Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет61/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
АУТОГЕНДІ МАШЫҚТАНДЫРУ

пациенттерді өзін-өзі сендіруге, бұл-
шық еттерін босаңсытуға, зейінінің 
шоғырлану қасиетін дамытуға, субъект
үшін маңызды іс-әрекетті көтеріп, 
машықтандыруға арналған психоте-
рапиялық әдіс. А.м. екі сатысын көр-
сетуге болады: 1) релаксацияға үй-
рету, ауырлықты, жылылықты, сал-
қындықты түйсіндіру, вегетативтік 
функцияларды басқаруды куәланды-
ру. 2) гипноздық күйдің әртүрлі дең-
гейлерін жасау (Г.Шульц т.б.). А.м.
медицинада, психологиялық-педаго-
гикалық қызметте өзін-өзі тәрбиелеу-
де өндірістерде тағы басқа жағдайлар-
да қолданады.
АУЫзЕКІ СөЙЛЕУ
– естіп, қабыл-
данатын тілдік құралдар арқылы вер-
балдық (сөздік) тілдесу. А.с.-ге тән 
сипат – сөйленген хабарламалардың 
жекелеген құрамдастары бірінен соң 
бірі туындайды және қабылданады. 
А.с-дің туындау процестері бағдар-
лану, бір мезгілде жоспарлану (бағдар-
ламалану), сөйленіп жүзеге асу және
бақылау буындарын қамтиды; бұл 
орайда, жоспарлау өз кезегінде қатар-
лас екі арна бойымен жүзеге асады да,
АУРУ
АУЫз


61
ауызекі сөйлеудің мазмұндық және мо-
торлық-артикуляциялық жақтарына 
қатысты болады.
АУЫРСЫНУ АДАПТАЦИЯСЫ
Мыс: теріге ине шаншып, инені 
қозғалтпай ұзақ ұстаса ауырғаны се-
зілмей қалады, ал инені сәл қимыл-
датса ауырғанды сезеді. Инені ұзақ
уақыт бір қалыпты ұстағанда, ауыр-
ғанды қабылдағыш рецептор иненің 
сол әсерінің күшіне бейімделіп, сез-
бей қалады. Ауырсыну түйсігі. Ауыр-
сыну биологиялық өте маңызды қор-
ғаныс бейімі болып табылады. Сипа-
ты мен күші бойынша қиратушы ті-
тіркендіргіштердің әсерінен ауыр-
сыну организм үшін қауіпті әсерлер
жөнінде белгі береді. Адам денесін-
де ауырсынуға сезімтал емес және
ауырсынуға сезімтал бөлімдер бола-
ды. Шамамен, 1 см-ге 100 ауырсыну
нүктелері сәйкес келеді. Эксперимент-
тік зерттеулер көрсеткендей, ауыр-
сыну нүктелерінің таралуы дина-
микалық, қозғалғыш сипатта болады.
Ауырсыну түйсіктері белгілі бір ті-
тіркендіргіштен келетін импульстар-
дың қарқындылығы, ұзақтығы мен 
жиілігінің шамадан тыс артуының 
нәтижесі болып табылады. Ауырсыну 
сезгіштігіне аз қозғыштық тән. Ауыр-
татын тітіркендіргіштен кейінгі им-
пульстар баяу өткізіледі. Ауырсыну 
импульстарына бейімделу өте баяу 
жүреді. Ауырсынуды сезіну белгілі бір 
қанағаттанбағандықпен немесе азап 
шегумен байланысты. Ауырсынудың 
орналасқан жері айқынсыз болады.
АУЫРСЫНУ
– түйсіктің ерекше бір 
түрі. А. денеге ішкі мүшелерден неме-
се сырттан қолайсыз тітіргендіргіш 
әсер еткенде туындайтын жан құбы-
лысының жағдайы. Кісі дені сау ке-
зіндегі түйсіктердің осы түрін байқай 
бермейді. И.М.Сеченов мұндай түй-
сіктерді «көмескі түйсік» деп атаған. 
Органикалық түйсіктердің құрамына 
енетін адам организімнің жалпы 
хал-күйінің негізі болып табылатын 
осынау түйсіктердің профилактикалық 
маңызы зор. Өйткені ол жаңадан бі-
лініп келе жатқан аурудың алғашқы 
хабаршысы ретінде бұлар организмнің 
бірқалыпты жұмысының бұзыла бас-
тағанын білдіреді. Осындай жағдай-
да адамның көңіл күйі кейде күрт 
нашарлап, дегбірсізденіп, ауруды бол-
дырмау шараларын қарастырады. Ерік-
жігері күшті, рухани өмірінің мазмұ-
ны бай, уақытты үнемі іс-әрекетке то-
лы адам тәнге түскен осындай қолай-
сыз жағдайларға сыр бермей, шыдам-
дылық көрсетеді. А. түйсігінде шеткі 
жүйке саласы әсіресе ми қабығы ор-
талығы басқарып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет