456
мей, «себеп-салдар», «мақсат-құрал»
типіндегі бір-бірінен туындайтын
оқиғалар аралық байланыстардың
күрделі жүйесін бейнелейтін болып
шығады.
П С И ХОЛ О Г И Я Л Ы Қ Ү Й Л Е -
СІМДІЛІК –
әртүрлі топтар мен
ұжымдағы адамдар арасындағы тіл
табысушылық, мұндағылардын өз
ісінен рақат, ләззат алу, бейжай бо-
луына себепші болатын психология-
лық көңіл күйі. Топ мүшелерінің бір-
бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни
бірінің іс-қылығы екіншісіне ұнай-
тын болса, бір-бірінің мінез-құлқын,
қарым-қатынасын жатырқамай дұ-
рыс қабылдаса – онда психология-
лық үйлесімділіктің болғаны. Ал
мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреу-
дің қарекетін екіншісі ұнатпаған
жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәр-
сенің өзі де кейде қолдау таппайды,
бірі екіншісін түсінбейді. Адамдар
арасындағы көзқарас пен сенім бір-
лігі, не оның әртүрлілігі, мүдделері
мен мінез бітістерінің, темперамент
ерекшелігінің қарама-қайшылығы да
үйлесімділікпен қатар үйлесімсіздік-
ке де себеп болады.
Егер адам шамадан тыс қазымыр,
тұйық не беймаза, не тәкаппар, өркө-
кірек болса да топтағы адамдармен
дұрыс сыйыса алмайды. «Қырық
кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп
халық тегін айтпаған. Әйтпесе топтың
бірер мүшесінің міндеті осындай бо-
лып келсе тіпті қиын. Кейде топтың
жұрттан оқшау қалуы да осы жағдайға
бірден-бір себепші болады. Кісі топ
ішінде өз орнын біреуге жалбақтап,
жарамсақтану, не жағымпаздану жо-
лымен емес, өзінің табиғи болмысы-
мен сүйкімді. Қадір-қасиетімен, ашық,
жайдары мінезімен табады. Топқа
үйлесу үшін адамның білімділігі, іс-
керлігі, өз білгенін басқалардан аямай,
олармен зиянсьп бөлісуге, көмекте-
суге әзір тұрушылығы да қажет. Сон-
дай-ақ кісінің сырт бейнесі мен кел-
бет-кескінін, яғни дене күші факто-
рын да ескермесе болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: