Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет488/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ПСИХ
ПСИХ


463
психология мен медицина аралы-
ғындағы, адамдарға іс жүзінде әсер
ету әдістері мен теориялық білім-
дер саласы. П. ауру адамдарды ем-
деу мақсатында қолданынатын пси-
хологиялық құралдар ережелерін 
қарастырады және оларды зерттейді, 
сипаттайды. П. адам әртүрлі пси-
хикалық ауруға, жүйке ауруына және 
т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне 
ұшырағанда, оның көмескіленген 
ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша 
және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал 
ету арқылы емдеудің жүйесі. П. 
кеселге ұшыраған адамның өзіне 
және қоршаған ортасына деген дұ-
рыс қатынасты қалыптастыруға ба-
ғытталады. Психотерапияның кли-
никалық тәсілдері – гипноз, аутоген-
дік жаттығу, иландыру, өзін-өзі илан-
дыру, зейнелі терапия. Емші мен 
аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен 
ұжымдағы сыйластық шипагерліктің 
әрбір адамға деген оң ықпалын арт-
тырады. Адамдар арасындағы жа-
ғымды мінез-құлықтар әлсіреген 
адамның өзін-өзі дұрыс тануына 
себепші болады.
ПСИХОТЕХНИКА
(психо. және 
грек. 
teсhпе 
– өнер, шеберлік) –
психологиядағы адамның психика-
сы туралы білімді еңбек іс-әрекетіне 
тікелей байланысты практикалық 
мәселелерді шешуге қолданумен шұ-
ғылданатын бағыт. П. терминін 1903 ж. 
неміс психологі В. Штерн (1871–1938) 
ұсынды. Ғылым ретінде қалыптасты-
руға әрекеттенген Г. Мюнстерберг 
болды. П.-ның негізгі міндеттері: кә-
сіптік бағдар мен кәсіптік іріктеуді 
жүзеге асыру; адамның шаршау се-
бептері мен еңбектегі жаттығу ықпа-
лын зерттеу, адамды мәшинеге, мәши-
нені адамға ыңғайластыру мүмкінді-
гін арттыру; тұтынушыға ықпал ете-
тін түрлі тәсілдердін тиімділігін анық-
тау: жұмысшыларды кәсіптік даяр-
лауда олардың психикалық қабілетін 
жетілдіру және т.б. Көп жағдайда П.
«қолданбалы психологиямен» үй-
лестіріледі де, оның құрамына еңбек,
сауда психологиясын, әскери психо-
логияны енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   484   485   486   487   488   489   490   491   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет