Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет48/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АНТР
АҢҚА


48
АПАТИЯ
– (грек. 
apatheia – 
қаз. 
бей- 
тараптық, қызықпаушылық
)
 
адамның 
өзіне және айналадағы болып жатқан-
дарға төменгі белсенділікпен және 
теріс эмоциялық ойланулармен салғырт 
қарауы. 1) енжарлық, көңілсіздік. Өмір-
ге немқұрайды қараудан, сезімнің то-
пастанып, көмескіленуінен болады; 
Апатияға салынған адам туған-туыс-
қандарына, жақын дос-жаранына сел-
қос қарайды, идеялық мүдделерден, 
мәдени дағдылардан айырылады, эмо-
циялық сергектігі бәсеңдеп, сөне бас-
тайды; 2) филос. стоиктерше, адам 
жанының сезімдерден, барлық құмар-
лықтан жұрдай болуы; 3) эмоционалды 
немқұрайдылық, әрекетсіздік ахуал.
АППЕРЦЕПЦИЯ
– 
апперцептио 
деген лат. сөздерінен алынған. (Лат. 
«ап» – үстеме жұрнақ, «перцепцио» –
қабылдау. Қаз. 
қабылдауға қосымша 
деген мағынаны білдіреді). Адамның 
психологиялық ахуалы мен оның өт-
кендегі өмір тәжірибесінің мазмұнын 
қабылдауда мұның маңызы ерекше. 
Бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселер-
ді қабылдауда танымдық өлшем қыз-
метін атқарады. А. 
тұрақты 
және
уақытша 
деп екіге бөлінеді. 
Тұрақты 
А. 
адамның қызығуы мен дүниета-
нымына, мамандығы мен білім дең-
гейіне байланысты болып отырады. 
Мыс., «түбір деген сөзді филолог пен 
биологтың, математик пен химиктің 
қабылдауы түрліше.
Уақытша А. 
адамның әртүрлі алда-
нуы (иллюзия) салдарынан жаңсақ 
пікірлер туғызады. Мұндай мәселені
зерттеген неміс ғалымы Г.Лейбниц. А. 
ұғымы бір нәрсеге сананың шоғыр-
ланып анық ерекше айқындайтын 
ахуалын білдіреді. Ал келесі неміс 
ғалымы В.Вундтың пайымдауынша
ойлаудың және психикалық үрдістер-
дің барысын бағдарлайтын ішкі күш-
ті білдіреді. А. – қабылдаудың адам-
ның өткен тәжірибесінен, психика-
лық іс-әрекетінің жалпы мазмұны мен 
оның жеке-дара ерекшеліктерінен 
тәуелділігін бейнелейтін қабылдау 
процесінің қасиеті. А. қабылдаудың 
тұлғалық деңгейін сипаттайды. А. қа-
былданатын объекттің мағыналық қа-
былдануын қамтамасыз ететін және
оның ерекшеліктері жөнінде болжам-
ды туғызуға мүмкіндік беретін инди-
видтің өмірлік тәжірибесінің нәтиже-
сі ретінде сипатталады.
А. келесі түрлері ажыратылады:
1) тұрақты А. – қабылдаудың тұл-
ғаның тұрақты ерекшеліктерінен: дү-
ниетанымы, сенімдері, білім деңгейі 
және т.б. тәуелділігі;
2) уақытша А. – жағдаяттық пайда 
болатын психикалық қалыптар: эмо-
циялар, экспектациялар, бағдарлар жә-
не т.б. көрініс табады.
Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам 
жаңсақ пікірде болады, мұны уақыт-
ша апперцепция дейді. А-ның уақыт-
ша түріне А.С.Пушкиннің «Вурдалак» 
деген өлеңі жақсы мысал бола алады. 
Осы өлеңінде Ваня қорқақ бала түнде 
зират арқылы жүріп бара жатады. 
Ол қорыққанынан қара терге түседі, 
сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан 
шыққан өлікке балайды. Өйткені, 
оның өзі осындай кереметтердің «бо-
латындығына» сенетін.
М.Әуезов «Қыр әңгімелерінде» Жор-
тар қарттың басынан кешкен бір оқи-
ғаны былайша суреттейді. «
Бейіттің 
іші әлгіден де жарық болып кетіп, ар- 
тынан бәсеңдегендей болды... құ- 
дай көрсетпесін – көзіме бұрын тү- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет