Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет62/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
АУЫТҚЫҒАН МІНЕз-ҚҰЛЫҚ
(де-
вианттық мінез-құлық) – балалар мен
жасөспірімдердің әкімшілік жазалау 
шараларын қолдануға апарып соға-
тын құқық бұзушылықтарды үнемі жа-
сауы; жұмыстан қасақана жалтаруы, 
отбасынан немесе балаларды
 
оқыту-
тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп 
қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық 
жауаптылыққа жатпайтын қылмыс 
белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекет-
тер жасауы. А.м.-қ. физиологиялық 
және патологиялық түрлерге ажыра-
тылады. Физиологиялық негіздегі 
ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) 
психикаға әсері күшті болғанымен, 
АУЫР
АУЫТ


62
адамды оның салдары үшін жауапкер-
шіліктен босатпайды. Яғни мұндай 
сезімдік ахуал жағдайында жасаған 
қылмысы үшін кінәлілік жоққа шыға-
рылмайды, тек ол белгілі бір жағдай-
ларда жеңілдетілуі мүмкін. Патоло-
гиялық негіздегі А.м.-қ. адамды бір 
сәтке сана-сезімнен айырып, мақсат-
сыз немесе қауіпті іс-әрекеттер жа-
сауға итермелейді. Егер қылмысты 
әрекетті патологиялық А.м.-қ-қа ұшы-
раған адам жасаса, ондай адам «есі 
кіресілі-шығасылы» деп танылады. 
Девианттық қылық – қоғамдық нор-
маларға қарсы қылықтар жүйесі не-
месе жеке қылықтар. Мұндай қылық-
тар әлеуметте қолдау табатын (дарын-
дылық, альтруизм, ерлік т.с.с.) және
әлеуметте қолдау таппайтын болып 
бөлінеді. Әлеуметте қолдау таппайтын 
қылықтар – қылмыстық іс-әрекет жә-
не жөнсіз іс-әрекет (маскүнемдікке, 
нашақорлыққа бейім қылықтар). Де-
вианттық қылықтар ауытқушы қы-
лықтар. Адамның орныққан құқықты 
немесе өнегелілік тәртіптерден ауыт-
қитын немесе сол тәртіп ережелерін 
бұзатын қылықтары.
АФАзИЯ
(грек. 
aphasia 
– қаз. 
сөй- 
леудің бұзылуы). 
А. – адамның сөй-
леу қабілетінен жартылай не біржола 
айырылуы. Мұндай кемістік мидағы 
сөйлеу орталықтары мен қан тамыр-
ларының ісініп, бас сүйегінің зақым-
далу салдарынан болады. Ми ала-
шарының белгілі орталығы зақымда-
луына қарай А.-ның мынадай екі түрі 
бар: қимыл-қозғалыс А. мен сезімдік
А. Қимыл-қозғалыс А. сөйлеудің ми-
дағы орталығы (мұны Брока орталы-
ғы дейді) мен сөйлеудің сезімдік ор-
талығының (мұны Верника орталығы 
дейді) зақымдалуына байланысты. 
Бала сөйлеуінің дамуы соқырлығынан 
немесе нашар естуінен мардымсыз 
болып қалатын алалия деп аталатын 
кемістіктен А-ның айырмашылығы 
сол, бұл баланың дамып жетілген 
сөйлеу қабілетін жоғалтады.
Қимыл-қозғалыс А. бойынша баланың 
сөйлеуі біржола жоғалады немесе 
айтайын деген ойын үзілді-кесілді бі-
рер сөздерді атаумен шектеледі. Мұн-
дай жағдайда сөйлеудің дыбыстық 
үйлесімі мен буындары, сондай-ақ 
буындар мен сөздердің бір-бірімен 
байланысы болмайды. Мұндай кеміс-
тігі бар балалар өзгелердің сөзін де 
шала-шарпы ұғынып, оларға толық 
жауап қайтара алмайды. Қимыл-қоз-
ғалыс А. кеміс болған баланың оқуы 
мен жазуына да әсер етіп, олар жеке 
дыбыстар мен сөздерді де дұрыс айта 
алмайды. А-ға ұшыраған балалардың 
сөйлеуін қалпына келтіру үшін оның 
естуі мен көру талдағыштарының жұ-
мысын жандандыратын шаралар қол-
данып, сөйлеудің қимыл-қозғалыс жү-
йесін қалпына түсіретін дағдылар қа-
лыптастырылады.
Сонымен бірге ондай балалардың 
сөздерді дұрыс айтып, грамматикалық 
құрылысын үйренулері үшін машық-
тандыру жұмыстары жүргізіледі. Се-
зімдік А. бойынша бала сөздердің мә-
ні-мағынасын ұғына алмайды, сөз-
дер мен әріптердің дыбысталу ерекше-
ліктерін ажырата алмай қиналады. 
Алайда бала бөгде дыбыстарды дұрыс 
қабылдау қабілетін жоғалтпайды. 
Сезімдік А. баланың сөйлеу қабілетін 
қалпына келтіру бағытында оның есту, 
көру талдағыштарының қызметін жан-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет