548
гориялық
ұғымдардың мәнін жете
түсінбейтіндігі анықталған. Олар:
«білімді» деген ұғымды тек «оқитын
адам»; «дүние» ұғымын «байлық»,
«ақша»; «жақсылық,» ұғымын «жақ-
сы нәрсе»; «ер» ұғымын «аттың ері»
деп олардың заттың, бейнелік жақта-
рына көбірек көңіл аударады да,
осы ұғымдардың мәнін салыстыру,
теңестіру арқылы түсіндіріп бере
алмайды».
Балалардың құбылыстарды түсіне
алуында олардың сөз байлығын, сөз-
дік қорының өсіп отыруын қадағалау
зор маңыз алады. Мұғалімнің жаңа
сабақты түсіндірудегі методикалық
шеберлігінің (әр ұғымды өз мәнінде
толық түсіндіру,
сөйлемдердің қыс-
қа, ықшам болып келуі, екі ұшты
сөйлемеу т. б.) жоғары болуы бала тү-
сінігінің жақсы дамуына қатысы бар
басты факторлардың бірі.
ТЫЙЫМ МЕН ЫРЫМ.
Тыйым
сөздер – психологиялық мағынасы
зор, адамды қолайсыз,
зиянды әре-
кеттерден тартынуды талап ететін
ерлі-зайыптылар мен үлкен кішінің,
әке мен баланың, ұл мен қыздың,
нағашы-жиеннің, ағайын-туыс, жек-
жат-жұрағаттың
қарым-қатынасын
реттестіруде өзіндік орны бар, сон-
дай-ақ денсаулық, тазалық, әртүрлі
жағдайда тәртіп сақтау, жол-жоба,
жөн-жосық т.б.
осы секілді әдет-ғұ-
рыптарды бұлжытпай орындау мақ-
сатында пайда болған рәсім. Мәсе-
лен, дос-туыс, құда-жекжатқа ит, пы-
шақ, балта сыйламау, некелі төсек-
ке басқа адамның отырмауы, ит ас-
панға
қарап ұлыса жамандық ша-
қырады деп қорқу, бос бесікті тер-
бетпеу, жас босанған әйелдің қолын
суық суға салдырмау, қыз баланың
қатты сөйлемеуі,
кіндігін көрсетіп
жүрмеуі, қыз-келіншектің шашын,
аттың құйрығын кеспеу т.с.с.
Ырымдар да психологиялық тұрғы-
дан ойлаудың қарапайым түрінен
туындайтын наным-сенімнің бір түрі.
Бұлар өмір сүру барысында біртін-
деп қалыптасқан этностық топқа ор-
тақ, көшпенділер санасынан орын
алған психологиялық ерекшеліктер.
Тыйым
мен ырым этностық қауым-
дастықтағы ер мен әйелге, үлкен-кі-
шіге, ұл мен қызға т.б. осы секілді
әртүрлі топтарға байланысты айтыл-
ған. Мәселен, бөбек психологиясы-
на байланысты бесіктің үстіне жеті
нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жү-
ген, қамшы, бесік, көрпе) жабылады.
Мұндағы түйін кебенек пен қамшы
нәрестені ел қорғайтын, ер
болсын
деген ниеттен туған.
Осынау наным-сенімдердің әсіресе,
жас ұрпақтың санасына ұлттық рух-
ты сіңіру, оның дәстүрі мен салтын,
әдет-ғұрпын қастерлеп ардақтай бі-
луге, баланың ұлттық дүниетены-
мын қалыптастыруға да алатын орны
ерекше. Өйткені бұлар халқымыздың
ғасырлар бойы тірнектеп жинастыр-
ған тәліми тәжірибесінің қорытын-
дысы, ұлттық тәлім-тәрбиеміздің қай-
нар көзі мен мүмкіндігі. Бір әттеге-
найы – осындай тамаша психология-
лық жайттар күні бүгінге
дейін ғы-
лыми тұрғыдан жіктелмей, бір жүйе-
ге түспей келеді.
Достарыңызбен бөлісу: