Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет71/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ӘБУН
ӘБУН


71
ерік-жігердің жақсы сапалары бол-
са, мейрімсіздік, қорқақтық, дүние-
қоңыздық, нәпсіқұмарлық т.б. адамның 
ұнамсыз қасиеттері болып табылады.
Фараби таным мәселесінің түп қазы-
ғына келгенде дуалистік көзқараста 
болды. Мәселен, ол танымның бірін-
ші басқышы – түйсіктерді материа-
листерше түсіндіргенімен, ойлауға 
келгенде жаңсақ түсінікке жол бере-
ді. Ол ойлау материядан тыс тұрған 
ерекше рухани күштің әсерінен туып 
отырады деп тұжырымдады. Ал, Фа-
рабидің түйсік, қабылдау, қиял про-
цестерін сыртқы дүние заттары мен 
құбылыстарының денедегі (жүйкеде-
гі), мидағы түрлі бейнелер деуі ғылы-
ми тұрғыдан өте байсалды түсінік еді.
Мәселен, көз айна тәріздес нәрсе, ол
сыртқы дүниенің сәулесі түсіп оты-
ратын алғашқы саңлау. Көру түйсігі 
көзге зат әсер еткенде ғана пайда бо-
лады. Егер көзден зат кетсе, онда түй-
сік тумайды, құлақ ауадағы
 
тербе-
лістер әсер еткенде ғана естиді. Сезім
мүшелерінің қай-қайсысы да адамды 
сыртқы дүниемен байланысқа түсіре-
тін аспап. Көру түйсігі көзден шық-
қан шырақтың нәтижесі, көзге зат әсер 
етпей-ақ түйсік пайда болады дейтін 
Платон пікірімен Фараби келіспейді. 
Қараңғыда зат та, оның бояуы да анық 
көрінбейді, көзге сырттан күшті әсер 
келіп түскенде ғана адамда түйсік пай-
да болады, дейді Фараби. Ұлы ғұла-
ма жан қуатының басты-басты түрле-
ріне сипаттама бере келіп, психоло-
гияның бұдан басқа да проблемалары 
жөнінде сөз қозғайды.
Мәселен, ол психиканың қалайша да-
мып жетілгендігі жайлы мәселеге де
ерекше мән берген. Психика айрық-
ша сапада тұрған қасиет. Жануарлар 
мен адамдардың тән құрылысының 
өзгешелігіне қарай олардың жан
қуаттары да өзгеше болады. Материал-
дық элементтердің қосылысынан (ыс-
тық, суық, дымқыл, құрғақ) жануар-
лар психикасы түзілген. Осы элемент-
тердің ең жоғарғы қосындысынан ба-
рып адам психикасы пайда болған. 
Адам жаны дүниенің теңдесі жоқ туын-
дысы. Оның жануарлардан негізгі 
айырмашылығы ақыл-парасатпен 
сөйлей алу қабілеті, өнермен айна-
лысуы, еңбек ете алуы. Бұл айтылған-
дарсыз адамның тәні де, жаны да ой-
дағыдай дамымайды.
Оның бала психикасының қалайша 
дамып, жетілгендігі жөнінде де қыз-
ғылықты пікірлері көп. Баланың жасы
өскен сайын оның ақылы да, яғни 
тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. 
Мұның бәрі оның тіршілік қажетінен 
туындайды. Мәселен, балада ең алды-
мен өсіп-өну қуаты пайда болады. Бұл 
оның дене бітімінің қалыптасуында 
үлкен рөл атқарады. Алдымен, тән 
түйсігі, кейіннен барып дәм, иіс айы-
ратын түйсіктері, заттың түрін, түсін, 
пішінін түйсіне алу қабілеті пайда 
болды. Адам психикасы негізінен өмір
барысында, оқу – тәрбие үстінде қа-
лыптасады. Бұл жерде оның өз бетін-
ше әрекеттенуі, өзіндік белсенділік 
қасиеттері де оның өмірден алатын 
тәжірибесінен туындайды. Адам дү-
ниеге ақылды, не ақылсыз, зұлым, не
ақ ниетті болып келмейді. Бала ой-
лау, сөйлеу қабілетіне туыстан бола-
тын икемділікпен ғана дүниеге келе-
ді. Оның осы пікірлері де қазіргі ғы-
лыми психология түйіндеген тұжы-
рымдармен ғажап үндеседі.
Фарабидің адамның әртүрлі дара өз-
гешеліктері туралы айтқан пікірлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет