Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет533/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

СОЦИ
СөЙЛ


503
дік стереотиптер тізбегі болып табы-
латын реактивті болуы мүмкін. Ішкі 
себептерден ауызша С. кезінде онда 
пайдаланылатын тілдік құралдарды 
ұғынықты іріктеу мен бағамдау өте 
аз болады, ал жазбаша сөйлеуде жә-
не дайындалып ауызша сөйлеуде ол 
елеулі орын алады. С.-дің түрлері 
мен нысандары арнайы заңдылықтар 
бойынша құрылады (мысалы, ауызша 
сөйлесуде тілдің грамматикалық жү-
йесінде едәуір ауытқулар болады, 
логикалық ойдан да гөрі көркемдік 
сөз ерекше орын алады). Сөйлеуді
С. психологиясы ғана емес, соны-
мен қатар психолингвистика, С. фи-
зиологиясы, лингвистика, семиотика 
және басқа ғылымдар да зерттейді.
СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
– Дене
шынықтыру және жаттығу әреке-
тіндегі адам психикасының түрлі
өзгерістермен қалыптасу зандылық-
тарын зерттейтін психология ғылы-
мының саласы. С.п.-ның қазіргі уа-
қыттағы негізгі міндеттері – спорт-
шылардың спорттық жоғары нәти-
желерге жетуіне жағдай жасау ғана 
емес, сонымен қатар спортшы тұлға-
сын жан-жақты дамыту, оның жал-
пы және психологиялық мәдениетін 
көтеру болып табылады.
Спорттық жарыстардың алдында
спортсмендердің психикасын сол 
үрдіске бейімдеп жаттықтыру жә-
не бәсекелестік мәселесінен жеңім-
паз ететіндей нұсқалармен қару-
ландыру. Жарыс барысында өзін-
өзі билеп, басқара алатын дәрежеге 
машықтандыру. С.п. – жарыс және 
жаттығу жағдайларында адам пси-
хикасының білінуі мен дамуының, 
сондай-ақ топтық өзара әрекеттестік 
заңдылықтарын зерттейтін психоло-
гия ғылымының бағыты.
Психологияның басқа да көптеген 
бағыттары секілді С.п. XX ғасырдың 
60-70-жылдарында қауырт дамыды; 
бастапқыда бұл саладағы негізгі зерт-
теулер спортшылардың қабілеттері
мен мүмкіндіктерін, спорттық жат-
тығулардың нәтижелілігін арттыру 
амалдарын зерттеге жұмылдырыла-
ды. Қазіргі уақытта С.п. зерттейтін
мәселелер анағұрлым көбейді. Спорт-
тың әр түріне орай, жалпы, педаго-
гикалық, жастық және әлеуметтік 
психологияның жетістіктері ескеріле 
отырып арнаулы жаттығу кешендері-
нің бағдарламалары жасалуда. Олар 
спортшылардың физикалық, сондай-
ақ психикалық жаттыққандығын, 
эмоциялық – еріктік, этикалық, мо-
ральдық-адамгершілік және ұжым-
дық дайындалғандығын кемелден-
діруге бағытталады. Спорт психоло-
гиясында қозғалыс дағдылары мен 
біліктерін нәтижелі қалыптастыру-
дың заңдылықтары, күш, төзімді-
лік, ептілік көрсеткіштерін жетіл-
дірудің әдістері біршама егжей-
тегжейлі зерттелген. Бұл зерттеу-
лерде спортшылардың арнаулы қа-
былдауларының, Мысалы, уақытты 
сезіну, аралық қашықтықты сезілу, 
қас қағым сәттік оқиғаларды бол-
жау, «допты сезіну», «суды сезіну» 
секілді қасиеттерінің қалыпасу жол-
дары мен әдістері анықталады.
Бұған қоса байқағыштықты, елесте-
туді, стратегиялық және тактикалық 
ойлауды, топтық ойындарда үйлесім-
ді өзара әрекеттестікті жақсарту 
әдістеріне назар аударылады. Бұл 
зерттеулер спортшылардың әр жас-
тағы қабілеттерін және оларды ар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   529   530   531   532   533   534   535   536   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет