47
«түр», «форма» деген екі сөзден құрал-
ған. Табиғат құбылыстарымен жануар-
ларды, құдайларды адам сипатында
елестететін түсініктер. А. – шынын-
да тек адамдарда ғана болатын психи-
калық қасиеттер мен қабілеттердің жа-
нуарларда да болатыны туралы тү-
сінік.
АНТРОПОЦЕНТРИзМ
– ақиқат-
тың барлық құбылыстары мен процес-
терін түсіндіруде ортаға адамды қою
қажеттілігі жөніндегі философиядағы
бір тұжырымдама. А. өкілдері келесі
болжамға сүйенеді: биологиялық эво-
люция заңдары бірыңғай және олар
міндетті түрде әртүрлі планеталарда
өзін-өзі танитын материяның жоғар-
ғы түрі – адамның бар болуына әкеле-
ді. Осы болжамға ғаламның саналы
өркениеттерімен байланыс орнату мүм-
кіндігі негізделеді. Инженерлік пси-
хологияда (
Инженерлік психология-
ны қараңыз
)
орталықта мәшине бола-
тын механоцентрлік тұжырымдама-
ның орнына, алдыңғы орынға адам
қойылатын антропоцентрлік тұжы-
рымдама келді. Мәшине енді тек адам-
ның физикалық және психологиялық
мүмкіндіктерін күшейтетін «қызмет-
ші» рөлін атқаратын болды. Антропо-
центрлік кешен – адам, компьютер, ор-
та кіретін техникалық жүйе. А.к. бар-
лық құрамдас компоненттері өзара ты-
ғыз байланыста болып, бір-біріне әсер
етеді. Адам А.к. орталық буыны бо-
лып табылады. Осыған байланысты
өндірісте, басқаруда, танымда, оқыту-
да, ойында және т.б. аралас адамдық-
мәшинелік жүйелер жасалады. А.к.
қызмет етуінің негізгі принциптері –
адамдық және техникалық компо-
ненттердің бірлігі, тиімділік, гуманиза-
ция, сенімділік, еңбек субъектісінің
оның барлық жағымды қасиеттері мен
артықшылықтарымен бірге шешу-
ші рөлі.
АҢДАУ
– сананың болжамға сүйен-
ген, көмескі көрінісі; танымның бас-
тапқы сатысы. А. синонимі –
аңғару.
Адамның өзінің танымдық тәжірибе-
сі негізінде сезім мүшелері арқылы қа-
былдаған сыртқы (материалдық) және
ішкі (рухани) дүние әсерін пайымда-
уы, мәнін аңғаруы. Бұл процесс әрі қа-
рай санамен, ақылмен зерделеуге, та-
нуға көшуі, шын танымға айналуы
мүмкін. Таным процесі түйсіну, сезіну,
аңдау сатылары арқылы жүреді. Сезім
мүшелері қызметінің сапасына, инди-
видтің темпераменті мен ақыл-ой алғыр-
лығына байланысты адамдардың аң-
дағыштығында айырмашылықтар бо-
лады.
АҢҚАУЛЫҚ
– адам мінезіндегі нан-
ғыштық, бейқамдық, қулығы жоқтық
қасиет. Мінез-құлқының тұрақты қа-
сиеттеріне айналуы, ең алдымен, сол
адамның дүниетаным деңгейі мен ақыл-
ой өрісіне байланысты. Адамдардың
иланғыш, сенгіштігіне байланысты
халқымыз адам мінезіндегі аңқаулық-
тың әртүрлі сипаттарын «аңқаулану»,
«аңқаусу», «аңқаю», «аңғал», «аңғал-
дық», «аңғырт» дейді. Кейбір адам-
дардың аңғалдықтарды әдейі жасай-
тындықтарын мінеп-шеней, олар «аң-
қау», «аңқаусиды», «аңғырттану», «аң-
ғалданды» деген атаулармен анықтал-
ған. Адамның иланғыштығы мен бей-
қамдығы – аңқаулықтың көрінісі. А.
білімсіздіктен туындамайды. Ол мі-
нез-құлықтағы аңғырттық қасиет.
Достарыңызбен бөлісу: