Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университтеті Педагогика факультеті осөЖ №1 МӘнжазба тақырыбы


Еліміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің қалыптасуы тарихи күрделі даму кезеңдерінен өтті



бет2/5
Дата15.12.2021
өлшемі22,41 Kb.
#101316
1   2   3   4   5
Байланысты:
ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт
Нұрбекқызы Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, 871613.pptx
Еліміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің қалыптасуы тарихи күрделі даму кезеңдерінен өтті. Оның мазмұны қоғам дамуының бағытбағдарына қарай жаңарып, заман талабына сай өзгеріп отырды. Тарих беттерін парақтайтын болсақ, 1917 жылы желтоқсан айында Кеңестік Халық ағарту комиссариатының баланың туылған сәтінен бастап, оны жан-жақты дамытуды іске асыру қажеттігі айтылған «Мектепке дейінгі тәрбие туралы» декларациясы жарияланды. 1919 жылғы Коммунистик партияның VIII сьезінде қабылданған бағдарламада бала тәрбиесі мәселесін жетілдіру мақсатында мектепке дейінгі мекемелердің желісін құру: ясли, бақша ашу міндеттері белгіленді. Сөйтіп осы жылы Кеңес халық ағарту комиссариаты балаларды тәрбиелеудің маңызды факторы ретінде мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын ұйымдастыру, әйелдерді социалистік құрылыстың барлық саларына тарту мәселесі қарастырылған «Біріңғай еңбек мектебінің ережесі» және мектепке дейінгі тәрбиенің негізгі қағидалары нақтыланған алғашқы «Инструкция по ведению очага и детского сада» нұсқаулығы ұсынылды. 1929 жылы Кеңес халық ағарту комиссариатының «Мектепке дейінгі мекеменің мектеппен байланысы және жұмысты жоспарлау туралы» әдістемелік хаты жіберілді. Осыдан кейін «Мектепке дейінгі мекемелерге арналған бағдарлама» әзірлеу жұмыстары қолға алына бастайды. Сөйтіп, 1932 жылы мектепке дейінгі педагогика және психология саласындағы ғалымдардың, педагог мамандардың қатысуымен мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының алғашқы жобасы әзірленеді. Кеңес Үкіметінде мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын жақсарту үшін балабақша жұмысының ғылыми негізделген бағдарламасын жасаудың маңызы зор болды. Әрбір бағдарламалық материал белгілі тарихи кезеңде пайда болып, мектепке дейінгі тәрбиенің теориясы мен практикасының дамуының деңгейін айқындап берді. Бұл құжат қызмет түрлеріне сәйкес мынадай бөлімдерден тұрды: қоғамдық-саяси тәрбие, еңбек тәрбиесі, музыкалық-қимылдық тәрбие, бейнелеу әрекеті, математика, сауат ашу. Осы Бағдарламаның шығуы мектепке дейінгі мекемелердің жұмыстарын реттеуге, педагог-тәрбиешілер қызметінің бағытын айқындауға және білімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Бірақ бағдарламадағы әрбір бөлімі бойынша қарастырылған біліктер мен дағдылардың көлемі шағын болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет