Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет491/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ПЫСЫҚТАУ
(мектепте) – оқыту 
процесінде оқушылардың алған бі-
лімі мен дағдысын бекіту, тиянақтау, 
жүйеге келтіру мақсатымен бұрынғы 
өткен материалға қайта оралу. П. –
оқу-таным жұмысының кезеңі, оқы-
ту процесінің қажетті құрауышы. 
Сабақ құрамында пысықтау ерекше 
орын алады. Оқып өткен материалды
пысықтау оқушылардың алған білі-
мін есінде сақтап қалуына жәрдем 
етеді. Материалды жиірек пысықтап, 
дұрыс жабдықтамайынша тиянақты 
білім алу қиынға соғады. П.-дың 
түрлері көп. Осыған байланысты әр-
кездегі пысықтау – қайталаудың көз-
деген мақсаты, қолданылу әдіс-тә-
сілдері де түрліше. П.-дың қай түрі 
болса да оқушылардың білімін тұ-
рақтандырып, оларды өздігінен шы-
ғармашылық еңбек етуге, ізденуге 
үйретеді.
ПЫСЫҚТЫҚ
– жұмыстық қабілет-
тің жоғары нәтижелі түрі, кісілік 
қасиеттің жасампаз белгісі. Пысық-
тау – істің ыңғайын білетін іскерлік-
тің, тындырымдылықтың, тыңғы-
лықтың қайнар көзі. Пысықтау өз 
ісіне деген ширақтық пен белсенді-
лік, мақсатына деген сауаттылық 
пен талғампаздық, күш-қуаттың жі-
герлілігі мен жүйелілігі.
Пысық адам ойланбай іске аралас-
пайды, орынсыз шиеленіске бармай-
ды, істің бас-аяғын сараптап, уақы-
тын текке есепсіз босқа өткізбейді
жұмысын айқын мақсатына орай 
жоспармен жүргізеді. Ақылдасқан
іске өзінше байыппен, сеніммен кі-
ріседі, оның пайдалы жағын лезде 
ескеріп, аз шығындану жолын 
таңдайды. Табыс үшін, өзінің бола-
шағы үшін іскер, өнерлі, беделді 
кісілермен тіл табысуға бейім тұра-
ды, олармен ілтипатты қарым-қаты-
нас құрады. Пысық адам табысы мен 
өмірлік қарымын арттырады, өмір-
ге деген оптимистік көзқарасымен 
өзгені еліктіреді.
ПІКІР
– 
бір нәрсенің беймәлім жа-
ғын ақиқат не жалған деу тұрғысы-
нан мақұлдайтын немесе теріске 
шығаратын талас ой. П.-ді алғаш 
«болжалмен» салыстырған Ксенофан 
болса, Парменид оның білімнен 
айырмашылығын анықтады. П. зат-
тар мен құбылыстардың ерекшелік-
тері арасындағы байланыстардың 
бір қыры мен көрінісін бейнелеумен, 
сипаттаумен шектеледі.
П. білім мен жалған мәліметтердің 
қосындысынан құралады немесе 
көзқарастың субъектісі (S) мен пер-
дикаты (Р) сияқты екі терминнің қа-
тынасынан туындайды. Пікір S пен 
Р арасындағы белгілі бір қатынасты 
растап мақұлдайды не терістеп жоқ-
қа шығарады. П. атрибутивтік қасиет-
ті білдіретін қарапайым түрден жә-
не бірнеше қарапайым пікірді қам-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет