487
институттарда орнығады, симво-
ликамен кодталып, баса көрсетіледі
(ерекшелік белгілері, киім, табу, дәс-
түрлер, жоралар).
Қоғам
тарихы сегрегацияның әр
алуан түрлерінің көп болғандығын
көрсетеді. Сегрегацияның негізі
адамдардың арасында нақты бар,
ерекше түрде ұғынылған айырма-
шылықтар болуы мүмкін: жыныс –
жыныстық
сегрегация, жас – жасқа
қарайғы сегрегация, антропология-
лық тип – нәсілдік сегрегация,
этнос-
тық қатыстылық – ұлттық сегрегация.
Оған сондай-ақ белгілі бір страти-
фикацияланған топтарға, сословие-
лерге, касталарға (сословиелік, кас-
талық С.) қатыстылық,
діне құпия
жораларға қатыстылық негіз болуы
мүмкін. Әлеуметтік қауымдастық
деңгейінде идеологияда, саясатта,
этикетте көрінеді.
Тұлғааралық қа-
тынастар деңгейінде С. Басқа санат-
тың адамдарын және өзін-өзі ұғы-
нудағы әлеуметтік ұстанымдар мен
стереотиптер түрінде болады. С. уа-
қытша сипатта болуы мүмкін, мыса-
лы, жасөспірімдердің инициация
ғұрыптары кезінде өзінің бұрынғы
тобынан ажырап жаңа топқа қосыла
қоймаған
кезінде олар әлеуметтік
статусынан айырылып, қоғамнан тыс
қалғандай болады. Бұл мәжбүрлік
оқшаулану олардың өмірінде бет-
бұрыс кезең болып, оның тұлғалық
құрылымына әсері болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: