543
қабылдаушы дегенді білдіреді) жа-
тады. Бұл Т.-тер бізден сырт заттар-
дың қасиеттерін бейнелейді.
Бұған
көру, есту, иіскеу, дәм, тері және си-
пай сезу Т.-тері жатады.
Екінші топ-
қа
рецепторлары ішкі ағзалардағы
сезім
органдарының қозуынан туа-
тын Т.-тер
(интероцепторлар)
кіреді.
Органикалық түйсіктер (ашығу, шөл-
деу) дейтіндерді осыған жатқызуға
болады.
Үшінші топқа
қозғалыстар
мен дененің кеңістікте орналасуымен
байланысты болатын қозғалыс (не-
месе кинестетикалық) Т.-тері кіреді.
Қозгалыс анализаторларының рецеп-
торлары
(проприоцепторлар)
бұлшық
еттерде және сіңірлерде болады.
ТҮЙСІКТІҢ АБСОЛЮТТІ ТА-
БАЛДЫРЫҒЫ
– кез келген модаль-
дықтағы тітіркеңдіргіштің сәл ғана
сезгіштікті
тудыратын, минимальды
шамасын (сәулелік, дыбыстық т.б.)
білдіреді.
Тітіркендіргіштердің бай-
қалар, байқалмас түйсік туғызатын
ең аз мөлшерін түйсіктің абсолюттік
табалдырығы деп атайды.
Бейнелеп
айтқанда, анализаторлар –
бұл адам
миының «ашық тұрған есігі», бұл
арқылы оған қозулар барады. Бірақ
өте әлсіз тітіркендіргіштер түйсік ту-
ғызбайды. Түйсіктер
табалдырығы
неғұрлым төмен болса, қандай да бір
ағзаның сезгіштігі соғұрлым жоғары
болады. Адамның анализаторлары-
ның сезгіштігі өте жоғары және бұ-
дан да әрі дами алады.
Егер ауада
көруді төмеңдететін су буы, тозаң жә-
не басқа қоспалар болмаса,
біз жа-
нып тұрған шамды (әдеттегі мөлшер-
дегі) 25 километр жерден көрер едік.
Адамның ми түйсігінің соншалықты
сезінгіш екенін 1 л ауаға 0,000 000
005 г мускусты (ерекше күшті иісі
бар, хош иісті зат) ерітсе адамның
оның иісін түйсінетінін білуге бола-
ды. Түйсіктің
абсолюттік табалды-
рығынан басқа,
айыру табалдырығы
да болады.
Тітіркендіргіштің түйсік
мөлшерін байқалар-байқилмас етіп
өзгертетін ең аз өзгеруін айыру та-
балдырығы деп атайды.
Жарық сәу-
лесі үшін бұл табалдырық бастапқы
тітіркеңдіргіштің 1/100-не тең; ды-
быс үшін – 1/10; қысым үшін – 1/30.
Біздің көруіміздің тітіркендіргіштер-
дің айырмашылығын сезінуі өте зор.
Адамның көзі түстердің жарты мил-
лионға жуық реңкін айыра алады.
Кейбір мамандықтар үшін айыру та-
балдырығының төмен болуы маңыз-
ды. Мысалы, әртүрлі тамақ өнімдері-
нің дәмдік
сапасын белгілейтін ма-
ман (дегустатор – лат.
degustare
дә-
мін тату деген сөзінен) түйсігінің жо-
ғары сезімталдығының арқасында
шайдың, шараптың, кофенің сан алуан
сорттарын айыра біледі және дәміне
қарай олардың қай жерде өскенін жә-
не қашан даярланғанын біледі.
Достарыңызбен бөлісу: