит деп 
аталынады. Нейрондардың тарамдала 
келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін 
жүйке орталықтары дейді. Бұлар 
орталық перифериялық (шеткі) және 
вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің 
өнебойына орналасқан. Орталық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет