Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет255/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ИГЕР
ИГІЛ


246
Бұл мағынада жағымды материал-
дық және рухани құндылықтарды 
білдіретін бағамдаушылық сана мен
құндылықтар туралы ілімнің (аксио-
логияның) жалпы ұғымы болды. 
Материалдық құндылықтарға рақат 
көру, пайдалылық, әл-ауқаттылық, 
қолайлылық, рухани жақсылық, 
әсемдік, ақиқат, көлемділік, шындық 
жатады. И-тер адамның жоғарғы 
немесе сөзсіз өмір сүруінің амалы не-
месе шартты И-тер болып саралан-
ды: соңғылары ілгерідегілеріне же-
тудің құралы делінді. Абсолют И. 
деп өздігінен алғанда бағалы және 
қалаулы И-тер деп аталды. Әртүрлі 
философиялық және әдептік ілімдер-
де абсолюттік И. адамның мәнін жә-
не оның әлемдегі орнын (қоғамда-
ғы, ғарыштағы) ұғына байланысты-
ра баяндау болды. Гуманистік дү-
ниетаным кемел әрі еркін адамның 
басқа адамдармен, қоғаммен және 
табиғатпен үйлесімді мұратын И. деп 
біледі.
ИДЕАЛ
– мұрат. И. – адамның өмір-
ден өзіне өнеге іздеуінен, біреуді үл-
гі, ардақ тұтып қастерлеуінен туын-
дайды. И.(мұрат) – адамның алдына 
қойған аса ардақты, ең асыл мақса-
ты. Адам осыған жету үшін қолдан 
келгеннің бәрін пайдаланады. Мұрат-
қа жету үшін, қолдан келетін әдіс-
тәсілдің бәрін сарқа пайдаланып, 
оған күшті ерік-жігер және қажыр-
қайратты жолдас етіп өзін тәрбиелеу-
ге кірісу керек. И.- жақсыға жетуді 
арман етіп, сол үшін әрекет жасау. 
И. дүниетаным, айқын сенім, сөз 
бен істің байланысы бар жерде ғана 
болады. Балаларды асыл мұраттар 
рухында тәрбиелеу – ата-аналар мен
педагогтардың және әлеуметтің мін-
деттерінің бірі.
ИДЕНТИФИКАЦИЯ 
(лат.
iden-
tificatio 
– ұқсас, бірдей деп санау, 
теңестіру). 1) бір нәрсені, біреуді та-
ну; 2) бір нәрсемен, біреумен ұқ-
састыру, теңдестіру. Бірінші мағы-
насында И. термині танымдық про-
цестер психологиясында, сондай-
ақ инженерлік психология мен заң 
психологиясында қолданылады; И. 
екінші мағынасында субъекттің өзін 
басқа субъектпен, топпен, үлгімен 
ұғынбай теңестіруінің эмоциялы-
когнитивті процесі; 3) әлеуметтік 
психологияда индивидтің өзін басқа 
адаммен ұқсастыруы, өзін басқаның 
орнына қоюы, оның жеке бастық 
мағыналарын игеруі. Соған сәйкес 
мінез-құлық нысандары (альтруизм, 
эмпатия, т.б.) пайда болады. И. нә-
тижесі бақылау арқылы объектіні үй-
ренуі және оған еліктеуі.
И. барысында субъект объекттің сырт-
қы мінез-құлық нысандарын, басқа 
адамның ойларын, сезімдерін, әрекетін 
өзіне көшіреді. И. барысында басқа 
адамның идеалдары, құндылықтары, 
нормалары, өнеге сапалары, рөлдері 
меңгеріледі, игеріледі. И. даму пси-
хологиясында баланың басқа адам-
дардың психологиясы мен қылық-
тарына өзін теңестіруінен көрінеді.
И-да бала өзі үлгі тұтқан басқа адам-
дардың қасиеттері мен қылықтарын 
қабылдайды (қ. 
ұқсастыру
).
ИДЕОМОТОРИКА 
(грек.
idea 
– 
ұғым, түсінік, лат. 
motor – 
қозғалысқа 
әкелетін) – идеялармен берілген сырт-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет