Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет254/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ИБН-СИНА (980-1037) 
– Орта- 
азиялық ғалым. Жан туралы, оның 
табиғилығының негіздері туралы 
ілім құрушы. Ол өз Шығыс әлемінде 
әл-Фарабиден кейін психология са-
ласында терең мағыналы түйіндер 
жасаған ғұлама. Мәселен, жан қуат-
тарының (түйсік, ес, ойлау т.б.) ми
қызметінде туындайтын, оның бір-
тіндеп онтогенезде дамып отыра-
тындығын, адамның мінез, қабілет, 
темперамент ерекшеліктері сыртқы 
ортаның әсерінен өзгеріске түсіп оты-
ратындығын нақты тәжірибе арқы-
лы дәлелдеулері 5 томдық «Дәрігер-
лік ғылымның канондары» атты не-
гізгі еңбегінде көрініс тапқан.
ИБА
ИБНС


245
ИГЕРУ 
– индивидтің қоғамдық-та-
рихи тәжірибе алуының негізгі жо-
лы. И. процесінде адам заттардың 
әлеуметтік мәндерін және олармен 
іс-әрекет жасау әдістерін, мінез-құ-
лықтың адамгершілік негіздерін жә-
не басқа адамдармен қарым-қатынас 
нысандарын меңгереді. Адамдық мі-
нез-құлықтың барлық мазмұндық 
компоненттері – ынталандырушы-
түрткілік және операциялық компо-
ненттер игерілуге тиіс. Адами мате-
риалдық және рухани мәдениет зат-
тарының мән-мағынасын және олар-
мен іс-әрекет жасаудың амалдарын 
игеру оқыту процесінің негізгі ішкі
мазмұны болып табылады. Өнегелі-
ліктің өзегі – мінез-құлықтың адам-
гершілік нормаларын игеру. И-де 
заттың, пәннің жаңа мағынасын анық-
тау жөніндегі іс-қимылды меңгеру 
көзделеді, мұның өзі осы іс-қимыл-
ды жүзеге асыру жағдайларын бас-
тапқы объективтендіруді (үлгі, құрал-
дар, орындау жоспары және т.б. тү-
рінде) талап етеді.
Бұл жағдайлар анық емес түрде де 
берілуі мүмкін (мыс., басқа адамдар-
дың мінез-құлқына қамтылуы мүмкін).
И-дің пәрменділігі – оның сапасы, 
беріктігі мен жылдамдығы – қалып-
тасуға тиісті іс-қимылдың бағдар-
лаушылық негізінің толық болуына, 
игерілетін мазмұнда қамтитын мате-
риал типтерінің заттық, логикалық жә-
не психологиялық әралуандылығы-
на, іс-қимылдың қалыптасу процес-
терін басқарылу шамасына тәуелді. 
Осы жағдайлардың жүзеге асырылуы 
жаңа мағынаның игерілуімен (ұғым-
ның қалыптасуымен) қатар, осы ма-
ғынаны қолдану жөніндегі толыққан-
ды іс-қимылдың құралуына жеткі-
зеді. И-дің нәтижелерінің жаңа – іс-
қимылдардың, ұғымдар мен мінез-
қүлық нысандарының – бұдан арғы 
тағдыры көбінесе игеруші субъект 
үшін өзекті маңызы бар қарекет түр-
лерінің құрылымындағы орнына бай-
ланысты.
ИГІЛІК 
– 1) ізгі іс-әрекет пен жақ-
сы жұмыстың мәнді нәтижесі. Игі
әрекет жанұя үшін, ел үшін жасалады 
да, оның нәтижесі – И. деп аталады. 
Қазақ халқының Отандық игілігі –
егемендік, тәуелсіздік; 2) әдеп пен 
философияда белгілі бір жағымды 
мағынасы бардың бәрі. Ежелгі за-
манның әдептік ілімдерінде әртүрлі 
ұғындырылды: рақат көру немесе 
құмарлықты тежеу, парасатты жа-
ратылыстың төменгісінен үстемдігі 
мағынасындағы ізгілік және т.б. Пла-
тонда И. болмыс иерархиясындағы 
жоғарғы басқышпен ұқсастырылды. 
Аристотель И-ті денелік (денсау-
лық, күш және т.б.), сыртқы (байлық,
ар, даңқ және т.б.) және жандүние-
лік (ақыл алғырлығы, мінез қайы-
рымдылығы және т.б.) деп саралады.
Орта ғасырлардағы схоластикада ең
жоғары И-тер барлық И-тердің бас-
тауы және адами тілек-армандардың 
түпкі мақсаты Құдай атымен бай-
ланыстырылды. Жаңа замандағы еу-
ропалық философияда нені болсын И. 
деп бағамдауда (адам неге ұмтылса, 
оған не қажет болса сол) субъекттің 
рөлі баса көрсетілді. И-тің енді бір 
тұрғыдан ұғындырылуында оны ути-
литарлық пен пайдалылыққа саю 
болды. XIX ғасырдың ортасынан былай 
«игілік» ұғымын «құндылық» ұғымы 
біртіндеп ығыстырып шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет