Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет59/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
АТРИ
АТРИ


59
сілдері құрастырылды. Отандық пси-
хологияда бұл мәселенің әлеумет-
тік құрастырылуы іс-әрекет процесі-
нің А. жанамаланатыны жөніндегі 
әдіснамалық принципі негізінде жү-
зеге асырылуда. А. топ мүшелерінің 
бірлескен іс-әрекеттегі сәттілік пен сәт-
сіздіктер үшін өз жеке жауапкершілі-
гін мойнына арту мен қабылдау құбы-
лысы ретінде де зерттеледі. Осылайша, 
жоғары дамыған топтарда, ұжымдар-
да – бұл іс-әрекет нәтижесінде ұжым 
мүшелерінің іс-әрекетін ескеруге тиіс.
АТРОФИЯ
– сему, кему (бір мүшенің 
сезгіштік қасиетінің кемуі). А. деп әр-
түрлі жағдайлардың (қимыл-қозға-
лыстың жоқтығынан, психикалық күй-
лердің төмендігінен) әсерінен психи-
ка функциясының тозуын, азғында-
луын және кемуін атайды. А. – орга-
никалық құрылымның дегенерация-
сы, солуы. Кейбір психикалық функ-
цияның күшінің болмауынан немесе 
басқа да жағымсыз жағдайлардың 
(ұзақ уақыттық стресс, шиеленістер, 
фрустрация, наркотиктер, интокси-
кация және т.б.) әсерінен дегенера-
циялануы.
АТТИТЮД
– әлеуметтік белгіленген 
бағдар, тұлғаның басқа адамдармен 
қарым-қатынасы жағдайында белгілі 
бір мінез-құлықты жүзеге асыруға 
бейімділігі, даярлығы. А. термині бел-
гілі бір әрекетке физикалық немесе 
ақыл-ойдың дайындық күйі: адам-
ның кейпі, фигурасы және т.б. ретінде
түсіндіріледі. Әлеуметтік ғылымдар-
дағы бағдар ұғымын қолдану аме-
рикандық психологтар У.Томас, Ф.Зна-
нецкийдің аттарымен байланысты. 
Олар бағдарды индивидтің әлеуметтік 
құндылықтарға (ақша, атақ-мансап, 
бөтен адамдарға, жақындарға және 
т.б.) бейімділігі ретінде сипаттады. 
Г.Олпорт (1935) бағдарды индивидтің 
реакцияларына бағыттаушы және 
динамикалық әсер беретін тәжірибе 
негізіндегі психологиялық даярлық 
күйі ретінде анықтады. Әлеуметтік түр-
де құнды бағдарлар белсенді теория-
лық және практикалық іс-әрекет ба-
рысында, білімдерді игеру, басқа адам-
дармен өзара әрекеттесу және қарым-
қатынас нәтижесінде қалыптасады.
АТТРАКЦИЯ
– жағымды эмоция-
ның негізінде бір адамның екінші адам-
ға қызығуы, құштарлығы. А. – адам-
дардың тұлғааралық қабылдауы жағ-
дайында бірінің бірі үшін сүйкім-
діліктің, тартымдылықтың пайда бо-
луын білдіретін ұғым. А. әлеуметтік 
бағдарға жатады. Субъектіде А. оның 
арнайы эмоциялық қатынасының (жа-
ғымды немесе жағымсыз) нәтижесі 
болып табылады және басқа адамға 
ерекше әлеуметтік бағдар ретінде кө-
рініс табады. Эксперименттік түрде А.
байланудың және достық сезімі қа-
лыптасуының механизмдері ретінде 
зерттелінеді. Мұндай жағымды эмо-
циялық қатынас субъект пен қабылдау 
объектісі сипаттамаларының өзара 
ұқсастығынан, қарым-қатынас серік-
тері арасындағы жақындығы, олардың 
жиі кездесуі, олардың арасындағы 
ажырасу және т.б.; 2) өзара әрекетте-
су жағдайларынан (көмекшіл қаты-
нас, бірлескен іс-әрекет) және т.б. 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет