34
тақырыпта кандидаттық диссертация
қорғаған. Оның педагогикалық психо-
логия тақырыбында жазған көптеген
ғылыми мақалалары бар.
АЛДАНУ
– түрлі себептерге байла-
нысты шындық құбылыстарды бұр-
малап, теріс қабылдау себептері ғы-
лымда әлі толық анықталмаған. А-дың
пайда болуына көру талдағыштары-
ның ерекшеліктері, қабылдау жағда-
йының өзгеруі, көру мүшесінің түр-
лі кемістіктері т.б. әсер ететін болуы
керек. Көру қабылдауында «Оптика-
лық-геометриялық алдану» (екі өл-
шемді контурлық кескін фрагментте-
рі арасындағы метрлік арақатынас-
тардың бұрмалануы); «Жарық кон-
трастары
қарама-қарсылық феноме-
ні» (сұр жолақ қара фонға қарағанда
ашық фонда күңгірт сияқты көрінеді).
Қимыл-қозғалыста да алданулар көп
кездеседі. Олар: а) автокинетикалық
қозғалыс (толық қараңғыда байқала-
тын, объективті түрде қозғалмайтын
жарық көзінің ретсіз орын ауысты-
руы); ә) стробоскопиялық қозғалыс
(қозғалмайтын
екі тітіркендіргішті
бірінен соң бірін іле-шала көрсеткен-
де қозғалыс туғандай әсер болуы);
б) индукциялық қозғалыс (қоршаған
фонға қарай қозғалмайтын объекттің
қозғалысы сияқты көрінуі). Грузин
психологтары (Д.Н.Узнадзе және оның
шәкірттері) арнайы бағдар алдану-
ларын (нұсқалық иллюзиялар) зерт-
теген.
Шарпантье алдануының сал-
мақтылығы бірдей, бірақ көлемі әр-
түрлі екі нәрсенің кішірегі ауыр сияқ-
ты көрінеді. Неміс ғалымы Г.Гельм-
гольцтің айтуынша, алдану эффектісі
қабылдаудың тұрақтылығын қамта-
масыз ететін механизмдердің әдетте-
гіден тыс жағдайдағы қызметі. Көпте-
ген зерттеулер алданудың оптикалық
және физиологиялық себептерін (де-
терминант) анықтауға арналған. А-дың
сырын дұрыс түсінудің
тәжірибелік
мәні зор. Мәселен, иллюзиялар архи-
тектура мен бейнелеу өнерінде, поли-
графиялық әшекейлеулерде, театр
сахналарын безендіруде жан жүйесіне
қолайлы әсер («психологиялық ком-
форт») ету үшін қолданылады.
А. деп түрлі себептерге байланысты
шындықтағы объектілерді қате
қабылдауды атайды.
А. сан алуан се-
бептерге байланысты пайда болады.
Мыс., шай құйылған стаканға салын-
ған қасықтың «сынған» ұқсап тұруы
физика заңдылықтарымен түсіндіріл-
се, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ
пікірлер адамның әртүрлі ерекшелік-
теріне байланысты. Көзге қозу үрдісі-
нің жайылуы, көздің затқа бейімде-
луі, қозғалысы, қабылданатын затқа
көздің төселмеуі т.б. 1. болмас іс, сағым;
2. бұлдыр, қиял. Қабылдаудың, қиял-
дың және естің феномендері. Адам-
ның миындағы, шынайы құбылысқа
немесе объектіге сәйкес келе бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: