Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет517/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   513   514   515   516   517   518   519   520   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
СЕзГІШТІК
– 1) организмнің түй-
сіне аларға қабілеттілігі. Ол фило-
генезде тірі организмдер қоршаған 
ортаның факторларын, тікелей био-
логиялық мәні бар әсерлерге қатысы 
жөнінен сигналдық функция атқара-
тын осы факторларға жауап әрекет 
білдіре бастаған кезде пайда болды;
2) дифференциалдық психология
мен мінезтануда – аффектілік реак-
цияларға көтеріңкі дайындық; 3) пси-
хофизикада – түйсіну табалдырығы-
на кері пропорционал шама. Осы-
ған сәйкес, абсолюттік және диф-
ференциалдық (айырымдық) сезгіш-
тік сараланады. Сезгіштік түрлерінің
таптастырылуы түйсінулердің қазіргі 
таптастырылуларына сәйкес келеді.
Мысалы, жасалатын сенсорлық тал-
даудың егжей-тегжейлілігі дәрежесі 
бойынша ерекшеленетін сезгіштік 
түрлерін ажыратады. Тітіркеңдіргіш-
тің сипатын ескере отырып, механи-
калық, оптикалық, химиялық, темпе-
ратуралық және басқадай стимул-
дардың әрекетін сезгіштік туралы 
айтуға болады. Организмнің сез-
гіштігін түйсінулердің негізінде ға-
на емес, әртүрлі психологиялық-фи-
зиологиялық процестердің өтулері-
нің өзгерулеріне қарап бағамдауға 
болады. Нәтижесінде, әдетте, әртүрлі 
бірнеше көрсеткіш келіп шығады. 
Мысалы, мидың интегралдық ырғақ-
тарының өзгеру реакциясы бойын-
ша анықталатын көрушілік сезгіштік 
сыналушының сөзбен айтып берген 
себебі негізінде бағаланатын сез-
гіштіктігі жоғары болып шығады. 
Соңғы жылдары жаңа теориялық тү-
сініктердің (сигналды байқау тео-
риясы) пайдаланылуы арқасында 
психофизикада сезгіштіктің «түйсіну 
табалдырығы» ұғымынан тәуелсіз 
неғұрлым қорытылған анықтамала-
ры пайда болды.
С. (түйсік) – 1) жалпы алғанда – сти-
муляциядағы сезгіштік; 2) арнайы 
мағынасы – әлсіз (нашар) стимулға 
СЕзГ
СЕзГ


488
жауап қайтару, сезгіштіктің төменгі
табалдырығы; 3) басқа біреудің сезі-
мін түсіну. Талдағыш рецепторлары-
на әсер еткен тітіркендіргіштердің 
бәрі бірдей түйсік тудыра бермейді. 
Түйсік тудыру үшін тітіркендіргіштің 
белгілі бір дәрежеде мөлшері мен кү-
ші болуы қажет. Бұл – түйсіну про-
цесінде түйсік табалдырығына бай-
ланысты. Түйсік табалдырығының 
шегі – абсолют табалдырық. Абсо-
лют табалдырықтың күші адамның 
абсолюттік сезгіштігін сипаттайды, 
абсолют табалдырық күші неғұрлым аз 
болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым 
өткір болғаны. Басқаша айтқаңда
абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түй-
сіктің абсолют табалдырығы мөл-
шеріне кері пропорциялы болады. 
Белгілі талдағыштардың абсолюттік 
сезгштігі әр адамда әртүрлі болуы
мүмкін. Мысалы, бір бала сыбырла-
ған сөзді алыстан естиді, ал екін-
шісі естімейді. Бұдан бірінші ба-
ланың абсолюттік сезгіштігі екінші 
баланыкінен жоғары екендігі бай-
қалады. Адам талдағыштарының 
абсолюттік сезгіштігі шынында да 
жоғары болады.
СЕзІМ
– адамдардың бір-бірімен 
қатынас жасау қажеттігінен туын-
дайтын және біртіндеп дамып қа-
лыптасып отыратын жан қуаты. 
Мәселен, достық, адалдық сезімдері, 
адамда бірден қалыптаса қоймайтын 
белгілері. Ал, эмоция болса, адамның 
түрлі органикалық қажеттіліктеріне 
байланысты оқтын-оқтын туып оты-
ратын, кейде шағын, кейде қүрделі, 
ситуациялы көріністері. Мәселен, 
адам қуанғаннан немесе қамыққан-
нан көзіне жас алады, не болмаса 
бір нәрсеге мәз болып ішек сілесі 
қатқанша күледі, әрине, мұндай 
жағдайдың ұзаққа созылмайтыны 
белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның
бірінші ерекшелігі, сезімдерде мә-
нерлі қозғалыстар (мимика, панто-
мимика) жөнді байқалмайды, тұрақ-
ты терең әсерлі сезім адам психо-
логиясындағы басты белгілердің бі-
рі, ал эмоция болса мәнерлі қоз-
ғалыстарға бай келеді, мұнда адам 
өзін тек организм тұрғысынан көр-
сете алады.
Адамның жоғары сезімдері – иман-
дылық, интеллектілік, эстетикалық. 
Жоғары сезімдердің қалыптасуына, 
адамның өскен ортасы, отбасы, ұжы-
мы елеулі әсер етеді, әсіресе халқы-
мыз айтқандай «Сөз сүйектен өте-
ді 
.
..»
 
т.б. мәтелдері сезімді тәрбие-
леу қажет екеніне дәлел болады. Осы 
тұрғыдан алғанда, С. ми қабығының 
жұмысынан, ондағы динамикалық 
стереотип жасалып отыратындығынан 
тәуелді. Ал эмоцияға келсек, мұның 
физиологиялық негізі ретикулярлық 
формацияның лимби жүйесінің, 
сондай-ақ, ондағы гипоталамус бө-
лігінің (дененің зат алмасуы, тем-
пературасын реттестіретін жүйке) 
орталығымен ұштастырамыз. Мә-
селен, осы жүйке қызметінің орта-
лықтарына зақым келсе, адам тойға-
нын білмейтін, немесе шөлі қанбай-
тын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде 
де сезімдер мен эмоцияның бір-бі-
рінен айырмашылығы байқалады. 
Адамның сезімдері ылғи да қоғам-
дық-тарихи сипатта болады. Мәсе-
лен, адамның адамгершілік сезімдері 
(жолдастык, борыш, жауапкершілік
адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамда-
ғы өзгелерге байланысты өзгеріп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   513   514   515   516   517   518   519   520   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет