Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


АШУ – ыза, кейіс, реніш, араздық тү- рінде көрініс беретін адамның мінезі  мен көңіл күйінің жағдайы. А. оған  АФФИ



Pdf көрінісі
бет67/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

АШУ
– ыза, кейіс, реніш, араздық тү-
рінде көрініс беретін адамның мінезі 
мен көңіл күйінің жағдайы. А. оған 
АФФИ
АШУ


67
әсер еткен қолайсыз нәрселерге жауап 
ретінде ашулы, ызалы, кекті, қаһар-
лы түрде көрінеді. Бойын А. – ыза кер-
неп, мейірімсіздік көрсету, өңі түнеріп, 
жаман ниетті күй кешетін болса, адам
әр қилы жаман істерге барып жауыз-
дық әрекеттер жасауы мүмкін. Бұл 
жайт жоғары жүйке қызметіндегі 
тежелу процесіне ерік бермей күшті 
қозу процесінің ықпалында болды. А.
ықпалына көну адамның өз еркіне 
ие бола алмай жағымсыз іс-әрекетке 
ұрынуын білдіреді. Мұндайда адам-
ның бойын билеген көңіл күй А-ды 
жеңіп, оған тежеу жасап, адам өзін 
саналы түрде басқара алатын болуы 
керек. Қазақта «Ашу – дұшпан, ақыл –
дос, Ақылыңа ақыл қос» деген нақыл 
бар. Бойын А. кернеп, кек пен ызаға 
булыққан адам қатыгездік істерге ұры-
нады. Өйткені оның бойын А. – ыза
билеп, кейде ол өшпенділік іс-әрекет-
терге баруы мүмкін. Ондай адам ашу-
шаң, ызақор, кекшіл, қараниетті, арам 
ойлы болып келеді. А. – сезімдік-эмо-
циялық күй. Сезімді әр кезде ақыл-
ой, сана билейді. А-ын ақыл-санаға 
билеткен адам білікті әрі байсалды.
ӘБЕСТІК
мінез-құлықтағы өрес-
кел, қателік, білместік, ағаттық әрекет-
терден көрінетін ерсі сипат. Кісінің ар-
ұятына тиетін әдепсіздікті білдіреді. 
Әбестік күнделікті өмірде мінездің 
оғаш қылығы ретінде адамның кісілік 
қасиеті мен тұлғалық сипатына сын 
болып тағылады. Мұндай сипаттар 
зиянсыз, зілсіз болғанымен сырт көз-
ден тыс қалмайтын ұнамсыз қылық. 
Әбестік адамның жан дүниесіне шан-
шудай қадалатын жағымсыз қасиет 
емес, бірақ адамның ары мен сезіміне 
әсер етіп, кейде күлкі тудырады. Мі-
нез-құлықтағы кейбір әбестік көрініс-
терге жол бермеу үшін әлеуметтік ор-
та мен тәлім-тәрбие істерінің мақсат-
ты жүргізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет