Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет583/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ТІЛЕ
ТІЛЕ


550
ар етер... Бір жақсымен дос болсақ,
Азбас, тозбас мүлкі етер... Жақсы-
лардың, өзі өлсе де сөзі сау...
Жырау осындай ақ жарқын адал да, 
абзал жандардың бақыты жанбай, 
еңбегі бағаланбай, жұртқа жақпайтын 
кездері де болады деп қынжылады:
Бір жақсысы бар болса, Қоңқалаған
көп жаман, Сол жақсысын көре алмас...
Шалкиіз жыраудың пікірінше, жаман 
адам – бұл ішіне сыр сақтай алмай-
тын, дұрыстап ойланып сөйлеу де қо-
лынан келмейтін, басқаның ақы-
лын тыңдауға босқа арланатын, өмі-
рі қулық-сұмдықпен күн кешетін,
дос-жолдас дегеннің не екенін біл-
мейтін, реті келсе адамды сатып ке-
туге дайын тұратын қорқақ, бишара 
жан. Жаман адамның мұрнына жақ-
сылықтың иісі де бармайды. Ол өті-
рік айтуға, алдап кетуге, бейім тұра-
ды. Ел басына күн туса, ол өз басын 
сағалап жүреді. Осындайлар жөнін-
де Шалкиіз былай дейді: Жаманға 
сырыңды қосып сөз айтпа...Жаман 
туған бар болса, Жаман жолдас көп 
болса, Жазаны содан көрерсің... Қы-
ға шықпас жаманның, Барынан да 
жоғы игі... Бір жаманға сөз айтсаң
Есікті кетер сарт ұрып, Жаманның, 
жамандығы сол болар, Сөйлесе дә-
йім бетін қара етер... Ойлап тұрсам 
жаманның, Жалаңдаған өз басына ті-
лі жау – деген жолдардан жаман адам-
ның психологиясы қандай болатын-
дығын тану қиын емес.
Достық пен бауырмалдықты, ізгілік 
пен ұйымшылдықты адамдардың 
бір-бірімен бауырласып, тату өмір 
сүруін аңсаған жырау адамның жақ-
сы қасиеттерін ерекше қастерлейді
жастарға досың мен қасыңды ажыра-
та біл, көлденеңнен кез келгенге сы-
рыңды шаша берме деп кеңес береді. 
Ойшыл жырау ылғи да халық мүдде-
сін қастерлейді, ел басшыларының 
жұртқа ұнамды болып келуін қалай-
ды, адамгершілігі мол, ер жаужүрек 
батыр адамдарды жастарға үлгі етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   579   580   581   582   583   584   585   586   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет