Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет602/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҰСТА
ҰСТА


568
ҮЙРЕНУ
адамның белгілі бір бі-
лім жүйелерін, тиісті қимыл-қоз-
ғалыстар мен амалдарды меңгере 
алуы. Адамның негізгі үйренетін нәр-
сесінің бірі – білім. Үйренудің адам 
және жануарларға ортақ негізгі үш 
түрі бар; сенсор, мотор, сенсо-мотор. 
Адамға тән үйренудің түрін когни-
тивтік үйрену деп атайды. Сенсорлық 
үйрену арқылы – білім, моторлық үй-
ренумен – дағды қалыптасады. Бірне-
ше үйренудің қиысуы, мақсатқа сай 
әрекет ету, ойлаудың жоғарғы түрінің 
қалыптасуына мүмкіндік береді. Ү.-
лер – адамның білімді, үйренулер 
мен дағдыны меңгеру үрдісі және 
нәтижесі.
ҮЙРЕНШІКТІ зЕЙІН
– зейіннің 
ерекше түрі; қажетті әрі құңды бо-
лып саналатын объектіге адам сана-
сының шоғырлануы. Ол қызығу не-
гізінде қалыптасады. Ү.з. ырықты зе-
йіннен дамып қалыптасады. Бірақ 
бұл нәрсенің қасиетіне емес, адам-
ның тіршілік мақсатына, мүдделі 
әрекетіне байланысты. Зейіннің қай 
түрі болсын, іс-әрекеттен нәтиже 
шығаруға бағытталады. Егер адам 
жұмысты өздігінен беріліп істесе, 
ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ 
жұмысты тікелей қызығып істей бе-
ру де оңай емес. Мұндай жағдайда 
ырықты зейінге орын беріледі. Адам-
дар жұмыс істегенде зейіннің ырық-
ты және ырықсыз түрлерін қарасты-
ра отырып, үйреншікті зейін жұмыл-
дыруды әдетке айналдыруы қажет.
ҮЛКЕН ТОП
– қандай да бір абст-
ракцияланған әлеуметтік-демогра-
фиялық белгіге (жынысы, жасы, ұл-
ты, кәсіптік бағдарлығы, әлеуметтік 
немесе экономикалық жағдайларына 
және т.б.) негізделе және сандық 
құрамы үлкен адамдардың әлеуметтік 
бірлестігі. Психология ғылымында 
топтың, адамдардың санына байла-
нысты түрі ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   598   599   600   601   602   603   604   605   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет