Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет216/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖАНУ
ЖАНУ


208
зім органдарының даралануына, 
жіктелуіне алып келеді. Осының 
негізінде қарапайым сенсорлық пси-
хика
 
ортаның жекелеген қасиетте-
рін бейнелеу қабілеттілігі пайда бо-
лады. Жануарлардың жерде өмір сү-
руге көшуіне және бас ми қыртысы-
ның дамуына байланысты тұтас құ-
былыстарды психикалық бейнелеу 

перцептивтік психика
 
пайда болды.
Ақырында, одан әрі өмір сүру жағ-
дайының қиындауы өте жетілген қа-
былдау органдары мен іс-әрекетке 
және ерекше жетілген мидың дамуы-
на алып келеді, жануарларда заттар
мен құбылыстар түрінде оларды
сезгіштік қабылдаудың мүмкіншілік-
терінің пайда болуына көмектеседі. 
Сонымен, психиканың дамуы жа-
нуарлардың ортаға бейімделуінің қа-
жеттілігімен анықталады және пси-
хикалық бейнелеу осы бейімделудің 
барысында қалыптасатын органда-
рының қызметі болып табылады. 
Тіптен басқа түрде ерекше белгіле-
рімен сипатталатын психика дамуы-
ның жоғары сатысы – адам санасы
 
болып табылады. Адам санасының 
негізгі айырмашылығы, оның пайда 
болуы психика дамуын басқаратын 
заңдардың өзгеруімен байланысты. 
Егер де жануарлар дүниесінің бүкіл 
даму тарихында психика дамуының 
бағынған ортақ заңдары – биология-
лық эволюция заңдары болды, ал 
адам психикасының дамуы қоғамдық
тарихи даму заңдарына бағынады.
ЖАРАМСАҚТЫҚ
– адам мінезін-
дегі ұнамсыз сипат саналатын жа-
ғымсыз қылық. Ж. – біреудің лауа-
зымы мен беделіне, үлкендігіне қа-
рап жалпылдап, жарамсақтанып кө-
рінуге ұмтылуы. Өзінше жақсы көрі-
нуге тырысып жағымпаздану. Ж. ті-
лімізде жарамсақ, жарамсақсу, жа-
рамсақсы, жарамсақтан, жарамсақ-
тану, жарамсақ-тас дейтін кекесіңді 
түрлері мен бірнеше атаулары бар.
Оларды мән-жайына қарай қолда-
нулары да әрқилы сипат мағынада 
болып отырады. Мыс., біреуге жақсы
атанып жағымпаздық көрсету – Жа-
рамсақтық. Ж. мінез ұнамсыз, жағым-
сыз сипаттар деп бағаланғанмен әр-
бір адамның даралық мінезін, бо-
йында қалыптасқан әдет-дағдылары-
мен де санасуды қажет етеді.
Мұндай жайттар адамның даралық 
психологиялық ерекшеліктері деп 
бағаланады. Ж. мінездегі ұнамсыз 
сипаттарға кері қатынаста болатын 
жарамдылық, жарамды деп аталатын
ұнамды, игі қасиеттер де бар. Жа-
рамдылық – белді, күшті, баршылық, 
төзімділікті білдіретін мінез ерекше-
ліктері. Қолынан іс келетін, қабілет-
ті адамды жарамдылық қасиеті бар 
деп санаймыз. Жарамсақтықтың қо-
лайлылық, ыңғайлылық, өтейтіндік 
дейтін де бағалы да ұнамды жақта-
ры бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет