Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет419/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ОЙЛА
ОЙЛА


402
ғалардың әртүрлі бейнесін талдай-
ды, салыстырады, жинақтауға ұмты-
лады. Көрнекілік – бейнелік ойлау не-
гізінен қабылдау мен елестетулерге
негізделуі қажет. Бұл ойлаудың түрі
негізінен өнер адамдарына, шығар-
машылықпен жұмыс істейтін маман-
дықтың өкілдеріне тән. Атап айтқан-
да, жазушыларда, суретшілерде, саз-
герлерде, актерлерде көрнекілік-бей-
нелік ес басымырақ келеді.
Мұғалімдер оқыту үрдісінде шәкірт-
тердің көрнекілік-бейнелік есін да-
мытуға ерекше мән береді, сабақта 
көрнекілікті жиі қолдана отырып, 
балалардың қызығуын, таным ерек-
шеліктерін дамытуға, ой-өрісін, бел-
сенділігін арттыруға, шәкірттердің 
оқу материалын терең меңгеруіне 
көмектеседі.
Дерексіз ойлау жалпы және дерексіз
ұғымдарда негізделеді. Бұл ойлау
екінші сигнал системасының қызме-
тімен байланысты. Алгебрадан есеп-
терді шешуде біздің ойларымыз бен 
пайымдауымыз дерексіз ойлауға мы-
сал бола алады. Дерексіз ойлаудың
нақтылы ойлаудан жан-жақтылығы-
мен ерекшеленіп қоймайды, сонымен 
қатар шындықты терең пайымдау ар-
қылы іскс асады. Бір ғана пікірде біз
барлық заттар мен құбылыстарға қа-
тысты байланыстар және заңдар ту-
ралы ойлауымыз мүмкін. Кейбір де-
рексіз пікірлерде қабылдаулар, елес-
тетулер арқылы болмайтын заңды-
лықтарды қамти аламыз. Дерексіз та-
биғат туралы, заң туралы, сан және 
сапа туралы ойлай аламыз.
ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ
оқу міндетте-
рінің орындалуы төмендегі О.і.-ә. 
арқылы жүзеге асырылады: 1) оқу 
міндетін қабылдау немесе өзінше 
қою; 2) оқылатын затқа қатысты 
кейбір ортақ мәселелерді айқындау 
мақсатында оқу міндеттерінің шарт-
тарын сәйкестендіру; 3) белгіленген 
қатынастардың заттық, сызба не 
өзге белгілер түріндегі үлгісін құру; 
4) оның қасиеттерін «таза» түрде 
көрсетуге арналған үлгі құру; 5) жал-
пы амалмен орындауға болатын же-
ке тапсырмалар жүйесін құру; 6) ал-
дыңғы әрекеттердің орындалуын ба-
қылау; 7) оқу міндетін орындаудың 
нәтижесі ретінде жалпы амалдарды 
меңгеруін бақылау. О.і.-ә. оқушының 
қабілеттерін, білімдерін, икемдікте-
рін және дағдыларын дамытуға ба-
ғытталған өзінің жекелік әрекеттері. 
О.і.-ә.- адамның жаңа білімдерді
икемділіктерді және дағдыларды 
немесе ескілерді өзгертіп игеретін 
үрдіс. О.і.-ә. жоспары – оқытылатын
пәннің тізімдерімен, олардың оқу 
жылына әр пәнді оқытуға сағаттың 
бөлінуін, мектеп оқушыларының ап-
та бойына меңгеретін пәндер жоспа-
рын қарастыратын нормативті құжат. 
О.і.-ә ұйымдастыру түрі – оқытудың 
әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануды 
жүзеге асыру үшін оқушыларды топ-
тастыру. Жекелік, тұтастық, топтық 
және ұжымдық болып бөлінеді. Бұ-
лардың бәрі өзара байланысты.
ОҚШАУЛАУ
(франц. 
іsоlаtіоп – бөлі- 
ну, жекелену). 
Бұл мәнде бірнеше ар-
найы салаларда қолданылады; 1) ге-
нетикада – көбейген популяцияның 
түрдің басқа мүшелерінен бөлінуі. 
Мұндай бөліну күрделі әлеуметтік-
мәдени факторларға байланысты 
туындауы мүмкін. Мұндай топ кө-
беюші изолят деп аталады; 2) психо-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет