+ Т3, Т4, тиреотроптық гормонды зерттеу//
***
40 жастағы науқас әйелді бір жыл бойы АҚ 220/120 мм с.б. дейін тұрақты көтерілуі, басының ауыруы, аяқтардың кезеңді күрт әлсіздігі, тырысулар, полиурия, жүрек тұсында ауырсыну ұстамалары мазалауда. ААФ ингибиторлары мен гипотиазид әсер етпеген. Компьютерлік томографияда – оң жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ Кон синдромы//
***
Қабылдау бөліміне қантты диабеттің 1 типімен сырқаттанған науқас жеткізілді, салғырт, дел-сал тері жамылғысы құрғақ, тынысы шулы, ацетонның шамалы иісі бар, жүрек тондары әлсіз, тахикардия 110 рет мин. бірлі-екілі экстрасистолалар, АҚ 80/60 мм с.б., тілі құрғақ, ішін пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну, олигоурия. Шұғыл көмекті тағайындаңыз://
+ сағатына 10-12 ЕД қысқа әсерлі инсулин мен басқа көктамырға кристаллоидтарды енгізу//
***
Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм с.б.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Бір жыл аралығында АҚ ұстама тәрізді жоғарылауы байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздердің біреуінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған. Шұғыл көмек көрсетіңіз://
+ фентоламин//
***
57 жасар әйел, артық салмағы бар, 2-ші типті қантты диабетінен емделуде. Күніне 500 мг сиофор қабылдайды, диета сақтайды. (1200ккал/күніне). Айдың соңында оң жақ қабырға астындағы ауруды сезе бастады. ЧСС- 84 мин. АҚ-150/85 мм рт.ст. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы,орташа тығыздықта. Аш қарынға гликемиясы 9,2 -9,5 ммоль/л, 2 сағ.тамақтан кейін – 12,0 -14,2 ммоль/л. Эндокринолог - дәрігердің тактикасы://
+ сиофор дозасын сол қалпында қалдыру//
***
Иценко-Кушинг синдромы кезінде жоғарылайды://
//+ глюкокортикоидтар
***
Эндокринологқа 35 жасар әйел адам жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуі, тәбетінің төмендеуі, жиі лоқсу шағымдарымен қаралды. Дене салмағының төмендеуі аясында 2 ай аралығында етеккір циклінің аменорея түрінде бұзылысы байқалған. Соңғы айда бірнеше рет есінен тану жағдайлары болған. Анамнезінде туберкулезге байланысты нефрэктомия жасалған. Объективті: дене салмағының жеткіліксіздігі, тері мен ауыздың шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ – 70/40мм.с.б. Қанда: гемоглобин – 72 г/л, ашқарындық гипогликемия 2,9 ммоль/л дейін. Мүмкін болатын диагноз;//
Достарыңызбен бөлісу: |