209
ді. Жарнама хабарлайды, түсіндіре-
ді, сендіреді. Олай ету үшін жалпы-
ға ақпарат үрдісінің функциясы, нұс-
қасы және адамдардың білім деңгей-
лері мен кімдерге арналғанын жан-
жақты қарастырады. Ж.п. жарнама-
ның әртүрлі әлеуметтік функция-
ларының механизмдері мен заңды-
лықтарын зерттейді.
ЖАС –
адам дамуының кезеңі,
ор-
ганизм мен тұлға қалыптасуына тән
сипатты заңдылықтар жиынтығымен
сипатталады. Жас – дамудың белгілі
бір сатысындағы тұлға құрылымының
өзіндік ерекшелігін анықтайтын бір-
қатар өзгерістер тән болатын сапа-
лық тұрғыдан ерекше кезең болып
табылады. Педагогикалық тәжірибе,
психологиялық бақылаулар, меди-
циналық практика эмпириялық не-
гіздерде әр түрлі жас кезеңдерін са-
ралайды.
Жасқа орай дамуды кезеңдерге бөлу-
дің қазіргі варианттары шартты түр-
де алынған, өйткені әрбір көзқарас
тұрғысына тән критерийлерге негіз-
делген. Жастың психологиялық си-
паттамасы тәрбие мен дамудың нақ-
ты тарихи жағдайларына, қарекет
пен қарым-қатынас ерекшеліктеріне
орай анықталады. Жас шекаралары
өзгермелі және әр түрлі әлеуметтік-
экономикалық жағдайларда бір-
дей болмайды. Әлеуметтік орта эле-
менттерінің балаға ықпалының си-
паты оның бұдан бұрынырақта да-
мыған қандай психологиялық қа-
сиеттерден өтіп қабылданатынына
байланысты. Осы ішкі және сыртқы
жағдайлардың жиынтығы жастың
ерекшелігін анықтайды, ал бұлардың
арасындағы қатынастың өзгеруі жас
тұрғысындағы келесі кезеңдерге өту-
дің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне
себеп болады. Жас тұжырымы ғы-
лымның даму барысында елеулі өз-
герістерге ұшырап отырды. Ассо-
циацияшылар бұл дамуды таза сан-
дық өзгерістерге сайады. Бихевио-
ризм шеңберіндегі зерттеулерде ма-
шықтар мен дағдылардың қалыпта-
суы ғана есепке алынады. Фрейдизм
мен неофрейдизм өкілдері тұлғаның
түрткі себеп-эмоция тұрғысында-
ғы эволюциясын ғана негізге алып
жас кезеңдерін саралауға әрекеттен-
ді. Отандық ғылымда баланың төл-
құжаттық жасы оның нақты даму
деңгейінің критерийі бола алмайты-
ны көрсетіледі: бұл деңгейді анық-
тау үшін баланың психологиялық
жағдайына, тұлғалық сипаттамала-
рына, осының өзінде нақты бары ға-
на емес, толысу кезеңінде, таяудағы
даму айғағы деп аталатын да сипат-
тамаларға талдау жасау керек бо-
лады.
Жалпы организмнің және атап айт-
қанда, жүйке жүйесінің толысуы,
стадиялық сипатта болады, жаңа пси-
хологиялық құрылымдар түзбей, әр-
бір жас кезеңінде жаңа тәжірибені
игеру үшін, жаңа қарекет әдістерін
меңгеру үшін, жаңа психологиялық
процестер қалыптастыру үшін айрық-
ша алғышарттар жасайды. Осымен
қатар кері байланыс та байқалады:
баланың өмірі мен тәрбиесі жағдай-
ларына орай организмнің белгілі
бір жүйелерінің, ми құрылымдары-
ның қарқынды жұмыс істеуі ми био-
химиясына, жүйке құрылымдары-
ның морфогенезіне, ми қабығының
Достарыңызбен бөлісу: