Келтірілген жіктеу тауарлаоды топтастыруды негізгі шикізат бойынша
қарастырады, бірак оның жеке топтарын (дәмдік кондитерлік тауарлар,
майлар, тағамдық концевтраттар) бұл белгі бойынша қосуға болмайды. Бұл
классификация сауда тәжірибесіне жақын болғандыктан, оку орындарында
тауартану курсын оқуға ынғайлы және кеңінен қолданылады.
Топ шегінде тауарларды шикізат түріне, өндіру технологиясына,
рецешурасына, сапасына және басқа белгілеріне байланысты түрге, сортка, ал
кейде одан да майда жіктеу топтарына (нөмір, марка және т.б.) бөлінеді.
Мысалы жарманы дәнді дақыл түріне байланысты түрлерге беледі: қарақүмық,
тары, сұлы және т.б. Өндеу әдісіне байланысты жарманьгң әртүрлі түрі болады:
ажарланған, бүтін және майдаланған. Сапасына қарай жарма түрлері тауарлық
сорттарға бөлінеді: жоғары, 1-ші, 2-ші. Яғни тауарлық сорт тауардыц сапалық
белгілерімен анықталады.
Тауартануда кейбір тауар қатары үшін (жемістер, көкөністер, дақыл,
балық) биологияда қабылданған классификация қолданылады. Мысалы,
балыкты түкымға, текке, түрге бөледі, дакылдарды- түрге, сортқа бөледі.
Тауарлық сорттарға қарағаңда табиғи сорттар ботаникалык белгілер
бойынша топтастырылған және белгілі бір аттары бар. Мысалы, жемістердін
табиғи сорттары - помологиялық, жүзімдікі - ампелографиялық,
көкөністердікі - шаруашылық-ботаникалық деп аталады.
Саудада кейбір азык-түлік тауарларын шартты түрде бакалея және
гастрономдық деп топтастырады. Бакалеяға үн, жарма, крахмал, қант, макорон
өнімдері, шай және шай сусындары, кофе және кофе сусындары, түз, ашытқы,
сұйык май, сірке қышкылы, дәмдеуіштер жатады. Гастрономдыққа түтынуға
дайьш тауарлар - шүжықтар, қакталған ет, қакталған балық, ет және балық
консервілері, сырлар, сиыр майы, қоюландырылған сүт, шыныдағы, пакеттегі
сүт, алкогольді сусьшдар және кейбір түздықтар жатады.
Ассортимент
дегеніміз белгілі бір белгі бойынша біріктірілген тауарлар
жиынтығы. Ассортимент өндірістік және саудалық болып бөлінеді. Өндірістік
ассортимент белгілі бір кәсіпорынмен (кәсіпорын ассортимента) немесе белгілі
бір өндіріс саласында (сала ассортимента) шығарылатын бүйымдарды
біріктіреді. Саудалык ассортимент - көтерме немесе бөлшек желі арқьшы
еткізілетін тауарлар номенклатурасы. Ол кәсіпорын асеортиментіне (дүкен,
база) және тауарлық топ ассортиментіне (кондитерлік, сүт, ет және т.б.
тауарлар) бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: