Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет65/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
АФФЕ
АФФЕ


65
физиологиялық процестердің тууын, 
оның барысын басқарып, адамның 
сыртқы әлпетінің өзгеруіне әсерін 
тигізеді. Жас балалар өздерінің іс-
әрекеттерінің дәлел-себептері әлі сана-
лы түрде айқын қалыптаспаған даму 
сатысында аффекттерге оңай ұрынуы 
мүмкін.
Баланың кез келген қажеттіліктерін 
қанағаттандырмау немесе кез келген 
қайшылық аффекттің дамуына әкеліп 
соқтырады. Дұрыс тәрбие беру сал-
дарынан аффектіге бейімделу бала 
өмірінде үлкен орын алып, оның мінез
-
дамуына кері әсерін туғызу мүмкін. 
Егер баланың айналасындағылардың 
өз дегенін сөзсіз орындауына еті үйре-
ніп, онда оның әлдебір талап-тілегінің 
орындалмауына бөгет жайттар орын-
сыз ашу-ызасын келтіруі мүмкін. Ба-
ланың іс-әрекет түрлері күрделене түс-
кен сайын, оның себеп дәлелдері соғұр-
лым саналы түрде жасалған түрде 
болады, баланың эмоцианалдық өмірі 
жинақы нысандарымен ерекшеленеді 
және кірікпелі аффективтік төтенше 
жағдайлар кезінде пайда болады.
Аффективтік хал-ахуалдың алдын алу 
үшін адамның құлықтық қасиеттерінің 
қалыптасуына, сондай-ақ аффекттің 
әрбір пайда болуы көрінісін дұрыс 
қабылдауға бағытталған жүйелі тәрбие 
жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл 
орайда баланы оның барлық тілегінің 
орындалуы мүмкін еместігі және бұл
жағдайда ұстамдылық танытып, төзім-
ділікпен күте білуге үйренуінің қа-
жеттігі жөнінде ертерек сіңіре берген 
жөн.
А. 
алдын алу үшін бала назарын басқа 
жаққа аудару қажет. Жасөспірім және 
бозбала кезде аффектпен күресте өзін-
өзі тәрбиелеу үлкен рөл атқаруы мүм-
кін. Афферентация – сыртқы тітіркен-
діргіштерден (экстероцепция) немесе 
ішкі ағзалардан (интероцепция) ақ-
паратты қабылдап, орталық жүйке
жүйесіне келетін жүйке импульстары-
ның ағыны. Афференттік лат. 
афференс 
деген сөзі, қаз. 
жеткізуші 
деген ма-
ғынаны білдіреді. Бұл жерде миға ті-
тіркендіргіштерді жеткізіп отыратын 
жүйке талшығы ретінде айтылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет