116
1878 жылы Бехтерев академияны үз-
дік бітіреді. Оның талант қабілетін
байқаған ғалымдардың көмегімен ол
профессорлық қызметке әзірленуге
академияда қалады. 1880 жылы Бех-
терев «Кейбір
психикалық аурулар-
дағы дененің температурасын зерт-
теудің клиникалық тәжірибесі» деген
тақырыпта диссертация қорғайды.
Оған приват-доцент атағы беріліп,
Қазан университетіне қызметке жібе-
ріледі.
Бехтеревтің ғылыми шығармашылы-
ғының Қазанда өткен дәуірі ғылыми
және саяси-әлеуметтік істерге толы.
Ол Қазандағы округтік психиатрия-
лық емхананы үлкен
клиникаға ай-
налдырады, мұнда ғылыми және пе-
дагогикалық мәні бар мәселелерді
зерттейді. Қазан университетінде ол
Россияда бірінші болып психофи-
зиологиялық лаборатория ұйымдас-
тырады,
невропатологтер мен пси-
хиатрлардың қоғамын құрып, «Невро-
логия хабаршысы» дейтін журнал шы-
ғарады. Қазанда болған 8 жыл ішінде
ол «Кейбір байқалған жүйке аурула-
ры» деген екі томдық еңбегін және
өзінің классикалық еңбегі «Бас майы
мен жұлынның өткізгіш жолдарын»
баспаға әзірлейді.
1893 жылдан Бехтерев Петербургтегі
Әскери-хирургиялық академияда қыз-
мет етеді. Мұнымен қатар ол Әйел-
дер
медицина институтының жаңа-
дан ашылған жүйке және психика ау-
рулары кафедрасының меңгерушісі
болып тағайындалды.
Академияның клиникасын басқару-
дағы 20 жыл ішінде Бехтерев «Ми
функциясы туралы ілімдердің негізі»,
«Психика және өмір», «Объективтік
психология» атты күрделі еңбектер-
мен қатар, ғылымның әр саласында
200-ден аса құнды мақалалар жария-
лады.
Ғылым дүниесінде
Бехтерев невро-
патология және психиатрия саласын-
дағы еңбектерімен ерекше көзге тү-
седі. Ол психикалық ауруы бар адам-
дарды емдеп жазуға болатындығын
дәлелдеді.
В.М.Бехтеревтің оқу-тәрбие мәселе-
сіне байланысты көптеген құнды пі-
кірлері де аз емес. Ол педологияның
Ресейде негізін қалады.
Достарыңызбен бөлісу: