Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет481/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ПСИХ
ПСИХ


456
мей, «себеп-салдар», «мақсат-құрал» 
типіндегі бір-бірінен туындайтын 
оқиғалар аралық байланыстардың 
күрделі жүйесін бейнелейтін болып 
шығады.
П С И ХОЛ О Г И Я Л Ы Қ Ү Й Л Е -
 
СІМДІЛІК –
әртүрлі топтар мен 
ұжымдағы адамдар арасындағы тіл 
табысушылық, мұндағылардын өз
ісінен рақат, ләззат алу, бейжай бо-
луына себепші болатын психология-
лық көңіл күйі. Топ мүшелерінің бір-
бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни 
бірінің іс-қылығы екіншісіне ұнай-
тын болса, бір-бірінің мінез-құлқын, 
қарым-қатынасын жатырқамай дұ-
рыс қабылдаса – онда психология-
лық үйлесімділіктің болғаны. Ал 
мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреу-
дің қарекетін екіншісі ұнатпаған 
жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәр-
сенің өзі де кейде қолдау таппайды, 
бірі екіншісін түсінбейді. Адамдар 
арасындағы көзқарас пен сенім бір-
лігі, не оның әртүрлілігі, мүдделері 
мен мінез бітістерінің, темперамент 
ерекшелігінің қарама-қайшылығы да
үйлесімділікпен қатар үйлесімсіздік-
ке де себеп болады.
Егер адам шамадан тыс қазымыр, 
тұйық не беймаза, не тәкаппар, өркө-
кірек болса да топтағы адамдармен 
дұрыс сыйыса алмайды. «Қырық 
кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп 
халық тегін айтпаған. Әйтпесе топтың 
бірер мүшесінің міндеті осындай бо-
лып келсе тіпті қиын. Кейде топтың 
жұрттан оқшау қалуы да осы жағдайға 
бірден-бір себепші болады. Кісі топ 
ішінде өз орнын біреуге жалбақтап, 
жарамсақтану, не жағымпаздану жо-
лымен емес, өзінің табиғи болмысы-
мен сүйкімді. Қадір-қасиетімен, ашық, 
жайдары мінезімен табады. Топқа 
үйлесу үшін адамның білімділігі, іс-
керлігі, өз білгенін басқалардан аямай,
олармен зиянсьп бөлісуге, көмекте-
суге әзір тұрушылығы да қажет. Сон-
дай-ақ кісінің сырт бейнесі мен кел-
бет-кескінін, яғни дене күші факто-
рын да ескермесе болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   477   478   479   480   481   482   483   484   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет