Салмасыз вафлилер
рецептурасына май, қант және баска қоспалар
қосылып өндіріледі. Қодданылатын дәмдік қоспаларға байланысты бұл
вафлидің үш түрін ажыратады: ванильді, кофелі және шоколадты. Вафли
беттерін өндірісте қолданады (балмүздақты салу, торт дайындау).
Вафли сапасын пішіні (дұрыс, тегіс кырлы, ағындысыз); түсі (ашык
сарыдан сарыға дейін, біртекті); сьшуьшдағы күйі (жоғары шүрықты, салмасы
біртекті жайылған); дәмі мен иісі (жағымды), салмасыньщ күйі (біртекті.
түйірленбеген; майлы салма нәзік, майлы және жеңіл еритін) бойынша
бағаланады. Стандарттармен өлшемі, ылғалдылығы, қант пен май мөлшері
бекітіледі.
Ашыған, көгерген дәм мен иісті, ластаиған; үстағанда ылғалды, бетінде
зеңденген, салмалары ағьш кеткен, глазурі көпіріп кеткен, дақтары бар,
жарылған, түсі мен консистенциясы біртексіз, сонымен қатар пачка мен
қораптарда майланьш кеткен вафлиді өткізуге жіберілмейді.
Вафлиді 250 г-нан пачкаларған немесе пакеттерге, 1,5 кг дейін қораптарға
салады. Өлшеніп сатылатьш вафлиді 16 кг-нан жәшіктерге қатарлап, арасьша
қағаз төсеп салады. Вафлиді 18°С дейін температурада және 65-70%
салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау мерзімі: салмасыз
вафли - 3 ай, салмамен — 15 күннен 2 айға дейін (түріне байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: