Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет66/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
АФФЕРЕНТТІК СИНТЕз 
(лат
. af-
ferens
– әкелуші) – функциялық жү-
йе теориясында шешім қабылдау мақ-
сатымен қоршаған орта және іске 
қосылатын стимул жөніндегі есте сақ-
талған материалды, мотивацияны, ақ-
параттарды жинақтау. Бұл тұрғыда жад 
(ес) – эволюция процесінде және жеке 
бастық тәжірибе арқылы қалыптасқан 
иерархияның әр түрлі деңгейіндегі өз-
ара байланысты функциялық жүйе-
лердің жинағы, ал мотивация – орга-
низм қажеттіліктерінің нақты бір кө-
рінісі ретінде түсіндіріледі. А.с. кезін-
де мотивацияның арқасында бір кез-
дері осы қажеттілікті қанағаттанды-
руға әкеліп соқтырған барлық жүйе-
лердің актуалдануы арта түседі. Орта 
жөніндегі ақпарат осы жағдайда талап 
етілетін нәтижелерге қол жеткізуге 
көмектеседі. Мотивация және жағдай-
дың ықпалымен таңдап алынған әлде-
бір оқиға-іске қосылатын стимул –
жүйелердің бірі болған сәтте ақырғы 
шешім қабылданады. Жүйелердің ие-
рархиялық ұйымы организмнің қор-
шаған ортамен бейімделгіштік арақа-
тынасының эволюциялық және жеке 
тұлғалық қалыптасуы. А.с. мидың 
әлдебір жекелеген құрылымынан орын
АФФЕ
АФФЕ


66
алмайды; ол мидың және организм-
нің бүкіл көлемін қамтитын морфоло-
гиялық (орталық және перифериялық, 
афференттік және эфференттік) құ-
рылымдарға жататын әр түрлі нейрон-
дардың өзара әрекеттесу процесі бо-
лып табылады.
АФФИЛИАЦИЯ
(ағылш.
affili-
ate – 
қаз. 
қосу, қосылу

– 
адамның 
топпен бірге болуға мотивациялық, 
эмоциялық қажеттілігін білдіретін 
ұғым. А. адамның басқа адамдармен 
бір ортада болуға, олармен өзара әре-
кеттесіп, біреуге көмек беруге, қолдау 
көрсетуге, және сонымен қатар, басқа
тарапынан да сондай көмекті алуға
талпыныс түрінде көрініс табады. 
Ол әсіресе, адамның қатты стреске, 
депрессияға, қорқыныш пен үрейге
душар болғанда, өзіне-өзі сенімсіздік-
тің арту жағдайында қарқынды кө-
рінеді. Себебі А. психиканы мобили-
зациялап, сезімдік-эмотивті күйзеліс-
терді бәсеңдетеді. А. – адамның бас-
қа адамдардың қоғамында болуға 
ұмтылуы. Адамның айналадағы адам-
дармен жағымды эмоционалды: дос-
тық, жолдастық т.с.с. жайларды сақ-
тауға және бекітуге қажетсінуі. А-ға
бейімділік, субъект ықтимал қауіпті-
лігі бар стресс жағдайына ұшыра-
ғанда байқалады. А. – адамның ай-
наладағылармен жағымды эмоция-
лық, достық, жолдастық қатынастар-
ды сақтап және бекітуге бағытталған 
адамның қажеттілігі. Адамдармен 
дара эмоционалды жақын болуға ұм-
тылысы.
АХУАЛ –
бұл ұғым көбінесе топ-
тық психологияға байланысты ай-
тылады. Сондықтан оны «әлеуметтік-
психологиялық ахуал» немесе «пси-
хологиялық атмосфера» ұғымымен
белгілейді. Бұған топ пен ұйымдағы-
лардың өзара қарым-қатынасы, көңіл 
күйі мен ынтымақтығы, бірін-бірі тү-
сіне алу, тәртіп пен жауапкершілік, 
топтық борыш пен намыс, үйреншікті 
жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын
т.б. осы секілді компоненттер кіреді.
Оң жақсы ахуалға, сондай-ақ топта-
ғылардың бір-біріне деген шексіз се-
німі, басқалардың ақыл-кеңесіне құлақ 
асу, бір-біріне деген шынайылық пен 
жылы шырайды жатқызуға болады. 
Еңбек өнімділігі, оның нәтижесі ұжым-
дағылардың кәсіби шеберлігі мен дағ-
дысы, білімі мен икемділіктерінен ға-
на тәуелді болмай, мұндағы қалып-
тасқан жұрттың тұрақты көңіл күйіне
де байланысты болады. Мәселен, жақ-
сы көңілмен 3 секундта орындалатын 
бір деталды 1,6 секундта орындауға 
болады екен, ал ұрыс-керіс, дау-да-
май бар жерде адам 30 минутке де-
йін өзіне-өзі келе алмайтындығы анық-
талған. Сөйтіп, көтеріңкі көңіл күйі, 
білек сыбанған құлшыныс, жарасқан 
ынтымақ, жолдастық көмек, бірін-бі-
рі демеу, қандай ауыр жұмыс болса да,
оның нәтижелі орындалуына себеп-
ші болады. Мұндайда еңсені басар са-
ры уайым, жабырқау мен түңілу, жал-
ғызсырау ұрыс-керіс болып жары-
майды да, шығармашылық іске аса қа-
жетті қолайлы ахуал орнайды. Осын-
дай ахуал ұжымдағы адамдардың пси-
хологиясына жақсы әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет