504
найы іріктеу амалдарын анықтау,
сондай-ақ жаттықтыру салаларында
одан әрі тереңдетіледі. Спорт пси-
хологиясының психикалық реттелу,
сөре алдында өзін-өзі ұстау, жарыс
барысында және жарыс жағдаятынан
кейінгі ұстаным секілді бағыттары
ерекше проблемалар болып табыла-
ды. Соңғы жылдардағы зерттеулерде
спортшының өз жеңістеріне және
жеңілістеріне көзқарасы мәселеле-
ріне көп көңіл бөлінуде.
Командалар құру, олардағы тұлға-
лар аралық қарым-қатынастар, олар-
дың топтасқандығын және құнды-
лық-бағдарлық бірлігін нығайту про-
блемалары, жаттықтырушымен не-
месе жаттықтырушылар ұжымымен,
жанкүйерлермен (бұлардың ішін-
де «спорт фанаттарымен») қарым-
қатынас, командалар аралық қарым-
қатынастар мәселелері әлеуметтік-
психологиялық зерттеулердің өз ал-
дына бір бағыты болып саралануда.
С. п.-ның қазіргі уақыттағы негізгі
міндеттері спортшылардың спорттық
жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай
жасау ғана емес, сонымен қатар
спортшы тұлғасын жан-жақты дамы-
ту, оның жалпы және психологиялық
мәдениетін көтеру болып табылады.
СТАТУС
(әлеуметтік психологияда),
(лат.
status
–
жағдай, күй) – субъекттің
тұлғааралық қарым-қатынастар жү-
йесіндегі
і
оның құқықтарын, мін-
деттері мен пұрсаттылықтарын
анықтайтын жағдайы. Сол бір ғана
индивидтің өзінің әртүрлі топтар-
да әрқилы статусы болуы мүмкін.
Топтық даму деңгейі жөнінен іс-әре-
кет пен қарым-қатынастың мазмұны
жөнінен ерекшеленетін топтардағы
индивид иеленетін статустардағы
елеулі алшақтық екінін бірінде
фрустрацияның, кикілжіңдердің
және т.б. себептері болуы мүмкін.
Эксперименттік тұрғыдан статус әр-
түрлі әлеуметтік-психологиялық әдіс-
терді қолдану арқылы анықталады.
Статустың маңызды сипаттамала-
ры төңірегіндегілердің индивидтің
сіңірген еңбегін тануының өзіндік бір
өлшемі ретіндегі мәртебе мен бедел
болып табылады.
СТЕНИКАЛЫҚ
(грек.
sthenos –
қаз.
күш деген мағынада) – индивидтің
жұмысқа барынша қабілеттілігінің
әртүрлі бөгеттерге беріктігінің, тіпті
бірнеше тәулік бойына ұйықтама-
ғанның өзінде ұзақ уақыт үздіксіз
қызмет атқаруға қабілеттіліктің си-
паттамасы. С.-тың қарама-қарсы ұғы-
мы – астеникалық.
СТИВЕНС зАҢЫ
– америкалық ға-
лым Стикенс ашқан формула, түйсік
күшін тітіркендіргіштің физикалық
қарқындылығының белгілі бір дә-
режесімен байланыстырады. С. з.-н
негіздеу үшін психологиялық-фи-
зиологиялық зерттеулердің мәлімет-
тері қатыстырылады. Алайда, әдетте,
психофизикалық өлшеулердің нә-
тижелері индивидуумдық тұрғыдан
барынша өзгермелі болатындықтан,
бұл заңмен анықталатын дәрежелік
тәуелділіктің Фехнер заңына қатыс-
ты артықшылығын бір мәнде дәлел-
деуді қиындатады. (
қ. Вебер – Фихнер
заңы).
С.з. негізгі психофизикалық
(Вебер-Фехнер ) заңының бір вариан-
ты, бұл заң стимул мен түйсік күші-
нің арасындағы қатысты логариф-
микалық емес дәрежелік функдио-
Достарыңызбен бөлісу: