Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет571/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТРАЙБАЛИзМ
рулық тайпалық 
негізде оқшаулануға ұмтылу. Т. прин-
циптеріне негізделген топтар (кландар) 
саяси және экономикалық өмірге бел-
сенді араласады.
ТРАНС
(франц. 
transir – 
сілею, мел-
шию) – сананың бұзылуы, айналада-
ғы жағдаятты және өз қылықтары-
ның мақсаттарын ұғынбай мінез-құ-
лықтың күрделі актілерін бірнеше 
минут бойына не одан да ұзақ уақыт 
автоматты түрде атқарудан көрінеді. 
Мысалы, Т. күйінде адам кенеттен 
жүгіре жөнелуі, күрделі ырғақты қи-
мылдар мен қозғалыстарды қайталай 
бастауы мүмкін. Кейде ол ұзақ уақыт 
ТөЛЕ
ТРАН


539
бойы ел аралап сапарға шығып ке-
туі ықтимал. Т.-тың басталуы да, аяқ-
талуы да кенеттен болады. Бұл кезең 
туралы есінде ештеңе қалмайды, 
Т. кезіндегі адамның жүріс-тұрысы 
айналасындағыларға жөн-жосықты 
болып көрінуі мүмкін, ол қарапайым 
сұрақтарға жауап бере алады, үйрен-
шікті әрекеттерін орындайды. Т. нев-
роздар кезінде, эпилепсия ұстағанда 
және басқа да кейбір психикалық ау-
рулар кезінде байқалады.
ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ
– ата-
анасынан ұрпақтарына қандай да 
бір белгілердің, ерекшеліктердің бе-
рілуі. Ұрпақтардың биологиялық са-
бақтастығы. Әрбір түрге тән морфо-
логиялық, физиологиялық және т.б.
ерекшеліктердің тұрақтылығын қам-
тамасыз етеді, сол арқылы түрлер 
арасындағы айырмашылықтарды, ал 
түрлердің ішінде түрдің жеке мүше-
лері арасындағы айырмашылықты 
сақтайды.
Т.-тың материалдық тасымалдаушы-
лары гендер – молекулалары орга-
низмнің барлық жасушаларының 
хромосомаларында бар дезоксири-
бо-нуклеин қышқылдарының бөлік-
тері болып табылады. Барлық ген-
дердің жиынтығы сол организмнің 
генотипін, яғни ата-анасының ұрпа-
ғынан алынған тұқым қуалайтын 
факторлардың жиынтығын түзеді. 
Жаратылыс заңдылықтарына сәйкес, 
әрбір адамның бірегей генотипі, яғ-
ни әрбір кісінің қайталанбас ерек-
шелік қасиеттері оның тұқымқуалау-
шылығында күн ілгері белгіленген 
болып шығады. Алайда кез келген 
ген өзіне сәйкес орта болғанда ғана 
белсендіріледі. Олай болмаса, геннің 
белсенділігі мүлдем көрінбей қалуы
немесе күрт төмендеуі мүмкін. Гено-
тип пен ортаның өзара әрекетінен 
фенотип – сырттай бақыланатын ана-
томиялық, физиологиялық және т.б. 
белгілердің нақты көріністері түзіле-
ді. Психиканың жеке ерекшеліктері-
нің қалыптасуы үшін маңызды орта 
әсерлері де әрбір адам үшін ерекше 
болады.
Т.-пен ортаның әсер ету арақатына-
сын анықтау үшін генетикалық әдіс-
тер: популяциялық, генеалогиялық, 
егіздік әдіс, асыранды балалар әді-
сі қолданылады. Егіздік әдіс – пси-
хогенетиканың, негізгі әдістерінің 
бірі; генотиптік және орта фактор-
ларының адамдардың психология-
лық ерекшеліктерінің қалыптасуы-
на әсер етуін зерттейді. Бұл сала-
да жоғары психикалық. функцияға
темпераментке жататын психология-
лық ерекшеліктер зерттелді. Алын-
ған мәліметтер нәтижесінде адамдар 
арасындағы көптеген психологиялық 
айырмашылықтар тұқым қуалау 
факторларына байланысты екені 
анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   567   568   569   570   571   572   573   574   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет