Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (870-



Pdf көрінісі
бет68/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ (870-
 
950) – 
қазақ жерінен шыққан, зама-
нында Шығыс Аристотелі, Екінші ұс-
таз атанған әмбебап ғалым. Ол өмір 
сүрген заман Шығыс әлемінде ғылым 
мен білімнің дәуірлеп тұрған кезі еді. 
Ұлы ғұламаның балалық, жігіттік шақ-
тары өткен қазақ даласы да сол кез-
де мәдени орталықтардың бірі бол-
ды. Тарих шежіресі бізге ІХ-Х ға-
сырлар арасында Отырар қаласы (бұ-
ӘБЕС
ӘБУН


68
рынғы Фараб) Таяу және Орта Шы-
ғысқа баратын үлкен сауда жолы бол-
ғандықтан, ол, сондай-ақ, өнер-білім-
нің, мәдениет пен әдебиеттің өркендеп 
өскен, көптеген ғұлама ғалымдар шы-
ғарған белгілі ел болғандығы жайлы 
сыр шертеді. Әрине, осындай құнар-
лы ортаның Фарабидің аты әлемге 
жайылған ғалым болуына себі тиген-
дігіне күмәндануға болмайды.
Әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарасы-
ның, қоғамдық ой-санасының, фи-
лософиялық пікірлерінің қалыпта-
суына ерекше әсер еткендердің іші-
нен Аристотель мен Платоннан басқа
Араб философиясының негізін салушы
әл-Киндиді айырықша атап өтуге тиіс-
піз. Фараби еңбектерінің көпшілігі 
Аристотель мен Платонның филосо-
фиялық мұраларын оқып, үйренуге, 
оларға түсініктеме жазуға, олардың 
қайшылықтарын табуға, сондай-ақ, әл-
Киндидің философиялық көзқарас-
тарын одан әрмен қарай жалғасты-
рып, дамытуға бағытталған. Фараби, 
әсіресе, гректің ұлы ойшылы Аристо-
тельдің философиялық мұраларына 
ерекше көңіл бөледі. Фарабидің біраз 
еңбегі ұлы ұстазының философиялық 
мұраларын оқып үйренуге, оны зерт-
теп түсіндіруге арналғаны да осыдан 
болса керек. Алайда, әл-Фараби тек
өзінен бұрын өмір сүрген философ-
тардың мұраларын зерттеп, оларға жай 
түсініктеме берумен ғана қанағатта-
нып шектелмей, психология саласын-
да Аристотельден әлдеқайда ілгері 
кетеді. Мәселен, Аристотель «Жан ту-
ралы» бір ғана трактат жазса, Фараби 
бұл ғылым жайлы жеті еңбек жазған.
Фараби Аристотельдің пантеистік 
пікірлерін қайта қарастырып, мұның 
негізінде натуралистік пантеизм деп 
аталатын ілім жүйесін ұсынады. Зерт-
теушілердің (А.Закуев, С.Григорян, 
А.Машанов, А.Көбесов, М.Хайруллаев 
т.б.) айтуынша ұлы ғұлама өзінің фи-
лософиялық пайымдауларын
 
негізі-
нен идеалистік сарында өрбіткен Фа-
раби материяның өзі форианы сақтау-
шы, сол арқылы заттар алуан түрлі 
сипаттама алады дейді. Бүкіл әлемді 
қозғалысқа келтіруші «алғашқы қоз-
ғаушы» құдай жөніндегі Аристотельге 
тән концепция әл-Фараби көзқара-
сында да белгілі орын алды.
Философия, психология ғылымдары 
үшін танымдық мәні зор, іргелі мәсе-
ленің бірі – жан мен тән проблемасы. 
Осы мәселенің шешіліміне қарай ға-
лымдар сонау ескі заманнан бермен 
қарай қарама-қарсы екі топқа бөлініп 
келеді. Мәселен, идеалистер жанды, 
рухты алғаш пайда болған, ол тәннен
бөлек мәңгі бақи өмір сүре береді десе,
материалистер дүниенің алғашқы-
лығын, жанның тәнмен байланысты-
лығын, тән өмір сүруін тоқтатса, жан 
да бітетіндігін дәйекті деректермен 
дәлелдеп түсіндіреді.
Әл-Фараби осы мәселеде дәйекті пі-
кір айта алмай, материализм мен идеа-
лизмнің арасында ауытқып жүрді, дін 
мен мистика түгелдей тұмшаланған 
сол кездегі шығыс әлемінде жан ту-
ралы салиқалы тұжырымға келу оңай
да емес еді. Фараби өзінің «Мәселе-
лердің түпкі төркіні» дейтін тракта-
тында Платонның «Жан тәннен бұ-
рын пайда болған, бұл екеуі бір-бі-
рімен байланысты емес» дейтін қате
тұжырымын сынға алды. Сөз боп 
отырған мәселеге орай Фараби бы-
лай дейді: жан мен тән бірлікте өмір
сүреді, Платонның жан тәннен бұрын
пайда болған деуі қате түсінік, жан-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет