401
қа болады, ал күрделі ойлау үрдіс-
терінде ұзақтау болады. Кейбір адам-
дарда күрделі ой тәсілдері өте тез іс-
ке асады. Бұл адамдар тапқыр, ойдың
ұшқырлығымен ерекшеленеді. Бас-
қаларында
ойлау әрекеті жай іске
асады.
Ойдың ұшқырлығы әртүрлі фактор-
ларға байланысты: біріншіден, ойлау
үшін қажетті материалды есте сақтау
беріктігіне және қайта жаңғырту
жылдамдығына,
оның ішінде ассо-
циативтік үрдістердің жылдамдығы-
на, сезімдердің, зейіннің, қызығудың
жүйке жүйесінің жағдайларына бай-
ланысты.
Екіншіден, ойдың ұшқырлығы білі-
міне, логикалық формаларды меңге-
ру дәрежесіне, ойлау қызметінің жат-
тығуларына, ойлау дағдыларының да-
му дәрежесіне байланысты.
Үшіншіден, ойдың ұшқырлығы жо-
ғарыдағы
жағдайлармен қатар ше-
шуге тиісті міндеттердің сипатына,
мазмұнына және қиыңдық дәрежесі-
не байланысты.
Ойлаудың күрделі үрдістері. Кейде
адам
бірнеше жылдар бойы сары-
лады. Мысалы, И.П.Павлов шартты
рефлексті алу үшін 20 жылдан астам
уақытын ғылыми-зерттеу жұмысына
арнады. Көптеген ұлы адамдар, ғұла-
ма ғалымдар, Ньютон, Павлов ойлары-
ның ұшқырлығымен ерекшеленеді.
Психологияда төмендегідей қарапа-
йым және шартты түрде
ойлаудың
түрлерін жіктеу кездеседі: көрнекі-
лік – әрекеттік, көрнекілік – бейнелік,
дерексіз (теориялық) ойлау.
Көрнекілік-әрекеттік ойлау. Тарихи
даму
барысында адамдар алдында
тұрған міндеттер алғашында прак-
тикалық іс-әрекет түрінде танылып,
кейін одан теориялық іс-әрекет бөлі-
ніп шықты. Мысалы, алғашында адам-
дар жер бөліктерін өлшеуді практика-
лық түрде үйренді (қадамдармен жә-
не т.б.). Содан кейін осы практикалық
іс-әрекет пен жинақталған білімдер-
дің негізінде бірте-бірте жеке теория-
лық ғылым – геометрия қалыптасты
және дамыды. Практикалық және
теориялық
іс-әрекет бір-бірімен өз-
ара тығыз байланысты.
Практикалық іс-әрекеттің дамуы нә-
тижесінде одан өз алдына дербес тео-
риялық ойлау әрекеті бөлініп шықты.
Тек адамзаттық тарихи дамуында ға-
на емес, әрбір бала психикасының
даму үрдісінде осы практикалық іс-
әрекеттен гөрі алғашында баланың
ойлау әрекеті дамыды.
Мектепалды жас кезеңінде (3 жасқа
дейін)
ойлау негізінен көрнекілік-
әрекеттік. Бала қабылданатын заттар
мен құбылыстарды талдайды және
жинақтайды, ол қолымен әртүрлі
әрекет жасайды. Бұл кезеңдегі бала-
лар өз ойыншықтарын тас-талқан
қылып бұзып, қайта біріктіреді. Ал-
ғашқы кезде бала тікелей затпен әре-
кет ете отырып, міндеттерді шешеді.
Бірте-бірте күрделі
іс-әрекеттерді,
күрделі ойлау міндеттерін шеше бас-
тайды. Мысалы, балалар енді күрде-
лі практикалық іс-әрекеттерді орын-
дауға бейімделеді, болашақ корабль-
дер мен ұшақтардың моделдерін құ-
растырады.
Көрнекілік – бейнелік ойлау. Ойлау
міндеттерінің мазмұны бейнелік ма-
териалдарға негізделеді. Ойлаудың
бұл түрінде бала міндетті шеше оты-
рып, заттардың, құбылыстардың, оқи-
Достарыңызбен бөлісу: